Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) бейбіт уақытта – Қарулы Күштердің Бас штабы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 14-үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
сотқа жүгіну;
тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандар тарту;
Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде тарту;
заңнамада белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға талдау жүргізу;
бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;
Тармақша 2-1
2-1) әскери жоспарлау жүйесін әзірлейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің жəне Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиттері шегінде Министрліктің құрылымын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Министрлік пен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Министрліктің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды;
Тармақша 8
8) Министрліктің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмысқа басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
Тармақша 11
11) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, олардағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 13
13) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды;
Тармақша 14
14) ведомстволық әскери оқу орындарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 17
17) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 18
18) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) бітімгершілік операцияға даярлық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) бітімгершілік операцияға даярлық жоспарын бекітеді;
Тармақша 21
21) экономиканың, мемлекеттік органдардың жəне меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 21-1
21-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
Тармақша 22
22) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 22-1
22-1) Министрліктің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қояды;
Тармақша 23
23) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 26
26) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) Қарулы Күштердің республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 28
28) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қарулы Күштердің мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 30
30) Қарулы Күштердің әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 31
31) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлуді және пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 32
32) Қарулы Күштердің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
Тармақша 33
33) Қарулы Күштерде шифрлау жұмысын жүзеге асырады;
Тармақша 34
34) Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды және ақпарат қауіпсіздігін қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, енгізуді, сүйемелдеуді, шығаруды ұйымдастырады;
Тармақша 36
36) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікті мониторингтеуді жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;
Тармақша 37
37) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 38
38) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 39
39) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
Тармақша 41
41) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады;
Тармақша 42
42) Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 43
43) Қарулы Күштерде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 44
45) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы Күштердің аумақтық әскеріне басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қарулы Күштерді жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына даярлауды жүзеге асырады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, аумақтық әскерлерді, әскери оқытылған резервті даярлауды үйлестіреді;
Тармақша 47
47) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 48
48) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 49
49) Министрлік және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;
Тармақша 50
50) Қарулы Күштердің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;
Тармақша 51
51) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәріні жою жөніндегі бірлескен іс-қимылды бекітеді;
Тармақша 52
52) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасайды;
Тармақша 53
53) қару-жарақты бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын қадағалайды;
Тармақша 54
54) әскери медицинаны қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
Тармақша 55
55) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
Тармақша 56
56) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 57
57) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 58
58) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және ұлттық стандарттау жоспарын қарайды;
Тармақша 59
59) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 60
60) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
Тармақша 61
61) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 62
62) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен Қарулы Күштер республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамасын, командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 63
63) Қарулы Күштерде режимдік үй-жайларды арнайы тексеруді, техникалық құралдарды арнайы зерттеуді және арнайы тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 64
64) Министрлікке Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 65
65) өз құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізеді;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әскери ұлттық стандарттарын әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
Тармақша 67
67) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 68
68) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қосарланған және әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асырады;
Тармақша 69
69) қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 70
70) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 71
71) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 72
72) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
Тармақша 73
73) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандар тізбесін әзірлейді;
Тармақша 74
74) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша уәкілетті органдардың пилотсыз әуе кемелерінің шекаралық белдеу үстінен ұшуды жүзеге асыруына рұқсат береді;
Тармақша 75
75) Қарулы Күштерде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 76
76) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 77
77) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 78
78) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 79
79) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 80
80) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің жабдықталым құрылымдық бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді;
Тармақша 81
81) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қарулануына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 82
82) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 83
83) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;
Тармақша 84
84) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 85
85) меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Министрлік әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 86
Тармақша 87
87) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
Тармақша 88
88) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
Тармақша 89
89) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 90
90) жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженi бекітеді;
Тармақша 91
91) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 92
92) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 93
93) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекітеді;
Тармақша 94
94) оларда қызмет өткеру әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 95
95) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;
Тармақша 96
96) Қарулы Күштердің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 97
97) Қарулы Күштердің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 98
98) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 99
99) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
Тармақша 100
100) әскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 101
101) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 102
102) Министрлік орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;
Тармақша 103
103) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 104
104) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 105
105) қару мен оқ-дəрілердің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетімен тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;
Тармақша 106
106) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 107
107) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 108
108) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша əскери даярлық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 109
109) Министрліктің əскери оқу орындарынан оқудан шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 110
110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 111
111) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі) оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 112
112) шетел əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 113
113) Қарулы Күштерде дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 114
114) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 115
115) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 116
Тармақша 116-1
116-1) Қарулы Күштердің әскери, арнайы оқу орны бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде ұсынылатын әскери, арнайы оқу орнының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаны бекітеді;
Тармақша 116-2
Тармақша 116-3
Тармақша 116-4
Тармақша 116-5
Тармақша 116-6
116-6) әскери, арнайы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 117
117) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 117-1
117-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетонды беру, пайдалану және олардың сипаттамасы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 118
118) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 119
119) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120
120) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120-1
120-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120-2
120-2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекші жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және олардағы ішкі тәртіптеменің үлгілік қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120-3
120-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасында ұсталатын әскери қызметшілерді (әкімшілік қамаққа алынған әскери қызметшілерден басқа) гауптвахтадан тыс жерде күзету және алып жүру (айдауылмен алып жүру) қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120-4
120-4) Қазақстан Республика Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарындағы қызметке алғаш кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 120-5
120-5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары арнаулы құралдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 120-6
120-6) Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісу бойынша әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 120-7
120-7) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 121
121) əскери қызметшілердің Қарулы Күштер əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 122
122) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 123
123) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 124
124) Қарулы Күштердің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;
Тармақша 125
125) Қарулы Күштерде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 126
126) қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 127
127) Министрлік әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;
Тармақша 128
128) Қарулы Күштердің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 129
129) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 130
130) Қарулы Күштер полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 131
131) Министрліктің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 132
132) жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік ісін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 133
133) жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 134
134) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 135
135) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиация борттық дәріқобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 136
136) Қарулы Күштер ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 137
137) ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 137-1
137-1) Қарулы Күштерде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 138
Тармақша 139
139) Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 140
140) Қарулы Күштерде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 141
141) Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 142
142) Қарулы Күштердің гарнизондарында, әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 143
143) Қарулы Күштердің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 144
144) Қарулы Күштердің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 145
145) Қарулы Күштерден шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 146
146) Қарулы Күштерде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 147
147) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 148
148) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 149
149) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамаларын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды жүргізу жөніндегі сараптау комиссияларының құрамын бекітеді;
Тармақша 150
150) Министрлікке ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 151
Тармақша 152
152) Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-штаттық іс-шаралары материалдарын жоспарлау және дайындау, штаттары мен табельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 153
153) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен әскери атақтар тізбесіне сәйкес Қарулы Күштер әскери қызметшілері штаттық лауазымдарының, әскери атақтарының, әскери-есептік мамандықтарының тізбесін, лауазымдары мен әскери атақтарының кодтарын бекітеді;
Тармақша 154
154) Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің орналасу есебін жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 155
155) Қарулы Күштердің жұмылдырылуын өрістету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 156
156) бітімгершілік операцияларға қатысу үшін Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 157
157) Қарулы Күштер әскери полициясы органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 158
158) Қарулы Күштердің көлік құралдарын бақылауды және 200 километрден астам қашықтықта пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 159
159) Қарулы Күштерде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 160
160) Қарулы Күштерде әскери (корабльдік) шаруашылықты жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 161
Тармақша 162
162) Қарулы Күштер әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 163
163) Қарулы Күштерде құпияландырылған байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 164
164) Қарулы Күштерде құпияландырылған байланыстың ведомстволық желісі жабдығын орналастыру және монтаждау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 165
165) Қарулы Күштерде байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және байланыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 166
166) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 166-1
166-1) Министрліктің мүддесінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Министрліктің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 167
167) Қарулы Күштерде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 168
168) Министрліктің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 169
169) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша алғашқы көмек (жеке, топтық) дәріқобдишаларының тізімдемелерін бекітеді;
Тармақша 170
170) Министрлік әскери барлау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүргізу және өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу қағидаларын және негіздерін бекітеді;
Тармақша 171
