Об утверждении Правил и условий заключения, а также оснований для изменения и расторжения соглашения о промышленной сборке сельскохозяйственной техники с юридическими лицами Республики Казахстан и его типовой формы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым).
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі.
Тармақша 3
3) конструкторлық құжаттама – жиынтығында немесе жеке-жеке бұйымның құрамы мен құрылымын айқындайтын, оны әзірлеу, дайындау, бақылау, пайдалану немесе жөндеу үшін деректер көзі ретінде қызмет ететін графикалық және мәтіндік құжаттарды ұсынатын толық жиынтық және/немесе негізгі конструкторлық құжаттама.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.
Тармақша 5
5) өндірістік активтер – ауыл шаруашылығы техникасын дайындау кезінде өндіріске тікелей қатысатын, өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі қаражаттарға жататын ұзақ мерзімді активтер. 3. Келісім өндірушімен 15 жыл мерзімге ауыл шаруашылығы техникасының моделін ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН ) әрбір коды бойынша жасалады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген. Келісім «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өндірушіге салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары
2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары
Тармақ 4
4. Өндіруші мынадай шарттарды орындаған кезде онымен келісім жасалады:
Тармақша 1
1) келісімге қол қойылған күні кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында, өнеркәсіптік жинауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, астық жинау комбайндары, сүрлем жинау комбайндары, ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының тракторлары үшін айлық есептік көрсеткіштің 500000 еселенген (бес жүз мың еселенген) мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы 8433 51 000 9, 8433 59 қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін айлық есептік көрсеткіштің 110 9, 8701 және 100000 еселенген (жүз мың еселенген) мөлшерінде;
Тармақша 2
2) бекітілген ішкі құжатқа сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операцияларды (бұдан әрі – технологиялық операциялар) орындау.
Тармақ 5
5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша келісім жасасу бойынша өтініш жібереді. Өтінішке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) технологиялық операциялар ескеріле отырып қалыптастырылатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада іске асыру жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте);
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында берілетін өндіріс құпияларын (ноу-хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, лицензия бойынша өнім өндіру технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық келісім (шарт).
Тармақша 5
5) тракторлар мен комбайндарды өндіру кезінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын өндірушілерді қоспағанда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарт.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган он сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және комиссияның шығуын ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл туралы өндірушіні жазбаша хабардар етеді. Көшпелі комиссия (бұдан әрі – комиссия) өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында, мұндай шығуға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өндірушіні алдын ала хабардар ете отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Көшпелі тексеру қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың сәйкестігі мен анықтығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімін қабылдайды және оны шығу жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді. Көшпелі тексеруді ұйымдастыру мерзімдері уәкілетті органның осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өндіруші ұсынған құжаттарды қарау мерзіміне енгізіледі.
Тармақ 7
7. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өндірушіге келісім мен жоспар-кестенің жобаларын екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде не келісім жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 8
8. Өндіруші келісім және жоспар-кесте жобаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісім және жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен расталған даналарын не келісім жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде келісім мен жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен куәландырылған даналары ұсынылмаған жағдайда, өндіруші келісім жасасудан бас тартқан болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Өндіруші қол қойған келісім және жоспар-кесте жобаларының даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді. Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Өндірушіге келісім жасасудан мынадай жағдайларда бас тартылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
Тармақша 3
3) келісімдер жасалған ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерін өндірушілер өндіретін ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілеріне Қазақстан Республикасының сексен пайыз қажеттілігін жаппаған жағдайларды қоспағанда, жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілері бойынша жасалған келісімдердің болуы. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерінде өндірілетін қажеттілігін жабуды уәкілетті орган уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына сұрау салу жолымен айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздер
3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздер
Тармақ 12
12. Келісімге мынадай негіздер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі:
Тармақша 1
1) өндірушінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде;
Тармақша 2
2) Келісімнің қолданылу кезеңінде ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті кодының техника түрлерінің желісін кеңейту кезінде;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда.
Тармақ 13
13. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісімге қосымша келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 13-1
13-1. Өнеркәсіптік құрастыру туралы бұрын жасалған келісімдерге қосымша келісімдер жасалған кезде осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидалардың 5-11 тармақтарының талаптары қолданылады.
Тармақ 14
14. Келісім мынадай жағдайларда бұзылады:
Тармақша 1
1) тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша хабарлама біржақты тәртіппен жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде;
Тармақша 3
3) уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша;
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша келісімді бұзған кезде бастамашыл тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын Келісімде көзделген тәртіппен екінші Тарапты хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша келісім бұзылған кезде өндіруші келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша берілген жеңілдіктерді өтейді.
