Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных товаров, работ, услуг и их поставщиков Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжатты электрондық цифрлық нысанда толық түрін және ақпаратын (деректерін) баяндайтын құжат;
Тармақша 2
2) портал – «Қазақстандық қамту» интернет-порталының ақпараттық жүйесі;
Тармақша 3
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
Тармақша 4
4) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі - берушілер) - отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтты (бұдан әрі – Ұлттық институт) қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Дерекқор www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша порталда орналастырылады.
Тармақ 5
5. Дерекқорды қалыптастыру:
Тармақша 1
1) отандық өнім берушілер көрсететін жұмыстарды және қызметтерді;
Тармақша 2
2) Қазақстанда шығарылған «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар берілген тауарларды;
Тармақша 3
3) отандық тауар өндірушілердің және отандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесін;
Тармақша 4
4) құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының отандық тауар өндірушілерінің тізілімін;
Тармақша 5
5) жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімін қамтиды.
Тармақ 6
6. Дерекқор өнім берушілерді дерекқорға тіркеу арқылы электрондық түрде қалыптастырылады.
Тармақ 7
7. Дерекқорға (отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізілімі мен жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімін қоспағанда) тіркелу үшін өнім беруші:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушінің сауалнамасын электрондық түрде толтырады;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойныша тауарлар туралы ақпаратты және/немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты электрондық түрде толтырады;
Тармақша 3
3) тауарлар үшін: егер өнім сәйкестіктің міндетті бағалануына (расталуына) жататын болса, өнімнің сәйкес келуін бағалау (растау) туралы құжатты қоса береді; «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23514 болып тіркелген) сәйкес шығарылған немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға берілетін «СТ-КZ» нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатты қоса береді;
Тармақша 4
4) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы (заңды тұлғалар үшін); «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) рұқсаттама немесе хабарлама тәртібі енгізілген кезде рұқсаттаманы немесе хабарламаны қоса береді; жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес келген кезде сапа менеджменті жүйесінің сертификатын қоса береді; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпаратын қоса береді.
Тармақ 8
8. Отандық тауар өндірушінің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасын толтырады.
Тармақ 9
9. Жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілетін жиһаз өнімі туралы сауалнаманы электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады.
Тарау 3. 3-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын жүргізу тәртібі
3-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын жүргізу тәртібі
Тармақ 10
10. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды Ұлттық институт жүргізеді.
Тармақ 11
11. Дерекқор жүргізу:
Тармақша 1
1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізуді;
Тармақша 2
2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастауды;
Тармақша 3
3) дерекқорды порталға орналастыруды қамтиды.
Тармақ 12
12. Деректерқорды жүргізуді Ұлттық институт мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өнім берушіні тіркеу туралы ақпаратты оны алған сәттен бастап он жұмыс күнге дейінгі мерзімде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады;
Тармақша 2
2) қарастыру нәтижелері бойынша екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде: ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға өнім берушіні тіркейді; ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өнім берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайына дерекқорға тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 13
13. Дерекқорға енгізілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді өзектілендіруді (жаңартуды) беруші тұрақты негізде жүргізеді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларда көзделген, өзгертілген мәліметтерді өнім беруші осындай өзгерістер күшіне енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дерекқорға енгізеді.
Тармақ 15
15. Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Ұлттық институт мынадай:
Тармақша 1
1) берушіден оның қызметі тоқтатылғаны (уақытша тоқтатылғаны) туралы ақпарат алынғаннан кейін;
Тармақша 2
2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) дерекқорда тіркеуге негіз болып табылған өзектілендірілген (жаңартылған) құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылмаған жағдайда;
Тармақша 4
4) дерекқорға тіркеуге негіз болып табылған берушінің жалған мәліметтер ұсыну фактілері айқындалған жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 14-тармағын сақтамаған кезде Ұлттық институт өнім берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайына оны дерекқордан алып тастау туралы еркін нысандағы хабарламаны жібереді.
