О координационном совете по делам молодежи при акиме города Қолданыста
Басқа 0
Қала әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бап 1 тармақ 5 тармақшасына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күресуде және қылмыстың алдын алуда құқық қорғау органдарына жәрдем беру үшiн жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерiн тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес полицияға жәрдемдесетiн студент жастардың жедел құрама отрядының (бұдан былай - Отряд) қызметiн ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Екiбастұз қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (С.Ә.Ергебаев) Отрядқа практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Келiсiлдi:
Екiбастұз қалалық
iшкi iстер бөлiмiнiң
бастығы
С. Ергебаев
Басқа 4. Полицияға жәрдемдесетiн студент жастардың жедел құрама отрядының қызметiн ұйымдастыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Екiбастұз қаласы әкiмiнiң
2003 жылғы "11"желтоқсан
"Полицияға жәрдемдесетiн студент
жастардың жедел құрама отрядының
қызметiн ұйымдастыру қағидалары
туралы" № 61 шешiмiмен
бекiтiлдi
Полицияға жәрдемдесетiн студент жастардың жедел құрама отрядының қызметiн ұйымдастыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Полицияға жәрдемдесетiн студент жастардың жедел құрама отряды (бұдан былай - Отряд) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерi арасынан құрылады, студент жастардың қоғамдық тәртiп пен кәсiби даярлықты нығайтуға қатысуының бiр түрi және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күресуде және қылмыстың алдын алуда құқық қорғау органдарына жәрдем беру жөнiндегi ерiктi бөлiмше болып табылады. Отрядты ұйымдастыру мен қызметiнiң тәртiбi осы қағидалармен реттеледi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да нормативтi құқықтық актiлер Отрядтың негiзгi құқықтық қызметi болып табылады.
Тармақ 3
3. Отряд Екiбастұз қаласында орналасқан жоғары және орта арнаулы оқу орындары жанынан құрылады.
Тармақ 4
4. Отрядты жалпы басқару және қызметiне бақылау жасау отряд мүшелерi арасынан сайланған және оқу орны жастар Кеңесiнiң мүшесi болып табылатын командир жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Отрядтың күнделiктi қызметi Екiбастұз қалалық iшкi iстер бөлiмi (бұдан былай - ҚIIБ) кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi бөлiмшесiмен (бұдан былай - КТБ) ұйымдастырылады, жiберiледi және үйлестiрiледi.
Тармақ 6
6. Отрядқа жасы он сегiзге толған және оқу орындарында оқитын жiгiттер мен қыздар қабылданады.
Тармақ 7
7. Заң қызметiне қарсы келгендер, Отряд мүшелерiнiң жүктелген мiндеттемелерiн орындауларына байланысты, олардың өмiрiне қол сұғып, денсаулығына қастандық жасағандар, ар-намысын таптағандар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Отрядтың негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
2. Отрядтың негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
Тармақ 8
8. Отрядтың негiзгi мiндетi қаланың қоғамдық орындарында және көшелерде жастар мен жасөспiрiмдер арасында құқық бұзушылықпен күресуде, қоғамға қарсы iс-қимылдардың, балалар қараусыздығы мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда iшкi iстер органдарына жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 9
9. Отряд кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi бөлiмшенiң инспекторлық құрамымен бiрге қолданылып жүрген заңнаманы басшылыққа алады.:
Тармақша 1
1) азаматтардың көпшiлiк дем алатын жерлерiнде және мәдени-көпшiлiк, спорттық шараларды өткiзгенде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысады;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдарына жастар мен жасөспiрiмдер арасында жекеленген қылмыс түрлерiмен күресуде, кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жеке алдын алу жұмысын жүргiзуде, құқық бұзушылықты болдырмауда құқық қорғау органдарына жәрдем беру;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың тәртiбiн түзету, оңалту, оларды қайта тәрбиелеу және қоғамдық жұмысқа тарту, кәмелетке толмағандардың криминогендi белсендiлiгiн төмендету, бас еркiнен айрылу орнынан оралған кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк сауықтыру бойынша жұмыстарды iске асырады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Отряд жұмысын құру тәртiбi, құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру
3. Отряд жұмысын құру тәртiбi, құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Отряд қағидаларға сәйкес құрылады және жасы он сегiзге толған, дене тәрбиесi дайындығынан өткен, оң мiнездеме берiлген студенттер қатарынан құралады.
