Об утверждении Правил по обеспечению отечественным сырьем предприятий обрабатывающей промышленности Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Басқа 0. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығымен бекітілген Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 29) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес әзірленген және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аралық өнім – төмен технологиялық күрделілігімен және өңдеудің қарапайымдылығымен сипатталатын тауарлар, олардың көпшілігі кейінгі өндірістер үшін аралық тауарлар, сондай-ақ бастапқы материалдарды көп сатылы өңдеудің нәтижесі болып табылатын төмен технологиялық күрделіліктегі дайын тауарлар немесе жартылай фабрикаттар (аралық тауарлар) материалдар;
Тармақша 2
2) қорытынды – уәкілетті орган сараптама негізінде дайындаған өтініш берушіге жауап хат;
Тармақша 3
3) отандық шикізат тауарлары – өнеркәсіп кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қуаттылықтарда өндірген, одан әрі өнеркәсіптік өңдеуге арналған, бастапқы өңдеуден өткен өнеркәсіптік базалық биржалық материалдар (кендер мен концентраттарды қоспағанда), яғни материалдар;
Тармақша 4
4) отандық шикізат тауарын өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өнеркәсіптік өңдеу үшін пайдаланылатын отандық шикізат тауарының меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны – қызметі жаңа өнімге (тауарға, оның ішінде азық-түлік тауарларына) арналған шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеумен байланысты жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) – Қазақстан Республикасының аумағында тиісті шикізаттан дайын өнімді өндіру бойынша технологиялық және техникалық активтері бар өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны;
Тармақша 7
7) өндірістік активтер – өндіріске тікелей қатысатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі құралдарға жататын ұзақ мерзімді активтер;
Тармақша 8
8) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде өнеркәсіп саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 9
9) өтінім – осы Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 10
10) сараптама – ұсынылған құжаттарға сәйкес өтінім берушіге отандық шикізатты берудің орындылығын немесе орынсыздығын айқындау мақсатында уәкілетті орган жүргізетін зерттеу;
Тармақша 11
11) технологиялық және техникалық активтер – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінде қолданылуы белгілі бір өнімді шығаруды қамтамасыз ететін технологиялық процестерді орындауға арналған өндірістік жабдықтың болуы;
Тармақша 12
12) түпкілікті өнім – өндірістің неғұрлым күрделі технологиясымен тереңдете қайта өңдеу нәтижесін білдіретін, одан әрі қайта өңдеуге/өңдеуге жатпайтын, өткізуге және тұтынуға арналған дайын тауарлар.
Тарау 2
2-тарау. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға сәйкес отандық шикізатты беруді Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын отандық шикізатты өндірушілер уәкілетті органның қатысуымен отандық шикізатты өндірушілер мен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес жасалған Келісім негізінде жеткізу арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган отандық шикізатты беруге өтінімдерді қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының отандық шикізатты алу рәсімі мынадай:
Тармақша 1
1) өтінімдерді қабылдау;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның өтінімдерді осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан қарау;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның сараптама жүргізу;
Тармақша 4
4) қорытынды беру;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны мен отандық шикізат өндірушісі арасында Келісім жасасу кезеңдерін қамтиды.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган осы Қағидалар колданысқа енген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұдан әрі жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей ресми бұқаралық ақпарат құралдарында отандық шикізатты алуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жариялайды, өзінің ресми интернет-сайтында өтінімдерді қабылдаудың шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты адамдардың байланыс деректерін көрсете отырып орналастырады.
Тармақ 7
7. Отандық шикізатты алу үшін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорны уәкілетті органға мынадай құжаттардың тізбесін ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім;
Тармақша 3
3) технологиялық процесті және тауар бірлігіне шикізатты тұтыну нормаларын сипаттай отырып, тауарларды өндірудің техникалық регламенті немесе технологиялық шарттары.
Тармақ 8
8. Отандық шикізат тауарын алуға өтінім уәкілетті органға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бірінші басшының қолымен расталған қағаз немесе электрондық нысанда (PDF немесе jpeg форматында) жіберіледі.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, оларда көрсетілген деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады: құжаттардың толық емес пакеті; Қазақстан Республикасында талап етілетін отандық шикізатты өндірушілердің болмауы.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органмен қабылданған өтінімдер осы Қағидаларына сәйкес тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 11
11. Өтінім осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтініш берушіге пошта арқылы және/немесе өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша сәйкессіздіктер туралы хабарлама жібереді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын ескере отырып, өтінімді қайта береді.