Тармақ 17
17. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді дерекқорда тіркеу мақсатында берушіде «Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12181 болып тіркелген) сәйкес алынған электрондық цифрлық қолтаңбасы болу қажет.
Басқа 1. Берушінің сауалнамасы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Берушінің сауалнамасы 1. Заңды/жеке тұлғаның* мемлекеттік тілдегі атауы 2. Заңды/жеке тұлғаның* орыс тіліндегі атауы 3. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан 4. БСН/ЖСН* 5. Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың/хабарламаның нөмірі * 6. Тіркеу/қайта тіркеу күні* Нақты мекенжайы 7. Елді мекен (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, облыс)* 8. Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде* 9. Көше, үй, кеңсе орыс тілінде* 10. Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)* 11. Факс (облыстың кодын қоса алғанда)* 12. Web-сайт 13. ЭҚЖЖ қызмет түрлері мемлекеттік тілде* 14. ЭҚЖЖ қызмет түрлері орыс тілінде* 15. Жобалық жылдық өдірістік қуаттылық заттай көріністе * 16. Персонал саны, (саны) 17. Қазақстан Республикасының азаматтары (саны)* 18. Байланысушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы* 19. Байланысушы тұлғаның телефоны (облыс кодын қоса алғанда)* 20. Берушінің және байланысушы тұлғаның электрондық мекенжайы* 21. Электрондық поштаға хабарлама алуға келісім* Ескертпе: * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Басқа 2. Тауарлар туралы ақпарат
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Тауарлар туралы ақпарат 1. ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нышан деңгейінде)* 2. МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі* 3. Тауардың мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы * 4. Тауардың орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы * 5. Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі 6. Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәйкестігі мемлекеттік тілде 7. Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәйкестігі орыс тілінде 8. CT-KZ сертификатының нөмірі* 9. CT-KZ сертификатының берілген күні * 10. CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы елішілік құндылық (%) * 11. Өзге сертификаттар мен қорытындылар 12. Өнімге сапа кепілдігі (өндіруші кепілдігі және жұмыстардың кепілдік мерзімдері)* Ескертпе: * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші; МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар жіктеуіші; МЕМСТ – мемлекеттік стандарт; ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты; ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО (International Organization for Standardization, ISO): API – Американдық мұнай институтының стандарты (American Petroleum Institute, API) ASTM – ASTM International (American Society for Testing and Materials) материалдарға, өнімдерге, жүйелерге және қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.
Басқа 3. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 1. ЭҚТ ӨЖ бойынша орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) коды* 2. Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы* 3. Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы * 4. Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) елішілік құндылық үлесі, %* 5. Рұқсаттама және хабарлама құжатының нөмірі және қолдану мерзімі 6. Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелеріне кепілдік мерзімі 7. Жұмыстардың/ көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары туралы қосымша ақпарат 8. Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты Ескертпе: * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші
Басқа 4. Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 4-қосымша Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты 1. Қызметкерлердің жалпы саны:* олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары:* олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматы еместері:* Ескертпе: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатыны туралы жұмыстарды/көсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.
Басқа 5. Отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасы № р/с Толтыру міндетті бағаналар 1. Бөлім Тарау Кіші тарау Топ Құрылыс материалдарының, жабдықтардың, бұйымдардың және конструкцияларының атауы Стандарттың атауы СЭҚ ТН Сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі Сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі 2. Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсетілуі) БСН/ ЖСН Орналасуы (заңды / нақты мекенжайы) Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Басқа 6. Жиһаз өнімдерін отандық тауар өндірушінің сауалнамасы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Жиһаз өнімдерін отандық тауар өндірушінің сауалнамасы р/с № Толтыру міндетті бағаналар 1. Жиһаз өнімнің атауы Стандарттың атауы СЭҚ ТН Индустриялық сертификатының тіркеу нөмірі Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі 2. Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсету) БСН/ ЖСН Орналасқан орны (заңды / нақты мекенжайы) Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы Аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Басқа 0. Күші жойылған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың тізбесі
бұйрығына қосымша Күші жойылған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 721 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17998 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19992 болып тіркелді).