Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельских населенных пунктах по Толебийскому району Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Төлеби ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Төлеби аудандық мәслихаты
Басқа 4. Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі
Төлеби ауданының әкімдігі 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 144 қаулысына қосымша Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
Тармақша 3
3) ассистент;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 5
5) қарттар мен мүгедектігі бар күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 6
6) психолог;
Тармақша 7
7) диеталық мейіргер;
Тармақша 8
8) мейіргер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Тармақша 2
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 3
3) кітапханашы;
Тармақша 4
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 5
5) библиограф;
Тармақша 6
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 7
7) музыкалық жетекші;
Тармақша 8
8) режиссер;
Тармақша 9
9) хореограф;
Тармақша 10
10) ұжым (үйірме) басшысы;
Тармақша 11
11) аккомпаниатор.