Тармақ 17
17. Келісімдерде белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын бақылау мақсатында комиссия Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісімдер жасасу талаптарына сәйкестігін және осындай келісімдер шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуын көшпелі тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Көшпелі тексеру уәкілетті органның хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Уәкілетті орган кемінде үш жұмыс күні бұрын өндірушіге хабарлама жібере отырып, өндіріс орнында көшпелі тексеру жүргізілгені туралы ресми хабарлайды.
Тармақ 20
20. Тексеруді жүзеге асыру алдында комиссия тексерілетін кәсіпорынның басшысына немесе оны алмастыратын адамға тексеру жүргізуге оның өкілеттігін растайтын хабарламаны ұсынады.
Тармақ 21
21. Комиссия технологиялық процестерге сәйкес өнімді дайындау үшін қажетті жабдық пен технологиялық жарақтың болуын және жұмыс қабілеттілігін тексереді, сондай-ақ өндірушіге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде технологиялық операциялардың орындалғанын растауды (бұдан әрі –растау-хат) жібереді.
Тармақ 22
22. Комиссия мүшелері тексеру жүргізу кезінде мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті тексеру актісіне (бұдан әрі – акт) материалдарды қоса беру үшін Келісім шеңберінде өндірушіге жүктелген өндірістің негізгі процесін және технологиялық және өзге де операцияларды орындауды фото-бейне тіркеуді жүргізеді;
Тармақша 2
2) өндіріс процесіне байланысты құжаттаманы сұратады және тексереді;
Тармақша 3
3) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша басшылардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсініктемелер сұратады және алады. Қоса берілген фото-бейне материалдар, сұратылған құжаттама және жазбаша түсініктемелер үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды және комиссияның уәкілетті органында қатаң сақталады.
Тармақ 23
23. Келісімнің қолданылу кезеңінде технологиялық операциялардың орындалуын айқындау үшін уәкілетті орган өндіруші ұсынған есептік құжаттама негізінде не көшпелі тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды және оны өндірушіге бес жұмыс күні ішінде жібереді. Өндіруші анықталған бұзушылықтарды өндірісті тексеру актісінде көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, Келісім осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесі
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесі № ЕА­ЭО СЭҚ ТН* ко­ды Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның ата­уы (мо­де­лі) Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын өн­ді­ру бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар Орын­дау мер­зім­де­рі 1 2 3 4 5 Ескертпе: *ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы. Уәкілетті орган ______________________ Өндіруші _________________________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) __________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Күні 20__ жылғы «___» _______
Басқа 1.2
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздерге 2-қосымша Нысан Кәсіпорын туралы мәліметтер
Тармақ 1
1. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі: № Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың ата­уы Са­ны, бір­лік Жа­са­ла­тын опе­ра­ция тү­рі 1 2 3 4
Тармақ 2
Басқа 1.3. Өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 3-қосымша Нысан Өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі __________________________________________________________________________, (өндірушінің атауы) мекенжайы бойынша орналасқан ______________________________________________. Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, ___ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша көлік құралдарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық. Тексеру шеңберінде мыналар анықталды:
Тармақ 1
1.____________
Тармақ 2
2.____________
Тармақ 3
3.____________ Көшпелі тексеру қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдады: _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) _______________ (қолы) _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) _______________ (қолы) _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) _______________ (қолы) Қорытындының күні мен нөмірі: 20__ жылғы «__» _______ №____
Басқа 1.4. Өндірісті тексеру туралы қорытынды
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 4-қосымша Нысан Өндірісті тексеру туралы қорытынды Тексеру актісі негізінде ___________________ №__________ өндіріс _________________________________ кәсіпорын ___________________________________ (өнім түрін көрсету) (өндірушінің атауы) (бұдан әрі - Кәсіпорын) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісім шеңберінде кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындауын растаймыз (растамаймыз). Осы қорытындымен мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге кепілдік береміз және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарды қоспағанда, мәліметтерді жеке мақсаттарда пайдаланбауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеміз. Комиссия мүшелері: _______________________________ _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы) Комиссия төрағасы ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Басқа 1.5. Өндірісті тексеру актісі
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 5-қосымша Нысан Өндірісті тексеру актісі Күні 20__ жылғы «__» _______ №____ Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, көлік құралдарының және (немесе) олардың құрамдастарының, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) олардың құрамдастарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық (қажетінің асты сызылсын): _______________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы) кәсіпорынды тексерудің осы актісін жасадық: __________________________________________________________________, (өндірушінің атауы) мекенжайы бойынша орналасқан _______________________________________. Тексеру актісіне кәсіпорындағы өндірістік процестің фото-бейне материалдары қоса беріледі. Өтініш берушінің өз міндеттемелерін орындауы (орындамауы) туралы белгі (сипаттамасы): ____________________________________________________________ Комиссия төрағасы ____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Басқа 2. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан Нұр-Сұлтан қ. _________________ (күні, айы, жылы) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы осы Келісім бұдан әрі Тараптар деп аталатын _______________________ негізінде әрекет ететін ___________________________ атынан (өкілеттігін растайтын құжат) (уәкілетті органның атауы) ___________________________________________________________ (бұдан әрі – уәкілетті орган) (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) және ___________________________________________негізінде әрекет ететін (өкілеттігін растайтын құжат) _________________________________ атынан ___________________________ Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы ____________________________________________________________________ бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалып, мыналар:
Тармақша 1
1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгенін назарға ала отырып;
Тармақша 2
2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты және төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Келісімнің мәні
1-тарау. Келісімнің мәні
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің мәні тараптардың ауыл шаруашылығы техникасының өндірістерін дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау кезінде өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы болып табылады. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру деп ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі түсініледі.
