Об утверждении Правил дачи согласия депутатами маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения на назначение на должность акима столицы, области и города республиканского значения Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиiс Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабын іске асыру үшін әзірленді және астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты тағайындауға келісім беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына тағайындауға келісім астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысында беріледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті ұсыну негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуында әкім лауазымына кандидаттардың өмірбаян деректері, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалары туралы ақпарат және өзге де ақпарат қамтылады.
Тарау 2. 2-тарау. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жиналысын өткізу тәртібі
2-тарау. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жиналысын өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін тағайындауға келісім алу үшін астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 6
6. Жиналыс осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей өткізіледі. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының төрағасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап бір күн мерзімде тиісті аумақтың депутаттарын жиналыстың шақырылу күні мен уақыты және өткізілетін орны туралы көрсетілген ақпаратты тиісті мәслихаттың (мәслихаттардың) ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Жиналыстың күн тәртібіне:
Тармақша 1
1) астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихаты төрағасының қысқаша кіріспе сөзі;
Тармақша 2
2) санақ комиссиясының мүшелерін, сондай-ақ комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлау;
Тармақша 3
3) дауыс беру тәсілін таңдау (ашық немесе жасырын);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамның Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуын жария етуі және астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің лауазымына кандидатураларды ұсыну;
Тармақша 5
5) тиісті аумақ әкіміне кандидаттардың өздерінің алдағы қызметінің бағдарламасы туралы тезистерін баяндауы кіреді.
Тармақ 8
8. Жиналыста депутаттар кандидаттарға сұрақтар қоюы мүмкін. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер айтуға құқылы.
Тармақ 9
9. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады. Жиналысты облыс мәслихатының төрағасы басқарады. Астана және республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарының жиналысына тиісті мәслихаттардың депутаттары қатысады. Жиналысты тиісті мәслихаттың төрағасы басқарады. Егер жиналысқа астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші болады. Әрбір жиналыстың алдында қатысатын депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.
Тармақ 10
10. Жиналысты астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының аппараты ұйымдастырады және техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырылып өткізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Дауыс берудің ұйымдастырылуы мен тәртібі
3-тарау. Дауыс берудің ұйымдастырылуы мен тәртібі
Тармақ 11
11. Кандидаттардың баяндамасы мен жарыссөздер (өткізілген жағдайда) аяқталғаннан кейін дауыс беру өткізіледі. Кандидаттар үшін дауыс беру процесін ұйымдастыру және оның қорытындыларын шығару үшін қатысып отырған депутаттар қатарынан тақ саннан, кемінде 3 адамнан тұратын санақ комиссиясы құрылады. Санақ комиссиясының мүшелері өз құрамының көпшілік даусымен санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлайды. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты келісу үшін қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің шешімі бойынша ашық не жасырын дауыс беру өткізіледі. Ашық не жасырын дауыс беруді өткізу тәртібін санақ комиссиясы белгілейді және оны санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Тармақ 12
12. Жиналыс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Дауыс беру:
Тармақша 1
1) дауыстарды санаудың электрондық жүйесі болған кезде, ол пайдаланыла отырып;
Тармақша 2
2) қол көтеру арқылы;
Тармақша 3
3) бюллетеньдер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде, астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Дауыс беру рәсімінде тек «жақтап» және «қарсы» дауыс беруге болады. Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беруге қатысқандардың, «жақтап», «қарсы» дауыс бергендердің санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жариялайды. Деректер депутаттар жиналысының хаттамасына енгізіледі.
Тармақ 14
14. Ашық дауыс беру қол көтеру арқылы не дауыстарды санаудың электрондық жүйесі болған кезде, ол пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Жасырын дауыс беру өткізу кезінде, бюллетеньдер тікелей дауыс беру басталар алдында беріледі. Бюллетеньдер санақ комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен, саны отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең болып дайындалады және оларға санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды. Мәслихат төрағасы бюллетеньдерді дайындау үшін жиналыста үзіліс жариялауы мүмкін. Әрбір депутатқа санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойған бір бюллетень беріледі. Депутаттарға жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер олар депутат куәлігін немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде беріледі. Жасырын дауыс беру үшін құпиялылықты сақтау бойынша талаптар ұстана отырып, арнайы бөлінген орынға астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының мөрі басылған жәшік орнатылады. Мәслихат депутаты өзі дауыс беретін кандидаттың тегінің оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды. Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер санау кезінде есепке алынбайды. Санақ комиссиясы дауыс беруге арналған жәшікті дауыс беру аяқталғаннан кейін ашуға тиіс. Жәшікті дауыс беру аяқталғанға дейін ашуға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Санақ комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттама жасайды, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және ол астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына беріледі. Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутатының кейін дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 17
17. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат келісім алған болып есептеледі. Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаған болса, санақ комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
Тармақ 18
18. Жиналыс астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан кейін жабылады. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы және санақ комиссиясының төрағасы қол қойған жиналыстың хаттамасы жиналыстың өткізілуін куәландыратын құжат болып табылады, ол бір күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.