Об утверждении Правил использования средств резерва местного исполнительного органа города Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қаражатын пайдалану" қағидасын бекiту туралы» № 1408 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Х.Т. Оспановқа жүктелсiн.
Басқа 3. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану ҚАҒИДАСЫ
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 23 шілдедегі "Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану қағидасын бекiту туралы № 603/17 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану ҚАҒИДАСЫ Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдаланудың осы қағидасы (бұдан әрi - қағида) қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын бөлу және пайдалану тәртiбiн анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы қағидада мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервi тиiстi қаржы жылына Павлодар қаласы бюджетiнде қаралған және бiржолғы сипаттағы көзделмеген шығынды қаржыландыру үшiн қала әкiмдiгi қаулысына сәйкес бөлiнген қаражат;
Тармақша 2
2) көзделмеген шығын ағымдағы қаржы жылына қалалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiндiк болмаған және ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруды қажет ететiн шығын;
Тармақша 3
3) Павлодар қаласының жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеу үшiн қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв құрамының қаражаты - қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв құрамында қаралған және соттың шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдарының мiндеттерiн өтеу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерiне бөлiнген қаражат;
Тармақша 4
4) Павлодар қаласы жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын алушы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерi.
Тармақ 2
2. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сақтық қаражаты есебiнен қаржыландырылатын көзделмеген бiржолғы шығындарға мынадай iс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған кiретiндер: төтенше жағдай нәтижесiнде жапа шеккендерге материалдық көмек көрсету; жапа шеккендер үшiн уақытша тұратын және тамақтану пункттерiн ұйымдастыру және ұстау; апаттық-құтқару және апаттық-қайта қалпына келтiру бөлiмшелерiн жабдықтармен және құтқарудың техникалық құралдарымен қосымша жабдықтау; төтенше жағдайлар зонасына күш салу және қаражат бөлу;
Тармақша 2
2) соттың шешiмдерi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеу;
Тармақша 3
3) қала әкiмдiгiнiң қаулыларымен белгiленетiн өзге де көзделмеген шығындар.
Тарау 2. 2. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сақтық қаражатын пайдалану және бөлу тәртiбi
2. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сақтық қаражатын пайдалану және бөлу тәртiбi
Тармақ 3
3. Павлодар қаласының жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражаттың бөлiнуi ағымдағы жылға сәйкес қалалық бюджеттiң құрамында осы мақсатқа бекiтiлген мөлшер шеңберiнде қаланың қаржы басқармасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру Павлодар қаласы әкiмдiгi қаулысының негiзiнде заңнамамен бекiтiлген тәртiпте жүргiзiледi, онда, алушы бөлiнген қаражат көлемi және оны пайдалану мақсаты, сонымен қатар, қаражат қайтару негiзiнде бөлiнген жағдайда оны табыстау және қайтару мерзiмi сияқты мәлiметтер көрсетiледi.
Тармақ 5
5. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сақтық қаражатының қатаң нысаналы мақсаты бар және осы қағидамен, көрсетiлген резервтен қаражат бөлу туралы Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң қаулыларымен көзделмеген қажеттiлiктерге пайдалануға болмайды.
Тармақ 6
6. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысын дайындау кезiнде мынадай жағдайлар есепке алынады:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына қалалық бюджетте бөлiнген қаржының жоқтығы;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржы жылында қаланың жергiлiктi атқарушы органының сақтық қаражатында қажеттiлiктiң пайда болуы, сот шешiмдерi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органы мiндеттерiн өтеу жағдайларынан басқа алушының бұрынғы мiндеттерiмен байланысты болмауы қажет.
Тармақ 7
7. Қала әкiмдiгiнiң қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қаулылары, қала әкiмдiгiнiң тиiстi қаулыларының негiзiнде жылдың аяғына дейiн күшiн жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бөлiнетiн қаражат
3. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бөлiнетiн қаражат
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдай пайда болғанда қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қолдаухатты қаланың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы қарастырады. Және де пайда болған төтенше жағдай жергiлiктi ауқымда болуы тиiс.
Тармақ 9
9. Дәлелдеушi материалдар мен есептердi беру тәртiбiн және тiзбесiн қаланың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы анықтайды.
Тармақ 10
10. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда қаланың төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте төтенше жағдайларды жоюға қаражатты бөлу туралы қала әкiмдiгiне қаулы жобасын қарауға енгiзедi.
Тарау 4. 4. Сот шешiмi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеуге арналған қаражатты бөлу
4. Сот шешiмi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеуге арналған қаражатты бөлу
Тармақ 11
11. Сот шешiмi бойынша қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеу соттың атқарушы құжаттары болған кезде қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi. Қолданып жүрген заңнамамен көзделген негiзде сот шешiмi бойынша төлемақы жүргiзуге жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерi мiндеттi, және де олар барлық сот инстанцияларында көрсетiлген шешiмдерге шағым беруi тиiс. Актiлердi заңсыз қабылдағаны үшiн, сонымен қатар әкiмшiлiк басқаруда өзiнiң лауазымдық тұлғаларының құқық бұзушылық әрекетi үшiн жергiлiктi бюджет бағдарлама әкiмгерлерi "әкiмшiлiк шығындар» бағдарламасы бойынша оларға бөлiнген ақша есебiнен материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 12
12. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң мiндеттерiн өтеуге қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысының жобасы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерiмен дайындалады.
Тармақ 13
13. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттерiн өтеуге қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысының жобасы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте қаланың қаржы басқармасында дайындалады.
Тарау 5. 5. Өзге де көзделмеген шығындарға қаржы бөлу
5. Өзге де көзделмеген шығындарға қаржы бөлу
Тармақ 14
14. Өзге де көзделмеген шығындарға қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерi тиiстi дәлелдерi және есептерiмен бiрге қаражат бөлу туралы қолдаухатты қаланың қаланың қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 15
15. Қаланың қаржы басқармасы берiлген қолдаухат негiзiнде қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды шығарады. Қолдаухатты қарастыру кезiнде, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайды жоюға қаржы жылы iшiнде өзге де көзделмеген шығындарға қаражатты үйлесiмдi бөлу мақсатында өзге де көзделмеген шығындарға қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнетiн қалалық бюджетте табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көзделмеген шығындарға көзделген қаражат сомасы әрбiр ағымдағы тоқсанда жылдық сомадан 25 пайыздан аспауы тиiс. Мұнда табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және өзге де көзделмеген шығындарға жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгiнiң бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
Тармақ 16
16. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң қолдаухаты оң шешiлген жағдайда басқадай көзделмеген шығындарға арналған қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысының жобасы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте осы әкiмгер дайындайды.
Тарау 6. 6. Бақылау және есеп беру
6. Бақылау және есеп беру
Тармақ 17
17. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнетiн қаражатты алушылар қаражат бөлiнген күннен бастап бiр күнтiзбелiк ай iшiнде қаланың қаржы басқармасына орындалған жұмыстың құны және көлемi, олардың пайдаланылуы туралы есеп беруi тиiс.
Тармақ 18
18. қаланың қаржы басқармасы ай сайын қаланың жергiлiктi атқарушы органының резерв қаражатын пайдалану және оны тиiстi кезеңге арналған қалдығы туралы қалалық жергiлiктi атқарушы органдарына ақпарат бередi.
Тармақ 19
19. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшiн, алушы қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртiпте жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 20
20. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнген қаражатының мақсатты пайдалануын бақылау қаланың қаржы басқармасымен жүзеге асырылады.