Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков Майского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Май ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын; осы қаулыны Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Май ауданы әкімідігінің 2022 жылғы «26» мамыр № 102/5 қаулысымен бекітілген «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі) Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық мекемесі: Май ауданы әкімдігінің «Май ауданы ішкі саясат бөлімінің «АРМАНДАСТАР» жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, М.Маметова көшесі 38/3.
Тармақ 10
10. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Заңды тұлғаның толық атауы мемлекеттік тілде – «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде- государственное учреждение «Отдел внутренней политики и развития языков Майского района».
Тармақ 12
12. Мемлекет Май ауданы әкімдігі тұлғасында «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгеленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
2. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мақсаты: Ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге, ауданның мемлекеттік органдарымен ішкі саясат және тілдерді дамыту саласында жалпы дамуын қамтамасыз етуге, әрекеттесуге, аудандағы қоғамдық – саяси ахуалды, саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметін бақылауға, талдауға, болжауға және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
Тармақ 17
17. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің нысанасы ішкі саясат және және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға, ішкі саяси процестерді реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістердің демократизациялануын және қоғамның бірігуін қамтамасыз ету бойынша әрекеттесу;
Тармақша 2
2) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара әрекеттесу және қолдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік саясатты жүргізуге жағдай туғызуға, ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру бойынша аудандық бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға бағытталған жағдайларды тудыру бойынша шараларды әзірлеу;
Тармақша 4
4) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты бақылау, болжау және объективті зерттеу жүйелерін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) ауданда тұратын халықтардың тілдері мен мемлекеттік тілді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 6
6) Май ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайын талдау және мониторингілеу. 19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісе отырып, белгіленген тәртіпте «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
Тармақша 3
3) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 4
4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) ауданда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының, жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі артықшылықтарын түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын, аталған бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 5-1
5-1) Азаматтарды қандай да бір белгілер бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 5-2
5-2) «Рұқсаттар мен хабарламала туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қаруды жүзеге асырады.
Тармақша 5-3
5-3) Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше атауларын дұрыс жазу және орналастырылуын келісуді жүзеге асыру.
Тармақша 6
6) ішкі саяси саладағы, этникааралық қарым-қатынас, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды дайындау және іске асыруға қатысады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 8
8) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 9
9) Май ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезегімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды насихаттау, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) аудандағы отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 14
14) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістеріне «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарын, талдамалы жазбахаттарын, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдірістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;
Тармақша 15
15) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, саяси үрдістерді демократизациялауға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысады;
Тармақша 16
16) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланысты орнату және үнемі дамыту;
Тармақша 17
17) ведомствоға қарасты ұйымға әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша консультативтік-кеңестік органдардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 21
21) ауданда болып жатқан қоғамдық үрдістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Тармақша 22
22) Май ауданы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің орналастыруын, орнатуын бойынша мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) аудандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 21
21. Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 22
22. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке Май ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
Тармақ 23
23. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 24
24. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігінің бекітуіне «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;
Тармақша 2
2) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді және оған тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 5
5) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді және бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді;
Тармақша 9
9) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін іссапарға жібереді;
Тармақша 11
11) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым - қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі тиісті саласының уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Тармақ 27
27. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі еңбек ұжымы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіледі.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi
4. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi
Тармақ 28
28. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 30
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31
31. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қысқартылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғыннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
Тармақ 33
33. «Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағында Май ауданы әкімдігінің «Май ауданы ішкі саясат бөлімінің «АРМАНДАСТАР» жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.