Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңын 31 бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 118 қаулысына қосымша Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары № Нақты орналасқан жері Алып жатқан алаңы, шаршы метр Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі Қызмет саласы Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) 1. Шардара қаласы, Еркөбек көшесі №2 А Қымызханаға қарама-қарсы 20 3 жыл Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату «Береке» сауда үйі 2. Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі №58 «Шардара» ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі ғимаратына қарама-қарсы 30 3 жыл Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату Жоқ 3. Шардара қаласы, Б.Тажиев көшесі №41 «Texas» fast food ғимаратына қарама-қарсы 30 3 жыл Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату «shardeluxe» super market 4. Шардара қаласы, Ө.Түгелбаев даңғылы №43 «Rysqul ata» qurylys zattar dúkeni ғимаратының сол жағында 12 3 жыл Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату «Alihan» saýda ortalyǵy