Тармақ 11
11. Отряд мүшелiгiне қабылдау ерiктi түрде, қабылданатын адамның жазбаша хаты негiзiнде, жеке тәртiпте өтедi.
Тармақ 12
12. Екiбастұз қаласының аумағында орналасқан оқу орындарының студенттерi Отряд мүшелерi болып табылады.
Тармақ 13
13. Iрiктеуден өткен Отрядтың әрбiр мүшесiне белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
Тармақ 14
14. Отряд бекiтiлiп берiлген учаскелерi бойынша бөлiнген жұмылдыру топтарынан құрылады.
Тармақ 15
15. Отрядты командир басқарады, ал ол жоқ болса, командирдiң орынбасары басқарады.
Тармақ 16
16. Отряд командирi Отряд мүшелерi арасынан сайланады.
Тармақ 17
17. Командир:
Тармақша 1
1) Отрядтың жұмысын жоспарлайды, оған тiкелей басшылық жасайды, құжаттама жүргiзедi;
Тармақша 2
2) Отряд мүшелерiмен жұмыс түрi мен әдiстемесiн, қолданылып жүрген заңнама негiздерiн, дене тәрбиесiне дайындық сабақтарын оқып-үйренудi ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Отряд жұмысын бақылайды, аттестацияны ұйымдастырады, Екiбастұз ҚIIБ КТБ басшылығы алдында белгiлi мерзiм iшiнде атқарған жұмысы туралы есеп бередi;
Тармақша 4
4) ерекше көзге түскен Отряд мүшелерiн мадақтауға ұсынады;
Тармақша 5
5) Екiбастұз қIIБ бастығына жастар мен жасөспiрiмдер арасындағы қоғамдық тәртiптi жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жасайды.
Тармақ 18
18. Жұмылдыру тобы басшылары арасынан Отряд кеңесi құрылады, оны Отряд командирi басқарады.
Тармақ 19
19. Отряд Кеңесi Екiбастұз ҚIIБ кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi бөлiмшемен бiрлесiп, жұмысты талдау, жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шараларды қолдану, басқа да проблемаларды сараптап және шешу үшiн тоқсанына бiр рет мүдделi адамдарды шақыра отырып, мәжiлiс өткiзедi.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Отряд мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары
4. Отряд мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 20
20. Отряд мүшесi мынаған мiндеттi:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi сақтауда, жастар мен жасөспiрiмдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда қIIБ белсендi қатыстыру, халықтың заңға деген көзқарасын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) азаматтардың ар-намысын, құқы мен заңды мүдделерiн қорғауға ықпал ету, сыпайы, әдептi болуға, қоғамға қарсы iс-әрекеттердiң жолын кесуге заңда қарастырылған шараларды қолдануға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да құқықтық актiлерiн бiлу және қатаң орындау, құқық бұзушылықтың алдын алу түрлерiн мен әдiстемелерiн жетiлдiру;
Тармақша 4
4) командирге, полиция органына азаматтардың қауiп төндiретiн төтенше жағдайлар туралы органдарға дер кезiнде хабарлауға;
Тармақша 5
5) мiндетiн атқару кезiнде Отряд мүшесiнiң куәлiгi болуы керек;
Тармақша 6
6) жұмылдыру тобы басшысы мен Отряд командирi алдында жұмыс туралы үнемi есеп беруге мiндеттi.
