Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства акимата города Костаная» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабының 2 – тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 124 – бабының 18 – бабының 8) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 07 қыркүйектегі № 1857 «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін және «Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 03 шілдедегі № 1356 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысының күштері жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «5» мамыр № 893 қаулысымен бекітілді «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ) индустриялық-инновациялық даму, туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы, тұтыну нарығы және механикаландыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруда қатысу;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыстарын талдау және болжау;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге мақсаттар.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрату және алу; басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту; «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік органдарда, сотта атынан өкілдік ету.
Тармақша 2
2) міндеттері: өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру, актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) аймақта шағын және орта бизнесті және инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 4
4) сараптамалық кеңестерді қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Қостанай қаласында туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіруді жүргізу;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 7
7) сауда саласындағы заңнаманың сақталуын, оның ішінде сауда қызметі субъектілерінің өз құзыреті шегінде азық-түлік және басқа тауарларға шекті бағалардың мөлшерінен асып кетуін мониторинг және бақылау жүргізу;
Тармақша 8
8) Қостанай қаласының аумағын даму бағдарламасын талдау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) беру;
Тармақша 12
12) Қостанай қаласында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
Тармақша 13
13) көрме-жәрмеңкелік қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылықты «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлерін көтермелеуді (материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды) жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 7
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асырады. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.