Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылы 27 мамырдағы № 06-07-2-35/185 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Қызылтас, Жуантөбе, Басқорық ауылдарының аумағында ірі қара малдарының арасынан жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея аурулары пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.