Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта акимата Амангельдинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2022 жылғы «16» мамырдағы № 118 қаулысымен бекітілген «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру қызметін жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Амангелдi ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Амангелдi ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлімінің «Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Амангелдi ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) Амангелдi ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Дүйсенбин көшесі, 38.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: мемлекет саясаты бойынша Амангелдi ауданының көлемiнде мәдениет, өнер және демалысын пайдалануды ұйымдастыру мақсатында тұрғындардың мәдени деңгейiн көтеру және дамыту үшiн, мәдениет, өнер және демалыс пайдалану жұмыстарын жүргiзу; аудан мәдениетiнiң дамуы туралы бағдарлама мен тұжырымдама дайындап аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну, аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу, мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік – экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету, жастар саясаты саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру, материалдық-техникалық базаны нығайту және қалпына келтіру, инфрақұрылымды дамыту; жобаланған бағдарламаның орындалу мақсатында мәдениет, өнер және демалыс мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру; ауданның мәдени-ағарту және демалыс мекемелерi мен кәсiпорындарына басшылық жасау; аудан көлемiн мекендейтiн барлық халықтардың ұлттық мәдениетiн дамыту және сақтау өзара қарым-қатынасын қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау; басқа Республикалар, облыстар, аудандардың мәдени ұжымдарымен шығармашылық байланыстар жасау, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынас және достастық негiзiнде шет елдiк әрiптестермен тәжiрибе алмастыру; көркемөнерпаздар шығармашылығын насихаттау және дамыту, халықтық, ұлттық көркем кәсiпшiлiкпен қолөнердi қайта құру, халық ауыз әдебиетiн сақтау және дамыту, ұлттық мерекелермен салт-дәстүрлердi, ұлттық мәдениеттi тұтасымен қорғау және тарихи-мәдени мұраларды пайдалану, тұрғындарға видео және кино көрсету қызметiн жүргiзуге бақылау жасау; тарихи және мәдени ескерткiштердi пайдалануды ұйымдастыру және қорғау жұмыстарын жүргiзу; мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халықтарының өзге тiлдерiн дамыту; Қазақстан Республикасының Заңдамасына қайшы келмейтiн ішкі саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлiмiнiң мiндетi мен мақсаты бойынша басқа да қызмет түрлерiн жасайды.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда білдіру; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру; мәдениет мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары: аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу; мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру; қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау; әлеуметтік – экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету; мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдік қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі есептерді даярлау және бақылауды жүзеге асырады; бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауды ұйымдастырады; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, мекемелерге сай келетін бөлімге жүктелген ақпараттық міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде ақпарат ала алады; қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, Бөлімнің мақсаты мен міндетіне жауап беретін басқа функцияларды орындайды.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасауды жүзеге асырады, мекемеге жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауапкершілікті мойнына алады;
Тармақша 2
2) өзінің қызметкерлерiнің жауапкершілік дәрежесін белгілейді және міндеттерін анықтайды;
Тармақша 3
3) мекеме қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мекеме қызметкерлері орындауға міндетті, құқықтық актілерді шығарады;
Тармақша 6
6) оның құзыретіне қатысты, басқа да мәселелерге шешім қабылдайды.
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен азаматтардың жеке қабылдауын, өтініштерін, шағымдарын және хаттарын қарауды жүргізеді. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.