171) Министрлікте және Қарулы Күштерде жеке және қызмет бабында пайдаланылатын техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) алып кіру, алып шығу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 172
172) Министрліктің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің санаттарына сәйкес тізбесін бекітеді;
Тармақша 173
173) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 174
174) Қарулы Күштердің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамға медициналық қарап-тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігін бекітеді;
Тармақша 175
175) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданылып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;
Тармақша 176
176) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 177
177) ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 178
178) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіліп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 179
179) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 180
180) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіліп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 181
181) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін бекітеді;
Тармақша 182
Тармақша 183
183) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 184
184) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 185
185) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 186
186) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 187
187) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
Тармақша 188
188) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 189
189) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);
Тармақша 190
190) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 191
191) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекітеді;
Тармақша 192
192) Қарулы Күштерде медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген және әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 193
193) әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 194
194) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 195
195) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзудың жолын кеседі;
Тармақша 196
196) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 197
197) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға арналған режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді;
Тармақша 198
198) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсаттар береді;
Тармақша 199
199) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге арнайы бөлінген дәліздерден тыс әуе кеңістігінде шет мемлекеттердің әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына рұқсаттар береді;
Тармақша 200
200) шет мемлекеттердің мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына арналған рұқсаттарды келіседі;
Тармақша 201
201) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 202
202) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 203
203) мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 204
204) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 205
205) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 206
206) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелім және қосымша танылым белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 207
207) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекітеді;
Тармақша 208
208) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 209
209) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 210
210) мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді;
Тармақша 211
211) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді сыныптауды, мемлекеттік органдардың мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 212
212) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;
Тармақша 213
213) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 214
214) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 215
215) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 216
216) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 217
217) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 218
218) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 219
219) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 220
220) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) бекітеді;
Тармақша 221
221) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 222
222) мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 223
223) мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 224
224) әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 225
225) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;
Тармақша 226
226) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;
Тармақша 227
227) аумақтық сулардағы теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 228
228) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады;
Тармақша 229
229) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 230
230) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 231
231) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорғаныс министрінің актісі негізінде Қорғаныс министрлігі шегінде әскери мүлікті береді;
Тармақша 232
232) өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 233
233) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 234
234) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 235
235) мүліктік жалдауға (жалға) берілген пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
Тармақша 236
236) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттаманы айқындайды;
Тармақша 237
237) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;
Тармақша 238
238) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді;
Тармақша 239
239) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 240
240) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді және оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;
Тармақша 241
241) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;
Тармақша 242
242) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;
Тармақша 243
Тармақша 244
Тармақша 245
245) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 246
246) қызметтік тұрғынжайды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 248
248) соғыс жағдайы режимі жағдайларында және Қазақстан Республикасының әскери кауіпсіздігі мен қорғанысы шеңберінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақша 249
249) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:
биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерге әкелетін жағдай туралы ақпарат беру;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингті жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу арқылы жүзеге асырады;
биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 250
250) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді.
Тармақша 251
251) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 252
252) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
Тармақша 253
253) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
Тармақша 254
254) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 255
255) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
Тармақша 256
256) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
Тармақша 257
257) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 258
258) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
Тармақша 259
259) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
Тармақша 260
260) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 261
261) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.
Тармақша 262
262) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;
Тармақша 263
263) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 264
264) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 265
265) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мемлекеттік күзет қызметімен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі мен мекемесінің Жауынгерлік Туына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Грамотасы бланкісінің сипаттамасы мен үлгісін бекітеді;
Тармақша 266
266) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 267
267) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы авиациялық персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 268
268) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.
