О ходе выполнения в области Закона Республики Казахстан «Об образовании» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының облыста орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Облыстық білім басқармасының бастығы К.С.Қатаевтың «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының облыста орындалу барысы туралы» баяндамасын талқылай келе, облыстық маслихат осы заңды іске асыру барысында көптеген белгілі қызмет атқарылғанын анықтап көрсетті. Экономикалық және әлеуметтік реформаларды дамыту және кеңейтуде де көптеген түрлі жұмыстар атқарылып, нарықтық құрылу тәжірбиесі жинақталды. Білім саясаты да өзгеріп келеді, білім жүйесін нарықтық эконмика субъектісіне айналдыруына, оның нарықтық экономиканың жаңа шарттарына бейімделуіне көптеген шаралар қолдануда. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру процессінің мазмұны, әдісі және нысаны жаңаруда, мектептердің қаржылы, материалды-техникалық, ғылыми –әдістемелік жағдайларын жақсарту жолдарын табу басты мақсатта тұр. Облыста білім мекемелерінің көздерін сақтап қалу үшін түрлі шаралар қолданылуда. 1995-96 оқу жылында 532 орта білімді 126558 оқушы құрамымен мектептер жұмыс жасады. «Білім туралы» заңды іске асыру мәселесіне қала, аудан әкімдері өз үлестерін қосып, орындалуына көп көмек етіп келеді. Сырым, Жалпақтал, Теректі аудандық маслихаттары осы сұрақтарға қатысты арнайы сессия өткізді. Басқа аудандарда олар депутаттардың тұрақты комиссия отырыстарында қаралды. Сонымен қатар, облыстық маслихат «Білім туралы» Заңның орындалуы толық түрде Қазақстан Конституциясының талаптарына, облыс тұрғындарының ресми сұрауларына жауап бермейтінін көрсетті. Бюджеттік қаржының жетіспеуі күрделі мәселе болып қалып отыр, бұл оқу тәрбие жағдайын нашарлатады, оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік қорғау деңгейін төмендетуде. Көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңармай қалып отыр, білім мекемелерін компьютерлендіру жұмысы тоқтатылды. Соңғы екі жыл ішінде барлығы екі компьютерлі сынып қабылданды. Жылу мерзіміне дайындық кезінде коптеген ауыл мектептері қиындық көруде. Мектептерге қарыз 1 шілде 1996 жылға 590 млн. теңгені құрайды, әсірісе Жәнібек, Тасқала, Шыңғырлау аудандарындағы мектептерге қарыз мөлшері өте жоғары. Облыстағы білім мекемелерінің өздері оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда және оны қоюда кемшіліктер жібереді 1995-96 оқу жылында облыс мектептерінде 678 мұғалім жетіспеді, олардың тең жартысы, жолдаған жерлерге келмеген, гуманитарлық университет пен педагогикалық колледж түлектері. Облыс білім басқармасы орындарындағы білім мекемелерінің басқармасының жұмыс жасау стилі мен нысанына толық көңіл аудармайды, алдыңғы қатарлы мектептер мен мұғалімдердің тәжірбиесі аз оқылып қорытылмайды. Көптеген орта білімді мектептер мен кәсіптік-техникалық мектептер өндіріс коллективтері және жұртшылықпен нашар қарым-қатынаста. Құқықтық үгіт, мектеп түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен қойылған. Облыстық маслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Облыстық білім басқармасына облыстық маслихаттың ұлт қатынастары, тіл дамыту, ғылым, білім және мәдениет мәселелерімен айналысатын тұрақты комиссиясымен бірігіп: - облыстағы білімнің даму стратегиясын анықтап, өтпелі оқу жоспары бойынша оқыту негізін алу, облыстың мектептерін және басқа оқу орындарын реформаландыру бағдарламасы әзірленсін. - мамандарды дайындауды тәртіпке келтіру жоспары арқылы жұмыстандыру орталығымен жұмысты, өтпелі оқу бағдарламасымен қызмет жасап жүрген және оқу орындардың жаңа кешендерін құру қызметтерін жастарды біліммен қамтитын барлық типті оқу орындарында үйлестіруді қамтамасыз етсін /мектеп-КТМ-колледж-ЖОО/.
