Об образовании Дисциплинарного Совета Карагандинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңісін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің кейбір мәселелері» № 1311 қаулысын орындау үшін:
Тармақ 1
1. Құрамында 8 мүшесі бар Қарағанды облысының тәртіптік кеңесі құрылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың тәртіптік кеңесі және оның жұмысшы органы Хатшылық туралы Ереже бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс әкімі аппаратының басшысы (А. Е. Базарбаев) облыс әкімі аппаратының шығыстар сметасы есебінен облыстың тәртіптік кеңесінің және оның жұмысшы органы Хатшылықтың материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық тәртіптік кеңес төрағасы О. Н. Асылбаевқа жүктелсін.
Басқа 1. Қарағанды облысы тәртіптік кеңес мүшелерінің ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы облыстық әкімиятының 2003 жылғы 30 шілде «Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесін құру туралы» № 12/03 қаулысына 1 қосымша Қарағанды облысы тәртіптік кеңес мүшелерінің ҚҰРАМЫ № Т. Ә. А. Лауазымы 1. Асылбаев Олжабай Науытбекұлы -Кеңес төрағасы 2. Аманбаев Қали Әлібайұлы -Дербес зейнеткер 3. Чернов Дмитрий Дмитриевич -облыстық мәслихат депутаты (келісім бойынша) 4. Дридж Николай Александрович -Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ПКК кафедрасының профессоры 5. Ақышев Күмісбек Шолпанұлы -Қарағанды облысы бойынша қаржылау бақылау комитеті басқармасының бастығы (келісім бойынша) 6. Айкенов Марат Оршанұлы -Қарағанды облысы бойынша әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша) 7. Ахметжанов Сәбит Сұлтанұлы -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігі Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы (келісім бойынша) 8. Тілеухан Рамазан -Қарағанды облысы бойынша қаржылық департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 2. Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі туралы Ереже
2 Қосымша «Қарағанды облысы әкімиятының «Облыстың тәртіптік Кеңесін құру, Кеңес және оның жұмыс органы Хатшылық туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 30 шілдедегі №12/03 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкіміятының 2004 жылғы «27» шілдедегі № «15/06» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңесі туралы Ереже Осы Ереже Қарағанды облысы Тәртіптік Кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін және оларды ұйымдастыруды әрі қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Тәртіптік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) оның қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жәніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) үйлестіретін, бақылайтын және тексеретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, осы Үлгі ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық әрі әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) облыс, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) және мемлекеттік ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қызметтік этика ережесін бұзғаны немесе сыбайлас жемқорлық жасап құқық бұзғаны ұшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар еңгізу;
Тармақша 2
2) әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 9-тармағына аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережесі талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқараралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережесінің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) Агенттіктің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың және осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдардың Қызметтік этика ережесін сақтауының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар еңгізу.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімият құрады әрі ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергілікті жұртшылық өкілдері және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңестің мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиіс. Кеңестің төрағасын әкім Агенттік төрағасымен келісім бойынша қызметке тағайындайда және қызметтен босатады әрі ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына теңестіріледі. Кеңес төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Әкім аппараты жалпы санының есебінен құрылатын оның хатшылығы Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын әкім Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша белгілейді. Облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі лауазымына теңестірілетін Кеңестің хатшысы Кеңес хатшылығының меңгерушісі болып табылады. Хатшылықтың қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Кеңестің мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және мәжілістерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 5
5. Кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жеке құрамы бойынша ұсыныстарын әкімнің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілістерін шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелері ішінен Кеңес мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Агенттік алдында Кеңес жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп береді;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын әкімді Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестің мәжілістері:
Тармақша 1
1) егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде екі айда бір рет өткізіледі.
Тармақша 3
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемелекеттік құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешімі және Агенттікпен келісім бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес оның мүшелерінің мәжіліске қатысқан санының қарапайым көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағда йда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мәжіліске Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілістерінде мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 2
2) қолданытағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардан ауызша және жазбаша түсіндірме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес заңнама нормаларын және Қызметтік этика ережесін бұзуы фактілері бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргізу туралы мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Агенттіктің аумақтық органдарымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы теріс қылықтарды қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Тармақ 8-1
8-1. Кеңестің жұмыс органы өз құзыреті шегінде кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізеді, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметтік этика ережесін бұзуға жол берген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалардың, кеттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті сот кеңселерінің (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік органдардағы, жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жалпы үлесі кемінде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттік Күзет қызметі мен Республикалық ұлан қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның және Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арықдарын, сондай-ақ бұқараралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргізуді ұсынуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істі ол іс қозғауға қабылданған күнінен бастап екі аптаға дейінгі мерзімде Кеңес қарауы тиіс. Кеңестің отырысында тәртіптік істі қарағанға дейін оныңн хатшылығымен алдын-ала бір айға дейінгі мерзімде іске қатысты мән-жайлар мен мәліметтер зерделенетін тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын адамдардан жазбашат түсініктемелер талап етіледі, ал кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтеді.
Тармақ 12
12. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдам мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;
Тармақша 2
2) шын мәнінде шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібереді;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтатады.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен осы адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жіберілгені туралы Агенттікті хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемелкеттік қызметшілер мен осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген өзге де адамдар оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағым беруге құқылы.
Тармақ 15
15. Кеңес пен оның хатшылығы қызметін материалдық-техникалық ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.