Об утверждении Правил хранения документов всенародного референдума Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы «Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Референдум комиссиялары республикалық референдум құжаттарын сақтау жөніндегі жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20__ жылғы «__» __________ қаулысымен бекітілген Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары «Жалпыхалықтық референдум туралы» Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау тәртібін айқындайды.
Тарау 2
2-тарау. Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясында (бұдан әрі – Орталық референдум комиссиясы) мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсырылуға тиіс: Орталық референдум комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары; астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссияларының референдум нәтижелері туралы хаттамалары; Орталық референдум комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Тармақ 3
3. Астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссиялары Орталық референдум комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарында референдум қорытындылары туралы хабары жарияланғаннан кейін астананың, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттік архивтеріне: аумақтық референдум комиссияларының қаулылары мен хаттамаларын; аумақтық референдум комиссияларына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сақтауға тапсырады.
Тармақ 4
4. Учаскелік референдум комиссиялары отырыстарының хаттамалары, азаматтардың хаттары, ұсыныстары, өтініштері және басқа да құжаттары кейіннен мемлекеттік архивтерге тапсыра отырып, тиісті аумақтық референдум комиссиясында сақталуға тиіс.
Тармақ 5
5. Әскери бөлімдерде құрылған учаскелік референдум комиссияларының құжаттары әскери бөлімдердің істерінде сақталады.
Тармақ 6
6. Дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, сондай-ақ жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың референдум комиссиялары Орталық референдум комиссиясына тапсырады, онда референдум қорытындылары жарияланғаннан кейін бір ай бойы құпия ақпарат құқығында сақталады, кейіннен жойылады.
Тармақ 7
7. Сақтауға жатпайтын құжаттар белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылады.
Тармақ 8
8. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөлшектерге майдалау, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бөгде адамдарды жойылған құжаттармен таныстыруға, олардың мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндей толық жоймауға жол берілмейді.