Об утверждении Правил использования средств резерва акимата города Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімияты резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы «Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13-бабына және «Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 Қаулысына сәйкес қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕД:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қала әкімияты резервінің қаржысын пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Аухадиевке жүктелсін. Қала әкімі аппаратының басшысы Темірбай Сембайүлы Мәкімов Қала әкімі аппаратының бас маман-заң кенесшісі Алмагүл Төлеуханқызы Қамбарова
Басқа 3
Қала әкімиятының 2003 жылғы «28» мамырдағы № 182 қаулысымен Бекітілген Қала әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі Осы ережемен қала әкімият резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың реті белгіленеді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Бұл Ережеде мынандай уғымдар пайдаланылады : қала әкімияты резерві /бұдан былай әкімиятының/ - тиісті қаржы жылына арналып, қалалық бюджетке көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденеңшығыстарды қаржыландыру үшін қала әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат; көлденен шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған қалалық бюджеттіқалыптастыру кезде күні бұрын жоспарлау мүмкіндігі болмаған және кейінге қалдырмай, ағымдағы қаржы жылы қаржылындыруды талап ететін шығыстар; қала әкімінің міндеттемелерін өтеу үшін құралған қала әкімияты резервінің құрамындағы қаражаттар, сот шешімдері бойынша қала әкімияты міндеттемелерін өтеу үшін көзделген қаржылар.
Тармақ 1.2
1.2. Қала әкімияты резервтік қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынадай шаралар жатады: 1.2.1 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, булар:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек керсету;
Тармақша 2
2) зардап шеккендер үшін уақытша тұратын және тамақтанатын орындар дайындау әрі ұстау;
Тармақша 3
3) апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру шұғыл шара белімшелерін техникалық қүрамдармен, жабдықтармен және жарықтармен қосымша жабдықтау;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдық тасымалдануын қамтамасыз ету;
Тармақ 1.2.2
1.2.2. сот шешімдері бойынша қала әкімінің міндеттемелерін өтеу. Қала әкімияты резервінің қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін емес.
Тарау 2. 2. Қала әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
2. Қала әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Қала әкіммяты резервінен қаражат бөлуді қала әкіммятының каупысы негізінде заңдармен белгіленген тәртіп бойынша, яғни тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің шығыстық құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады, оны алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары көрсетіледі.
Тармақ 2.2
2.2. Қала әкімияты резервтік қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және оның осы Ережемен резервтен қаражат бөлу туралы қала әкімияты каулысымен көзделмеген басқа мұқтаждықтарға пайдаланылуы мүмкін емес.
Тармақ 2.3
2.3. Әкімият резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынандай шарттар, яғни :
Тармақша 1
1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша әкімінің өз міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, қала әкімият резервтік қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 3.1
3.1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағы кезеңде қала әкімият резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия қарайды. Туындаған төтенше жағдайлардың аймақтық немесе күрделі болуы керек.
Тармақ 3.2
3.2. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесі төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия айқындайды.
Тармақ 3.3
3.3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссия белгіленген тәртіппен әкімге төтенше жағдайды жоюға қаржы бөл туралы шешім жобасын енгізеді.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша қала әкімият міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
4. Сот шешімдері бойынша қала әкімият міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 4.1
4.1. Сот шешімдері бойынша қала әкімінің міндеттемелерін өтеу, сотта атқарушы құжаттары болған жағдайда, әкімият резервтік қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4.2
4.2. Қала әкімінің міндеттемелерін өтеуге резервтен қаражат бөлу туралы әкімият каулысының жобасын қалалық қаржы бөлімі зандармен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есептілік
5. Бақылау және есептілік
Тармақ 5.1
5.1. Қала әкімияты резервінен бөлінген қаражатты алушылар қалалық қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен олардың мерзімінде пайдаланылуын орындалған жүмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 5.2
5.2. Қалалық қаржы бөлімі ай сайын қала әкіміне әкімияттың резервтік қаражатының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 5.3
5.3. Қала әкімияты резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылмағандығы үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 5.4
5.4. Қала әкімияты реэервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды тиісі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.