Тармақ 2
2. Келісім келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Тармақ 3
3. Өндіруші:
Тармақша 1
1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;
Тармақша 3
3) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға бір ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;
Тармақша 4
4) есепті айдан кейінгі әр айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға атауы мен құнын көрсете отырып, шығарылған Ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты) ұсынуға;
Тармақша 5
5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға: келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер, модельдердің саны мен атауын көрсете отырып, шығарылған ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты), Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді;
Тармақша 6
6) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін әрбір 3 жыл сайын уәкілетті органға кесте Жоспарына сәйкес СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің өндіргенін растайтын техникалық және қаржылық аудиттер ұсынуға міндеттенеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) келісімнің іске асырылуын бақылауға;
Тармақша 2
2) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 5
5. Өндіруші:
Тармақша 1
1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасауға;
Тармақша 2
2) Уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;
Тармақша 3
3) аутсорсинг шеңберінде басқа заңды тұлғаларды тарта отырып, уәкілетті органның осындай операцияларды орындау жөніндегі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болған жағдайда, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың кейбірін орындауға. Аутсорсинг деп өндірушінің Қазақстан Республикасының басқа резиденті болып табылатын басқа заңды тұлғаға жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды шарттың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында осы басқа заңды тұлғаның орындауына беру түсініледі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғауға және оған: мемлекеттік билік органдарының заңнамалық актісіне сәйкес келмейтін жариялау, сондай-ақ аталған органдардың лауазымдық адамдарының жасалған әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде; осы келісім бойынша Уәкілетті органның міндеттемелерін бұзу нәтижесінде келтірілген шығындарды толық өтеуге.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға; 2 осы Келісімде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жылына екі реттен асырмай көшпелі тексерулерді жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
Тармақша 4
4) келісімді іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7
7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 8
8. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді. Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Тараптар осы Келісімді:
Тармақша 1
1) Тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) өндіруші осы Келісімнің 8-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен Уәкілетті органның бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) еңсерілмейтін күш жағдайларының болуы;
Тармақша 4
4) Келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге жағдайларла мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган өндірушіні келісімді бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:
Тармақша 1
1) өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
Тармақша 2
2) өндірушінің келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтар Уәкілетті органның осындай бұзушылықтар туралы хабарламасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайларда бұзуға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Еңсерілмейтін күш
4-тарау. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 11
11. Тараптардың ешқайсысы, егер орындау кезінде мұндай орындамау немесе кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күшке осы жағдайлар кезiнде төтенше және алдын алуға мүмкін емес мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери қақтығыстар, төтенше жағдай және тағы басқалар) жатады.
Тармақ 13
13. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде еңсерілмейтін күштің қолданылу мерзіміне іске асыру мерзімдерін ұзарта отырып, келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 14
14. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және еңсерілмейтін күштің мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.
Тармақ 15
15. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тарау 5. 5-тарау. Құпиялылық
5-тарау. Құпиялылық
Тармақ 16
16. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық шарттарын сақтайды.
Тармақ 17
17. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай:
Тармақша 1
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;
Тармақша 2
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;
Тармақша 3
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;
Тармақша 4
4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
Тарау 6. 6-тарау. Дауларды реттеу
6-тарау. Дауларды реттеу
Тармақ 18
18. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 19
19. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы
7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы
Тармақ 20
20. Осы Келісім 15 жылға жасалды және______жылғы «___»____ дейін қолданылады.
Тармақ 21
21. Нұр-Сұлтан қаласында ______жылғы «___»____ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Уәкілетті орган ______________________ Өндіруші _________________________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) __________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына № 3 қосымша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16774 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18372 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21341 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19252 болып тіркелген).