Тармақша 269
269) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс мұқтажын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиоэлектрондық құралдар үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 270
270) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, енгізуді, сүйемелдеуді және шығаруды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 271
271) Қарулы Күштерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 272
272) Қарулы Күштерде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 273
273) Қарулы Күштердегі қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 274
274) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидаларын келіседі;
Тармақша 275
275) Қарулы Күштердің әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қағидаларды бекітеді;
Тармақша 276
276) Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде, мекемелері мен ұйымдарында мөрлер, мөртаңбалар жасау, сақтау және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 277
277) Қарулы Күштерде парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 278
278) Қарулы Күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 279
279) бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысады;
Тармақша 280
280) Қарулы Күштердегі әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметтік ісіне ведомствоішілік тексеру және бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 281
281) Қарулы Күштердің орталық, өңірлік флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 282
282) Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті меморандумдар жасасады;
Тармақша 283
283) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдігін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;
Тармақша 284
Тармақша 285
285) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 286
286) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 287
287) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 288
288) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 289
289) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекітеді.
Тармақша 290
290) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 291
291) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесіп, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 292
292) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 293
293) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 294
294) бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейiнгi және әскерге шақыруға дейiнгi тереңдетiлген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың бiлiктiлiгiн арттырудың бiлiм беру бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 295
295) әскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы әскери даярлықты, оның ішінде әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санатын беру, біліктілігін арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады;
Тармақша 296
296) әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды келіседі;
Тармақша 297
297) әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және оларды лауазымынан босату тәртібін, сондай-ақ олардың біліктілік сипаттамасын келіседі;
Тармақша 298
298) әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады;
Тармақша 299
299) әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын бекітеді;
Тармақша 300
300) әскери кафедрадағы (әскери факультеттегі) әскери даярлық бағдарламаларының тізбесін бекітеді;
Тармақша 301
301) әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 302
302) әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 303
303) әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекітеді;
Тармақша 304
304) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 305
305) Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 306
306) мемлекетте қорғаныс мұқтажын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнаулы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 307
307) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 308
308) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 309
309) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 310
310) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 311
311) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 312
312) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді;
Тармақша 313
313) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;
Тармақша 314
314) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;
Тармақша 315
315) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;
Тармақша 316
316) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 317
317) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 318
318) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарлы мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;
Тармақша 319
319) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 320
320) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;
Тармақша 321
321) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижесіне сынақтар жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 322
322) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде қатынас жолдарын техникалық жабу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
Тармақша 323
323) қатынас жолдарына әскери-техникалық талаптарды белгілейді;
Тармақша 324
324) Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және оларды салуды жоспарлау қағидаларын көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп бекітеді;
Тармақша 325
325) әскери қатынас органдары туралы ережені бекітеді;
Тармақша 326
326) әскери қатынас органдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 327
327) әскери-техникалық талаптарды сақтау бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және кейіннен кәдеге жаратуға жобалауға арналған тапсырманы және жобалау құжаттамасын келіседі;
Тармақша 328
328) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің, мекемелерінің аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 329
329) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібін айқындайды;
Тармақша 330
330) әрекеттегі резервтің әскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 331
331) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидаларын бекітеді;
332) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аумақтық қорғаныс саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ оны жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізеді;
333) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бекітеді;
334) аумақтық әскерді қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етеді;
335) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
336) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
337) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 338
338) далалық төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 339
339) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде Министрліктің әскери барлау органдарының штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде жұмысқа тарту қағидаларын бекітеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган, алқалы орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган, алқалы орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік, құрылымдық бөлімшелер лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнаулы операциялар күштері қолбасшысының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;
Тармақша 3
3) бекітілген штат саны лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды;
Тармақша 4
4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті прокурорлар тізбесін келіседі;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарға орналасу үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;
Тармақша 8
8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылысы бойынша ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;
Тармақша 10
10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару мәселелерін шешеді;
Тармақша 11
11) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;
Тармақша 12
12) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 13-1
13-1) Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды адамы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша кірісін қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Министрлік, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, оған бекiтiліп берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның
ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның
ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Құпия.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының
қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тiзбесi
Құпия.
________________________
Басқа 408. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысының 6-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 962 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1241 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 58 қаулысы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 357 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 104 қаулысы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 916 қаулысы.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерiс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 707 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 671 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 14
14. «Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1107 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 қаулысы.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 29 қаулысының 3-тармағы.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысының 1-тармағы.
Тармақ 21
21. «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 669 қаулысы.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 217 қаулысы.
Тармақ 24
24. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.
___________________