Об утверждении Правил отнесения земель к особо охраняемым природным территориям Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 910 қаулысымен бекiтілген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi
Тармақ 1
1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөнiндегi өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiне оң қорытынды болған кезде жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) тапсырмасы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган) ұсыныстары негiзiнде тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган) сұралған жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық органмен, облыстық органдармен келiсiледi және оны облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган бекiтедi. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасының негiзiнде тиiстi облыстық облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы тиiстi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келiсiледi және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiтедi. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасы және облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмi негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызуға арналған жер құрамына енгiзiлген жердi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қою (сатып алу) жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6.
Тармақ 7
7.
Тармақ 8
8.
Тармақ 9
9.
Тармақ 10
10.
Тармақ 11
11.
Тармақ 12
12.
Тармақ 13
13.
Тармақ 14
14.
Тармақ 15
15.