Тармақ 12
12. Қабылданған өтінімдер осы Қағидаларға сәйкес келген жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өтінімге сараптаманы жергілікті жерге барып жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 13-тармағына сәйкес қорытынды жасайды.
Тармақ 13
13. Өтінім сараптамасы қорытындысының мазмұны:
Тармақша 1
1) өтінімнің Қағидаларға сәйкестігі;
Тармақша 2
2) өтінім берушіде өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы бар, өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруге арналған технологиялық және техникалық активтердің болуы;
Тармақша 3
3) өндірілетін өнім бірлігіне шаққандағы шикізатты тұтыну нормаларын көрсете отырып, қажетті отандық шикізаттың түрі және оны жылдар бойынша күтілетін тұтыну.
Тармақ 14
14. Қорытынды өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі. Оң қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесін бекітеді, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастыру және бекіту ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Отандық шикізат тауарын өндірушілер жаңа өндірістерді қоспағанда, отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізіледі. Жаңа өндірістер деп Қазақстан Республикасының аумағында қызметін үш жылдан аз уақыт жүзеге асырып келе жатқан кәсіпорындар түсініледі; шикізат тауарларын өндірудің шағын көлемін өндірушілер. Тауар өндірісінің шағын көлемін өндірушілер деп тауар өндіретін тауар өндірушілер түсініледі: металлургия саласында жылына 20 мың тоннадан аз; катанка өндірісі саласында жылына 3 (үш) мың тоннадан аз. Теріс қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні Келісім жасасудың мүмкін еместігі туралы хабардар етеді. Теріс қорытынды беруге негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) өтінімнің Қағидаларға сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) өтінім берушіде өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы бар өтінімде көрсетілген тауарларды өндіру үшін технологиялық және техникалық активтердің болмауы.
Тармақ 15
15. Сараптаманың оң қорытындысы алынған өтінімдер негізінде уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастырады, оны уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 16
16. Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізат тауарларын өндірушілер сараптаманың оң қорытындысын алған өтініш берушілермен ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде келісім жасасады.
Тарау 3
3-тарау. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесін айқындау
Тармақ 17
17. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесі әрбір отандық шикізат өндіруші үшін мынадай формула бойынша елдің жалпы өндіріс көлемінде отандық шикізат өндірісінің үлесіне барабар түрде анықталады: А(П) = B*(V(П)/V*100%), мұндағы А(П) – отандық шикізат тауарының көлемі, оны отандық шикізат тауарын өндіруші ұсыну керек; B – отандық шикізат тауарының мәлімделген жалпы көлемі; V(П) – отандық шикізат тауарын нақты өндірушінің өндіріс көлемі ; V – елдегі өндірістің жалпы көлемі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының әрбір отандық шикізатты өндірушіні отандық шикізат тауарымен қамтамасыз ету үлесін анықтауды уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 мамырынан және отандық шикізатты жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады. Отандық шикізатты өндіруші өтініш берушіге отандық шикізатты осы Қағидаларда белгіленген отандық шикізат өндірушінің тиісті кезеңдегі үлесінен асатын жағдайда беруден бас тартады.
Тарау 4
4-тарау. Келісім шарттарының орындалуын мониторингілеу тәртібі
Тармақ 18
18. Заңның 60-бабының 10-тармағына сәйкес уәкілетті орган осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген нысан бойынша, сондай-ақ заңмен сақталатын құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық органдарынан алынған деректер негізінде ұсынылатын Келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) талдау арқылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының Келісім бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асырады. Есепті өтініш беруші уәкілетті органға Келісімнің қолданылу кезеңінде жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін ұсынады. Келісімді жасасқан тараптар Келісім шарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Келісім шарттарын бұзған тараптан құжаттаманы алу жолымен бұзушылық фактілерін белгілейді.
