Об утверждении Правил удостоверения полномочий представителей общественных объединений Республики Казахстан, наблюдателей от иностранных государств и международных организаций при проведении республиканского референдума Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Референдум комиссиялары республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылармен жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 40/501 қаулысымен бекітілген Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар республикалық референдум өткізілетін күні дауыс беруге арналған учаскелерде қатыса алады.
Тарау 2. 2-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің өкілеттіктерін куәландыру
2-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің өкілеттіктерін куәландыру
Тармақ 3
3. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған учаскеге өкілдерді жіберетін қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелуге тиіс.
Тармақ 4
4. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ғана қоғамдық бірлестіктің өкілі бола алады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық бірлестік өкілінің өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылады. Бұл құжат өкілін жіберген қоғамдық бірлестіктің мөрімен расталады.
Тармақ 6
6. Өкілеттіктері туралы құжат учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға қоғамдық бірлестік өкілінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.
Тармақ 7
7. Бір қоғамдық бірлестіктен бір мезгілде дауыс беруге арналған учаскеде бір өкіл болуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру
3-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру
Тармақ 8
8. Шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының өкілеттіктері Орталық референдум комиссиясы берген аккредиттеу куәлігімен куәландырылады.
Тармақ 9
9. Аккредиттеу куәлігі учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.
Тарау 4. 4-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру учаскесінде тіркеудің күшін жою
4-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру учаскесінде тіркеудің күшін жою
Тармақ 10
10. Қоғамдық бірлестіктің өкілі, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушы учаскелік референдум комиссиясының жұмысына араласқан, учаскелік референдум комиссиясы белгілейтін дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларын бұзған жағдайда тиісті учаскелік референдум комиссиясы дауыс беруге арналған учаскеде қоғамдық бірлестіктің өкілін, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушыны тіркеудің күшін жояды.