Тармақ 2
2. Орал қалалық, аудандық маслихаттарға, қала және аудан әкімдеріне, білім басқармасына ұсынылсын: - барлық типті оқу орындарында жастар тегін орта білім алу үшін оқу орындардың қажетті санын көбейтуді қамтамасыз ету қызметтерін атқару; - қазақ және басқа тілдерді терең оқыту пәндерін профильді оқытуды, еңбекке баулауға арналған пәндерді оқытуға арналған пәндерді оқытуға қажетті сыныптар және мектеп көздерін кеңейту; - бабалық шақтың инфрақұрылымын жақсартуға, мектепке дейінгі, мектептен тыс, жұмыстан бос уақытта тағаыйндалған мекеме көздерінің жабылуын тоқтатуға қолғабыстарын тигізу; - аудандардағы кәсіптік-техникалық мектептерге қосымша бос айдалатын жер бөлу мәселесін қарастыру; - Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің № 975-14 шілде 1995 жылғы қаулысының негізінде білім объектілерінің кәсіпорын балансынан жергілікті орындаушы ұйымдарға беруді кезеңге бөлу жоспарын дайындау; - медициналық мекемелермен бірігіп балалардың дамуының бұзұлуын және бала мінезінде байқалған ауытқушылықты анықтап, алдын ала басын алу мәселесі шешілсін. Оларға білім алу мүмкіндігін туғызсын. Білім басқармасы мен бөлімдеріне, облыстағы оқу орындарының басшыларына оқушылар арасында тәрбие жұмысын маңызды, пайдалы жүргізу мәселесіне көңіл аудару қатаң талап етілсін, балалардың арын және жағымды мінез-құлқын дамытатын, құқықпен таныстыратын, қазақстандық патриотизмді тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдердің ұйымдарының құрылып, дамуына ықпал етілсін. Мұғалімдердің сабақ жүргізу дәрежесіне және тәрбиелік жұмыстарға деген жауапкершілігі жоғарлатылсын, алдыңғы қатарлы ұстаздардың еңбек тәжірбиесі оқылып, кеңейтіліп, практикаға кеңінен қолданылсын. Дарынды балалармен жұмыс үшін облыстық бағдарлама дайындалсын.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасына ең төменгі күнкөріс деңгейін, ата-аналардың сұраулары мен педагогикалық коллективтердің ұсыныстарын ескере отырып, әкімшіліктің осы мәселемен айналысатын басқармаларымен бірігіп, «Диана» АҚ және басқа да шаруашылық субъектілермен құптауға болатын бағаға мектеп киімдерін шығару шараларын жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкіміне ЖОО-ның мен орта арнаулы орындарының басшыларының облыстық Советін құру ұсынылсын, облыстағы білім стратегиясын анықтау және қызметін үйлестіру үшін.
Тармақ 6
6. Облыстағы өндіріс орындарындағы басшыларға мектеп директорларының ұсынуы бойынша білім беру орындарының жас мамандарын жалпы азық-түлікпен, ауылдағы жас мұғалімдердің тұрғын-үйлерін жөндеп, ауыл мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ауыл мұғалімдерінің коммуналдық қызметтерге төлемін жабу мүмкіншіліктерін қарастыруды ұсынсын.
Тармақ 7
7. Қала және ауыл әкімдеріне білім беру бөлімдерімен бірігіп қамқоршылық белсенділігін артсын, келісім шарт негізінде әрбір мектепке қамқоршылық ететін кәсіпорындарды бекітуге шешім қабылдансын. Орал қалалық, аудандық мәслихаттар «Білім туралы» Заңның іске асу барысын талдап сессия өткізсін, оқу орындары мен мектептен тыс мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға нақты шаралар анықталсын, кадр мәселелері мен білім беру орталығының қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды нығайту мәселелері шешілсін. Облыстық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімі сессия барысында енгізілген ұсыныстар мен ескертулерді қорытып, оны орындауға жауапты адамдарға жолдасын. Тұрақты комиссияларға, депутаттарға ұсыныстарды іске асыруды және оларды шешуге көмек көрсетуді бақылауға алу тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасына, қала және аудандар әкімдеріне білім беру орталықтарын қаржыландыруға шара қолдансын, жалақы бойынша қарызды жабу және білім қызметкерлеріне демалыс күндері үшін төлемді беру, нарықтың талаптарына сай әлеуметтік қорғаудың мүмкіншіліктерін қарастырсын.
Тармақ 9
9. Оқу орнының түлектерін, жастарды және жасөспірімдерді еңбекпен қамту комплексті бағдарламасын дайындап, оның орындалуын білім басқармасынан талап етуді негізгі еңбек басқармасына және басқа тұрғындарды жұмыстардыру қызметтеріне тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттеріне, облыстық телекомитетіне облыстық оқу орындарының жинақталған қызмет тәжірбиесін, жергілікті өкілетті және орындаушы органдарының білімді жетілдірудегі еңбектерін кеңінен таратуды тапсырсын.