Тармақ 19
19. Барлық есептер қағаз және/немесе электронды тасығыштарда (pdf немесе jpeg форматта) ұсынылады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның есептерді қарау мерзімі 1 (бір) айдан аспайды.
Тармақ 21
21. Жыл сайын уәкілетті орган Келісімнің орындалу қорытындыларын тыңдауды жүргізеді.
Басқа 1. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісім
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша нысан Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісім № _______ «________» қаласы, 20___ жылғы «____» _______. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі осы Келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар бір тараптан бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын _______________________________________________________(ережелер немесе бұйрықтар) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ (уәкілетті органның атауы), екінші тараптан бұдан әрі «Өндіруші» деп аталатын ______________________________________(жарғы немесе бұйрық) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ (заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі), үшінші тараптан бұдан әрі «Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны» деп аталатын ______________________________________(жарғы немесе бұйрық) негізінде әрекет ететін ______________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бар болса)) тұлғасында ______________________________________ арасында жасалды. Тараптар «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
Тарау 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Келісімнің мақсаты тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту және дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау, тараптардың тең құқылығы, ашықтығы, парасаттылығы және өзара сыйластығы қағидаттары негізінде қазақстандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады.
Тарау 2
2. Ынтымақтастық саласы
Тармақ 2.1
2.1. Тараптар өз күштерін мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа жұмылдырады:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуін және дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалатын бағалар бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатпен жүктелуін қамтамасыз ету;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. өнім өндіру көлемін ұлғайту және қосылған құны жоғары тауарлар номенклатурасын кеңейту.
Тарау 3
3. Тараптардың құқықтары
Тармақ 3.1
3.1. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3.2
3.2. Заңды тұлғаның Келісімді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттерді жасауға құқығы бар.
Тармақ 3.3
3.3. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара келісім бойынша Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Тарау 4
4. Тараптардың міндеттері
Тармақ 4.1
4.1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтау;
Тармақ 4.1.2
4.1.2. мемлекеттік реттеудің тиімділігін қоса алғанда, өнеркәсіпті қолдау тетіктерін жетілдіру;
Тармақ 4.1.3
4.1.3. өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
Тармақ 4.2
4.2. Өндіруші:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктер мөлшерін көздейтін баға бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнымен жасалған келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақ 4.2.2
4.2.2. осы Келісімге 1-қосымшада белгіленген көлемдежәне мерзімде жоғарыда көрсетілген баға бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атына тиісті сападағы шикізатты өткізуге міндеттенеді;
Тармақ 4.3
4.3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны:
Тармақ 4.3.1
4.3.1. осы Келісімге 1-қосымшада белгіленген көлемдежәне мерзімдешикізаттың келісілген көлемін сатып алуды қамтамасыз етуге;
Тармақ 4.3.2
4.3.2. қосылған құны жоғары өнім шығаруды қамтамасыз етуге;
Тармақ 4.3.3
4.3.3. осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес осы өнім шикізат болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің басқа субъектілеріне оны өткізу кезінде өз өніміне жеңілдік беруге;
Тармақ 4.3.4
4.3.4. отандық шикізатты қайта бөлуді ұлғайтуға;
Тармақ 4.3.5
4.3.5. Өндірушіден алынған шикізатты үшінші тұлғаларға қайта сатпауға міндеттенеді; Осы ереженің мақсаттары үшін отандық шикізатты өндірушімен тиісті мәміленің нысанасы болып табылатын объектіге меншік құқығын не өзге де заттық құқықтарды, оның ішінде осындай мәміленің нәтижесінде туындайтын құқықтарды иеленуді және пайдалануды қоса алғанда, меншік құқығын басқаға беруді тікелей немесе жанама (оның ішінде туынды қаржы құралдарын шығару жолымен) көздейтін кез келген мәміле болашақта қайта сату болып табылады. Қайта сату тиісті отандық шикізат Келісім бойынша сатып алынған тауар өнімін өндіру мақсаттары үшін пайдаланылғаннан кейін мұндай отандық шикізатты сатуды қамтымайды.
