Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Новотроицкого сельского округа Карабалыкского района Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Новотроицк ауылдық
округінің әкімі
___________ Б. Бокаев
2022 жылғы « __» _____
Басқа 4. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 131 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Новотроицк ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Новотроицк ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы халықты Новотроицк ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда оған сәйкес уақыт туралы, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу орнына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 7
7. Ауылдар шегінде жергілікті қоғамдыстық бөлек жиынын өткізуді Новотроицк ауылдық округнің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдын, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдыстық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдыстықтың бөлек жиыны Новотроицк ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Новотроицк ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Новотроицк ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2022 жылғы 13 мамырдағы
№131 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елдің мекенің атауы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Новотроицк ауылы тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Мағнай ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Аққұдық ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Жанаауыл ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Подгородка ауылы тұрғындары үшін
2