Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
БЕКІТІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 114 қаулысымен
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Экономика және қаржы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.
Тармақ 10
10. Осы ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен экономика және қаржы бөліміне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджет кірісіне жіберіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
2-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру,
Тармақша 2
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимылда бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру,
Тармақша 3
3) аудан әкімінің және әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ атқарушы органдардың сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу саласындағы қызметін үйлестіру,
Тармақша 4
4) ауданның бюджет қаражатын және аудандық коммуналдық меншік объектілерін басқару;
Тармақша 5
5) аудандық бюджеттің атқарылуы, бюджеттік есепке алу саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық жасау болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Тармақша 2
2) міндеттері:
экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындайды;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Экономика және қаржы бөлімінің функциялары:
Тармақша 1
1) бюджетке түсетін түсімдерді болжауға қатысу және мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;
Тармақша 2
2) заңнаманы қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, өз құзыреті шегінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін талдау;
Тармақша 7
7) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін жергілікті бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру, бюджет шығыстарының лимиттерін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;
Тармақша 8
8) аудандық бюджетті әзірлеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерін іске асыру туралы әкімдік қаулысын әзірлеу;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін болжау;
Тармақша 11
11) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өз қызметін қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қорғаныс, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері бойынша шығыстарына қатысты бюджеттік сұранымдарын қарау, бағалау және қорытынды дайындау;
Тармақша 12
12) басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін әзірлеу;
Тармақша 13
13) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау.
Тармақша 14
14) аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 15
15) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ауданның бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджет ақшасын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты жасау және ұсыну.
Тармақша 16
16) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау және қаржы басқармасына, аудан әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына есептер ұсыну;
Тармақша 17
17) жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау, қаржы басқармасына ұсыну;
Тармақша 18
18) бюджеттік есепке алуды жүргізу;
Тармақша 19
19) бюджеттік жүйеде бюджеттік және бухгалтерлік есепті, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті дамытуға және жетілдіруге қатысу;
Тармақша 20
20) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша, төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) жылдық сомаларды, қаржыландыру жоспарларын ай сайын бөлуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепті жасау арқылы бюджет қаражатын игерудің бюджеттік мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;
Тармақша 23
Тармақша 24
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) Бөлім аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне, жеке меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне беру жөніндегі қабылдау-тапсыру актілерін бекітеді;
Тармақша 27
27) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті, олжаны, қараусыз қалған жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру меншік, құрамында мәдени құндылықтарға жататын заттар жоқ салымдар үлесі;
Тармақша 28
28) аудандық коммуналдық мүлікті облыстың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөніндегі; облыстың, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдау жөніндегі; аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақша 29
29) аудандық коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;
Тармақша 30
30) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де жылжымайтын мүліктің аудандық коммуналдық мүлік құрамында болуы туралы құжаттарды дайындау;
Тармақша 31
Тармақша 32
32) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 33
33) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншіктегі сметадан тыс алынған қазыналық кәсіпорындардың кірістерін есептеудің және аудандық бюджет кірісіне аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) акционерлік қоғамдардың аудандық коммуналдық меншікке жататын акцияларға дивидендтерді аудандық бюджет кірісіне есептеу мен аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің аудандық коммуналдық меншікке жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесіне таза табысының бір бөлігін аудандық бюджет кірісіне есептеу мен аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 36
36) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) аудандық коммуналдық меншік деңгейіне жататын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) аудан әкімдігі белгілейтін шаруашылық жүргізу құқығындағы Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін келісу;
Тармақша 38
38) аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 39
39) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, аудандық коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асыру: жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін дайындау, жекешелендіру облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастыру, жекешелендіру объектілерін жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлу; сауда-саттық өткізу мерзімдерін белгілеу; әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтардың шарттарын, нысандары мен түрлерін айқындау; жекешелендіру объектілерінің бастапқы, бастапқы және ең төменгі бағасын айқындау және бекіту; кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін айқындау; кепілдік жарналарын қабылдау және қайтару; сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, кредиторлық және дебиторлық берешек сомасы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісімшарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындау және ұсыну; сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламаларды жариялау және басқа да жарнамалық қызметті жүзеге асыру; сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 40
Тармақша 41
41) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, оны мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаларды жариялауға шарттар жасасу;
Тармақша 42
42) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 43
43) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікке бағалау жүргізу жөніндегі конкурстың жеңімпазымен шарттар жасасу;
Тармақша 44
44) сауда-саттық (аукцион, тендер, бағалы қағаздарды сату), тікелей атаулы сату арқылы аудандық коммуналдық мүлікті сатуды ұйымдастыру;
Тармақша 45
45) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға (қарызға) беру; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз беру құқығымен сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
Тармақша 46
46) аудандық коммуналдық мүлікті тендер шарттарында сенімгерлік басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
Тармақша 47
47) аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату шарттарын; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз беру құқығымен аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын; аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын жасасу коммуналдық мүлікті меншікке берместен немесе сатып алусыз; аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) шарттарын жасасу;
Тармақша 48
48) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару; өтеусіз пайдалану (несие) шарттары талаптарының орындалуын жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 49
49) аудандық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру), сенімгерлік басқаруға беруден түсетін ақшалай қаражаттың аудандық бюджет кірісіне толық және уақтылы түсуіне бақылау жасау, берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 50
50) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, инвестициялық саясат және ауылдағы әлеуметтік сала бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 51
51) ауылдық аумақтарды дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру; ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу және талдау; әзірленген нормативтер мен ауылдық қоныстанудың оңтайлы схемасы негізінде аудан аумағында көші-қон ағындарының мониторингін жүргізу; ауылдық аумақтарды дамытуды паспорттау және мониторингтеу бойынша жиынтық материалдар дайындау;
Тармақша 52
52) «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 53
53) «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығымен бекітілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35003 болып тіркелген);
Тармақша 54
54) өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша талдау, мониторинг және есептілік жүргізу.
Тарау 3. 3-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің
бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Экономика және қаржы бөліміне басшылықты экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Экономика және қаржы бөлімінің басшысын аудан әкімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Экономика және қаржы бөлімі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Экономика және қаржы бөлімі басшысының өкілеттігі:
- экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін ынталандыру және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
- экономика және қаржы бөлімінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
- экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
- өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапты болады.
Экономика және қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі
4-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі
Тармақ 21
21. Экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, экономика және қаржы бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.