Тармақ 4.3.6
4.3.6. Қағидалардың 18-тармағына сәйкес өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының өз өндірістік қажеттіліктері үшін отандық шикізатты мақсатты пайдалануын мониторингтеу үшін өзінің өндірістік алаңдарына және тиісті бухгалтерлік құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тарау 5
5. Өзара әрекеттесу нысандары
Тармақ 5.1
5.1. Осы келісім шеңберінде Тараптардың өзара іс-қимылы:
Тармақ 5.1.1
5.1.1. ынтымақтастық саласына жататын ақпарат алмасу (Тараптардың бір-біріне хабарламалар жіберуі, Тараптар өкілдерінің кездесулерін ұйымдастыру арқылы);
Тармақ 5.1.2
5.1.2. Тараптардың қызметіне қатысты және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультациялар;
Тармақ 5.1.3
5.1.3. осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жоспарлау;
Тармақ 5.1.4
5.1.4. өзара әрекеттесудің басқа формалары мен тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 6
6. Келісім шарттарын түзету шарттары
Тармақ 6.1
6.1. Осы Келісімнің қолданылу кезеңінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қажетті шикізат көлемін жылына 2 рет көлемді төмендету жағына қарай түзетуді жүзеге асыруға құқылы. Көлемді ұлғайту жағына түзетуге осы Келісімді жасасқан тараптардың келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Тармақ 6.1.1
6.1.1. Бірінші түзету жағдайында осы Келісімге сәйкес көлемнің жиырма пайыздан аспайтын өзгеруіне жол беріледі.
Тармақ 6.1.2
6.1.2. Екінші түзету жағдайында осы Келісімге сәйкес бірінші түзетуден кейін алынған көлемнің он пайызынан аспайтын көлемнің өзгеруіне жол беріледі.
Тармақ 6.1.3
6.1.3. Одан әрі түзетуге осы Келісімді жасасқан тараптардың келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Тармақ 6.1.4
6.1.4. Қажетті шикізат көлемі көлемді төмендету жағына қарай түзетілген жағдайда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны бұл туралы басқа Тараптарды осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес түзетілген жоспар-кестені қоса бере отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тарау 7
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Өндіруші осы Келісімнің талаптарын отандық шикізат тауарын жеткізу бөлігінде орындамаған жағдайда өндіруші өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорнына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген _ _ _ _ _ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.
Тармақ 7.2
7.2. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны осы Келісімнің талаптарын отандық шикізат тауарын тиеп жөнелту бөлігінде орындамаған жағдайда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны өндірушіге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген _ _ _ _ _ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл санкцияларын төлейді.
Тармақ 7.3
7.3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының осы Келісімнің 4.3.2-4.3.5-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзуы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті келісімді бұзуға және болашақта осындай келісімдерге қатысуға тыйым салуға әкеп соғады.
Тармақ 7.4
7.4. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны 4.3.6-тармаққа сәйкес мониторинг жүргізу мүмкіндігін беруден бас тартқан кезде. немесе мониторинг кезінде 4.3.2-4.3.5-тармақтардың бұзылу фактілері анықталған кезде. осы Келісімнің негізінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорныөндірушіге Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген берілген жеңілдік пен қол қойылған Келісім шеңберінде бұрын жеткізілген отандық шикізаттың барлық көлеміне отандық шикізаттың нарықтық бағасы арасындағы айырманы кейіннен отандық шикізаттың нарықтық бағасын қолдана отырып өтеуге міндетті.
Тарау 8
8. Форс-мажор
Тармақ 8.1
8.1. Егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан (бұдан әрі – форс-мажор) туындаса, Тараптардың ешқайсысы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 8.2
8.2. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш жағдайлары, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б.) жатады.
Тармақ 8.3
8.3. Форс-мажорлық жағдайлардан туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде бұл жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың қолданылу мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған кезден бастап қайта басталады.
Тармақ 8.4
8.4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар пайда болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тараптарды оқиғаның басталу күнін көрсете отырып және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттай отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
Тармақ 8.5
8.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тарау 9
9. Құпиялылық
Тармақ 9.1
9.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, Ақпарат және есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.
Тармақ 9.2
9.2. Тараптардың ешқайсысы, екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия болып саналатын және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
Тарау 10
10. Дауларды шешу
Тармақ 10.1
10.1. Даулы жағдайлар туындаған жағдайда Тараптар Келісімнің кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты даулар мен келіспеушіліктерді мүдделі Тараптармен келіссөздер жүргізу жолымен шешу үшін барлық күш-жігерін салуға міндеттенеді.
