О предоставлении санаторно-курортных путевок ветеранам Великой Отечественной войны, труженикам тыла и инвалидам от общего заболевания Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тылдағы еңбеккерлерді және жалпы ауру мүгедектерін әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 1758 Қаулысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 6 бабынын 1-тармақтағы 1-тармақшасын және Қазақстан Республикасынын 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 321 Заңын басшылыкқа ала отырып, Алматы облыстык Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тылдағы еңбеккерлерді және жалпы аурудың мүгедектерін санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз ету туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алулар бөлімі (Е.С.Түймебаев) облыс аумағында орналасқан санаторийлардан санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып алуды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халыкты әлеуметтік қорғау басқармасы ( Н.Д.Бөлекбаева) санаторлық-курорттық жолдамаларды сатып алуды және оның соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектерге берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы ( М.А.Сәтқалиев) санаторлық-курорттық жолдамаларға ақы төлеу үшін уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бipiнші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 6
Алматы облыстық Мәслихатының
2003 ж. «15» шілде
№ 35-205 шешіміне қосымша
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбекерлеріне және жалпы ауру мүгедектеріне санаторлық-курорттық жолдама беру туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 29- желтоқсандағы «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 1758 қаулысына және облыс Әкімінің, 2002 жылғы 15-сәуірдегі № 4-76 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және жалпы ауру мүгедектерін санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз етудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жекелеген санаттағы азаматтарды санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мекемелер Қазақстан Республикасының 2002 ж. 16-мамырдағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» № 321 Заңына сәйкес анықталады.
Тарау 2. 2. Жолдамаларды есепке алу және беру тәртібі
2. Жолдамаларды есепке алу және беру тәртібі
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық жолдама датасы, емдеген дәрігердің тиicтi нұсқамасымен медициналық мекеменің қорытындысын көрсете отырып жазылған өтініштің негізінде беріледі.
Тармақ 4
4. Жолдамалар бөлуді еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық Ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жолдамаларды рәсімдеу және беру аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері сенімхатының және емдеу мекемесі берген санаторлық-курорттық карта негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Есепке алу, өтініштерді және алушының қолын қойғыза отырып берілген жолдамаларды журналға тіркеу аркылы жүргізіледі (№ 1 қосымша).
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 7
7. Жолдамаларды сатып алу облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Санаторлық-курорттық жолдамаларды есепке алу тәртібі
4. Санаторлық-курорттық жолдамаларды есепке алу тәртібі
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында санаторлық-курорттық жолдамаларды есепке алу жолдама келіп түскен ұйымдардың кipic құжаттарының (үстеме шығындар (накладные), шоттар ) негізінде, оларды сақтауға қабылдап алғандардын, қол хаты мен жүзеге асырылады.
Басқа 19
Ұлы Отан соғысының apдагерлерін,
тылдағы еңбеккерлерді және жалпы
ауру мүгедектерін санаторлық-курорттық
жолдамамен қамтамасыз ету туралы
Ережелерге № 1 қосымша
Қабылданған өтініштерді және берілген жолдамаларды тіркеу Журналы
№
Аты-
жөні
Алушының
дәрежеci
Үйінің
мекен-жайы,
телефоны
Өтініш
қабылданған
дата
Дәрігердің нұсқауымен жіберілген санаторий
Жолдаманың
берілген
датасы
Жолдаманы
алушының
қолтаңбасы