Об утверждении положения государственного учреждения «Отдел предпринимательства и туризма Курмангазинского района Атырауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «30» мамырдағы № 215 қаулысымен бекітілген қосымша «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) –Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.
Тармақ 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Кәсіпкерлік пен туризмді қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; Аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Құрманғазы ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; белгіленген тәртіппен аудандық атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Бөлімнің өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу; мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу; белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
Тармақша 2
2) міндеттері: бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпарат беру; қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру; белгіленген тәртіппен аудан әкіміне бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын әзірлеу; аудан әкімінің тапсырмасы бойынша бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде аудан әкімдігінің мүддесін білдіреді; бөлімге жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге; аудан әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді; бөлім өз құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарауға және хаттамалар мен қаулылар қабылдауға құқылы.
Тармақ 15
15. Функциялары: жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады; өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді; жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды; сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады; жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады; белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және арыздарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді; аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; балалар және жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді; туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді; аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді; аттракциондардың, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орынбасарлары болмайды.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері: бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды; заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; бөлім атынан шарттар жасасады, шарттарға, бөлім бойынша алынатын бұйрықтарға қол қояды; бөлім туралы Ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады; аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді; бөлім жұмысы туралы аудан әкімі аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді; мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық әрекеттер анықталған кезде аудан әкімі аппаратына дереу хабарлайды; бөлім басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.