Тармақ 10.2
10.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Тармақ 10.3
10.3. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін Келісімде белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
Тарау 11
11. Қорытынды ережелер
Тармақ 11.1
11.1. Осы Келісім 3 (үш) жылға дейін мерзіммен жасалды. Келісім жасасу мерзімін ұзарту мүмкіндігі шығарылатын өнімді өңдеп жасау жоғарлаған, сондай-ақ түпкілікті өнім өндірілген жағдайда беріледі.
Тармақ 11.2
11.2. Тараптардың ұсыныстары бойынша қабылданатын осы Келісімнің толықтырулары мен өзгерістері жазбаша түрде ресімделеді және Тараптар оларға қол қойған кезден бастап оның ажырамас бөлігіне айналады.
Тармақ 11.3
11.3. Осы Келісім бірдей заңды күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден үш данада жасалды.
Тарау 12
12. Тараптардың қолдары Өндіруші ____________________________________ (тегі аты әкесінің аты (бар болса) Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны ____________________________________ (тегі аты әкесінің аты (бар болса) Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ____________________________________ (тегі аты әкесінің аты (бар болса)
Басқа 1.1. Жоспар-кесте
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісімге 1-қосымша Жоспар-кесте Бі­рін­ші күн­тіз­бе­лік жыл Екін­ші күн­тіз­бе­лік жыл Үшін­ші күн­тіз­бе­лік жыл Бі­рін­ші күн­тіз­бе­лі­к­жыл­дың бі­рін­ші айы/тоқ­са­ны … Бі­рін­ші күн­тіз­бе­лік жыл­дың соң­ғы айы/тоқ­са­ны Екін­ші күн­тіз­бе­лік жыл­дың бі­рін­ші айы/тоқ­са­ны … Екін­ші күн­тіз­бе­лік жыл­дың соң­ғы айы/тоқ­са­ны Үшін­ші күн­тіз­бе­лік жыл­дың бі­рін­ші айы/тоқ­са­ны … Үшін­ші күн­тіз­бе­лік жыл­дың­соң­ғы айы/тоқ­са­ны Ши­кі­заттү­рі / кө­ле­мі, тон­на Тараптардың қолдары Уәкілетті орган ____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өндіруші ___________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі ___________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Басқа 2. Отандық шикізат тауарларының тізбесі
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 2-қосымша нысан Отандық шикізат тауарларының тізбесі р/с № Отандық шикізат тауарын өндірушілердің атауы Отандық шикізат тауарының атауы 1 2
Басқа 3
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 3-қосымша Өтінімді толтыру күні: 20____ жылғы «____» _________. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі ӨТІНІШ _______________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы / тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке кәсіпкер/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны және Е-mail) осы өтінішті қамтамасыз етуге қажетті құжаттар пакетімен бірге жібереді отандық шикізатпен: _________________________________________________________________________ _______(шикізат түрлерін көрсету) Тауарларды өндіру үшін: 1) __________________________________________________________________ 2) ___________________________________________________________________ (тауардың түрлерін, сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының кодын көрсету) Жылдар бойынша сұратылатын шикізат көлемі (3 (үш) жылға болжам): Шикізаттың түрі Өлшем бірлігі Жылдар
Тармақ 1
1. Жалпы мәліметтер:
Тармақша 1
1) кәсіпорынның толық атауы;
Тармақша 2
2) Кәсіпорынның орналасқан жерінің мекенжайы;
Тармақша 3
3) кәсіпорынның бірінші басшысы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) кәсіпорынның салалық тиесілігі;
Тармақша 5
5) кәсіпорынды пайдалануға беру күні;
Тармақша 6
6) отандық шикізат тауары талап етілетін өндірілетін тауардың түрлері, тауар бірліктеріндегі жылдық қуаты*;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарының саны.