Тармақ 21
21. Отряд мүшесi мынаған құқылы:
Тармақша 1
1) азаматтардан тиiстi қоғамдық тәртiптi сақтауын және құқық бұзушылықты болдырмауын талап етуге;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi бұзған жағдайда және азаматқа мүлiктiк және басқа да зиян келтiрiлген жағдайда хаттама жасауда полиция қызметкерiмен немесе уәкiлеттi тұлғамен бiрлесiп қатысуға;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында басқа да iс-қимыл шаралары жойылған кезде құқық бұзушы кәмелетке толған тұлғаны полицияға немесе полиция пунктiне жеткiзуге;
Тармақша 4
4) полиция жасағымен бiрге кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн клубтарды, стадиондарды, кинотеатрларды және басқа қоғамдық орындарды аралауға құқылы.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Жұмыс түрi мен әдiстерi
5. Жұмыс түрi мен әдiстерi
Тармақ 22
22. Отряд өз жұмысын мына жолмен атқарады:
Тармақша 1
1) iс-шараларда және рейдтер жүргiзгенде құқық тәртiбiн қолдауға қатысу;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық туралы бiлiм басқармасын, қала әкiмi iшкi саясат бөлiмiн, Екiбастұз қIIБ және басқа да құқық қорғау органдарын хабардар ету;
Тармақша 3
3) Екiбастұз ҚIIБ КТБ есебiнде тұрған құқық бұзушы кәмелетке толмағандармен жеке алдын алу сұхбатын жүргiзу;
Тармақша 4
4) оқу орындарында құқық тәртiбiн қолдау бойынша жұмысқа қатысу;
Тармақша 5
5) жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатысуымен кездесулер, дөңгелек столдар ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) қаланың жоғары оқу орындары оқушылары арасында жалпыға мiндеттi құқықтық оқу бойынша шараларды ұйымдастыру және өткiзу.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Мадақтау шаралары
6. Мадақтау шаралары
Тармақ 23
23. Өзiнiң азаматтық борышын орындаудағы ерекше еңбегi үшiн және ерлiк пен жiгер көрсете бiлгенi үшiн Отряд мүшелерi қазақстан Республикасының наградасына ұсынылуы мүмкiн.
Тармақ 24
24. Құқық бұзушылармен күресуге белсендi қатысқан Отряд мүшелерi қала әкiмiмен, Екiбастұз қIIБ-мен және жоғары оқу орындарымен марапатталады.
Тармақ 25
25. Қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысқан, қарамағындағы тұлғалармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргiзген Отряд мүшесi оқу практикасын өткерген болып саналады.
Тармақ 26
26. Отряд мүшелерi оқу орнын аяқтаған соң қаланың iшкi iстер органы қызметiне немесе құқық қорғау органдарына түсерде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жеңiлдiк құқына ие болады.
Тармақ 27
27. Отряд мүшелерi жүктелген мiндеттерiн орындау кезеңiнде белгiленген үлгiдегi куәлiгiн көрсете отырып, қалалық маршруттардағы автобустарда тегiн жүруге құқылы.
Тармақ 28
28. Отряд мүшелерiн мадақтау туралы хабарлама оқу орындарында салтанатты түрде жарияланады.
Тарау 7
Тармақ 7. 7. Отряд мүшелерiн қорғау шаралары
7. Отряд мүшелерiн қорғау шаралары
Тармақ 29
29. Кезекшiлiк кезiнде жарақат алған Отряд мүшелерiне емдеу жергiлiктi бюджет есебiнен төленедi.
Тармақша 1
1) Iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiне құқық бұзушыларды ұстауда көмек көрсету кезiнде жарақат алған Отряд мүшелерiне емдеу 20 айлық есеп көрсеткiшi көлемiнен аспайтын мөлшердегi жекеленген әлеуметтiк төлем есебiнен жергiлiктi бюджеттен жүргiзiледi.
Тармақша 2
2) Жекеленген әлеуметтiк төлем мөлшерi қаланың халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тиiстi құжаттарды берген кезде қала азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтiк төлем тағайындау жөнiндегi Комиссиямен белгiленедi.
Тармақша 3
3) Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және әлеуметтiк төлем тағайындаудың негiзi болып табылады.