Об утверждении Перечня категорий работников, имеющих право на служебные земельные наделы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: "Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 198-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 399-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 908 қаулысымен бекiтiлген Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi
Тармақ 1
1. Қызметтік жер үлесi тәртiбiмен берiлген учаскелердегi жер қатынастары Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 41-бабына сәйкес реттеледi.
Тармақ 2
2. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар:
Тармақша 1
1) темiр жол көлiгiнiң желілік қызметкерлерi: жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдерді тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер; жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөнiндегi жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер; жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi; аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi; қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары; кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, машинистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар; локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi; түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi; электрмен жабдықтаудың желілік аудандарының қызметкерлерi; IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары; бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушілерi, операторлары, слесарлары; "ПОНАБ" және "ДИСК" аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар; сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар; байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушілерi; орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi; IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi; жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi;
Тармақша 2
2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi; жол жұмысшылары, жөндеушiлер; көпiр қарауылдары; паромшылар; жол және көпiр шеберлерi; қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi;
Тармақша 3
3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi: аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар; шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызметкерлерi;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк орманды қорғау қызметкерлерi: орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар; орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар; орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселелерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер; орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетекшiлерi мен олардың орынбасарлары;
Тармақша 5
5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi: кабельшi-дәнекерлеушiлер;
Тармақша 6
6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер: учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер);
Тармақша 7
7) республикалық және жергілiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi: шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары; табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары;
Тармақша 9
9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi: желiлiк тексерушілер;
Тармақша 10
10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi: гидрометеостанциялардың бастықтары; техник-метеорологтар; техник-гидрологтар; техник-агрометеорологтар; гидрометеопосттардың байқаушылары; қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi;
Тармақша 11
11) балық шаруашылығының қызметкерлерi: балық жетекшiлерi; қарауылдар; тоған жұмысшылары; инкубация цехтарының жұмысшылары; сорғы станцияларының машинистерi.