Тармақ 2
2. Кәсіпорын қызметінің бес жылдағы немесе кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бастап өндірістік-экономикалық көрсеткіштерінің серпіні:
Тармақша 1
1) өндірісі үшін отандық шикізат талап етілетін тауарлардың нақты және құндық көлемі (тауардың әрбір түрі бойынша);
Тармақша 2
2) жыл бойынша және ағымдағы жылдың өткен кезеңі үшін бюджеттік аударымдардың сомасы.
Тармақ 3
3. Өткізу нарығы (өндіруге отандық шикізат талап етілетін тауарлар жеткізілетін елдер, өңірлер (тауардың әрбір түрі бойынша). * - кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушілер үшін – қайта өңделген шикізат тауарларының салмағы Отандық шикізатқа қажеттіліктің негіздемесі қоса берілген құжаттарда келтірілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз. Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттар _____ парақта қоса беріледі. _________________________ (бірінші басшы) _______________ (қолы, мөрі) ______________________________ (адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда өкілеттігі бар) құжаттарға қол қою үшін өтініш берушінің атынан) Материалдарды алғаны туралы белгі Алған күні: 20__ жыл «___»________________. Өтінімнің тіркеу нөмірі _________________ Тіркеуші ____________ ( тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Ескертпе: ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қояды.
Басқа 4. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім беру (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 4-қосымша нысан Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім беру (өтініш берушінің бланкісінде толтырылады) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының толық атауы) уәкілетті органға бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді, ___________________________________________ (органның атауыа) __________________________________________________________________ Бірінші басшы: ______________________________________________ Қолы: _______ (мөрдің орны), толтырылған күні 20__ жылғы «__» ______ _____________ Мөр (бар болса)
Басқа 5. Титул парағы
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 5-қосымша нысан Титул парағы Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс минитрлігіне. Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.mps.gov.kz Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-КОЕ Жиілігі: жарты жылда 1 рет Есепті кезең: жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасасқан өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 15 шілдеге дейін және 15 қаңтарға дейін Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп Р/с№ Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Алын­ған ши­кі­зат та­у­а­ры­ның ата­уы Алын­ған ши­кі­зат та­у­а­ры­ның кө­ле­мі, тон­на Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің ата­уы Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, тон­на Өт­кі­зу ор­ны Өт­кі­зі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі, тон­на Экс­порт­қа өт­кі­зі­кл­ген өнім­нің кө­ле­мі, тон­на Өт­кі­зу ба­ға­сы, мың тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Атауы Мекенжайы _____________________________ ___________________________________ ______________________________ ___________________________________ Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________ Орындаушы ____________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _______________________ «Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-КОЕ, жарты жылда 1 рет)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нысан Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша міндеттемелердің орындалуы мониторингін іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тарау 2
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер:
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарымен «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жасасқан отындық шикізат тауарын өнім берушінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарының атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарының көлемі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің іске асыру орны елді/өңірді көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 9-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған, экспортқа өткізілген шикізат тауарынан өндірілген өнімнің көлемі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 10-бағанында «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жасалған Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім шеңберінде алынған шикізат тауарынан өндірілген өнімнің іске асыру бағасы мың теңгемен көрсетіледі.
Басқа 6. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 6-қосымша Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарында жасалады, бірақ нақты отандық шикізат тауарын өндіруші шикізаттың осы түрінің экспортының ең төменгі бағасынан аспайды. 1) металлургия өнеркәсібі үшін: баға белгілеу кезеңі – жеткізудің алдыңғы айындағы London Metal Exchange (Лондон металдар биржасы) жарияланатын ең жоғары және ең төменгі бағалардың орташа мәні айқындалатын соңғы айдың интервалында белгіленетін, күнтізбелік отыз күнге тең баға белгілеу кезеңі. р/с №№ Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Ши­кі­заттың ата­уы Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (ара­лық өнім үшін) Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (түп­кі­лік­ті өнім үшін) 11 7601 Өң­дел­ме­ген алю­ми­ний Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1% Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5% 22 74 03 Та­зар­ты­л­ған мыс және өң­дел­ме­ген мыс қо­рыт­па­ла­ры Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1% Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 5% 33 78 01 Өң­дел­ме­ген қор­ға­сын Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$ Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$ 44 79 01 Өң­дел­ме­ген мы­рыш Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5% Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5% 55 74 08 11 Мыс ка­тан­ка­сы Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) 66 76 05 11 Алю­ми­ний ка­тан­ка­сы Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды) Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды)