Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории сельских округов Сарапхана, Какпак, Кызылкия, Шанак и Карабау Казыгуртского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазығұрт ауданының Сарапхана, Қақпақ, Қызылқия, Шанақ және Қарабау ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Қақпақ, Қызылқия, Шанақ және Қарабау ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.