О работе по укреплению общественного порядка и повышению роли участковых инспекторов полиции органов внутренних дел области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiптi нығайту және полицияның учаскелiк инспекторларының рөлiн арттыру жөнiндегi жұмысы туралы Облыс IIБ бастығының баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыс әкiмдiгi облыс iшкi iстер органдары, қоғамдық қауiпсiздiктiң құрылымдық бөлiмшелерi қабылдаған шаралар негiзiнен жедел жағдайды барабарлық бақылауға, облыстық қалалары мен ауылдарында қоғамдық тәртiптi нығайтуға мүмкiндiк бергенiн атап өтедi. Айталық, 2003 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс аумағында қалыптасқан криминогендiк жағдайдың жай-күйi қылмыстардың жалпы санының 26,6% төмендегенiмен сипатталады. Облыстың, Лебяжi ауданынан басқа, барлық өңiрлерiнде қылмыстардың төмендеуi байқалады, бұл ауданда өңылмыстардың саны шамалы (79-дан 82-ге дейiн) өсiп отыр. Сонымен қатар, 2003 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша қоғамдық тәртiптi нығайту және полицияның учаскелiк инспекторларының рөлiн арттыру мәселелерiнде, соның iшiнде учаскелiк инспекторлар айналысатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда, барлық резервтердiң пайдаланылмағанын мойындау қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысымен бекiтiлген 2000 - 2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы қылмыспен күрес бағдарламасында бұрын қысқартылған полиция учаскелiк пункттерiн қалпына келтiру және қызмет iстеп тұрғандарының материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Бірақ, осы күнге дейiн Павлодар қаласы бойынша - 5, Ақсу қаласы бойынша 3 полиция учаскелiк пунктi қалпына келтiрiлген жоқ. үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша бекiтiлген нормаларға сәйкес қосымша Павлодар қаласында - 13, Екiбастұз және Ақсу қалаларында 3-тен полиция учаскелiк пунктiн құру қажет. Қазiргi кезде жұмыс iстеп тұрған полиция учаскелiк пункттерi көбiнесе қызметтiк кабинеттерiнiң iшкi безендiрiлуi, оларды қажеттi жихазбен жабдықтау жағынан қойылатын талаптарға сәйкес емес. Үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша бекiтiлген нормаға Қарағанда полиция учаскелiк инспекторларының штаттық санының тапшылығы 83 бiрлiктi, соның iшiнде ауылдық аймақтарда - 16, полиция учаскелiк инспекторларының көмекшiлерi 195 бiрлiктi, соның iшiнде ауылдық жерлерде 154-тi құрайды. Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 12 тамыздағы "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесiн бекiту туралы" № 1243 қаулысымен қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдесетiн азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлдi. Бiрақ, Май және Ақтоғай аудандарында бұл қаулы атқарушы органдар тарапынан қолдау таппай отыр. Сонымен бiрге Павлодар қаласында 2003 жылға арналып 1,5 млн. теңге мөлшерiнде бөлiнген бюджеттiк қаражаттың бiрiншi жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10% ғана игерiлген. Осы мәселенiң әкімдiк мәжiлiсiнде талқыланғанын ескере отырып, облыс әкімдігi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс IIБ бастығының "Облыс iшкi iстер органдарының қоғамдық тәртiптi нығайту және полиция учаскелiк инспекторларының рөлiн арттыру жөнiндегi жұмысы туралы" мәселе бойынша баяндамасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстың қалалық, аудандық әкімдiктерiнiң жалпы қоғамдық тәртiптi нығайту жөнiндегi жұмысы қанағаттанарлық деп, облыс iшкi iстер органдары полиция учаскелiк инспекторларының рөлiн арттыру жөнiндегi жұмысы - жеткiлiксiз деп есептелсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар, аудандар әкiмдерi: қоғамдық тәртiптi нығайту және облыс iшкi iстер органдары полиция учаскелiк инспекторларының рөлiн арттыру жөнiндегi қызметке Успенка ауданы "Галицкое" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң тәжiрибесiн енгiзсiн, осы тапсырманың барысы туралы облыс әкiмi аппаратына тоқсан сайын ақпарат берiп отырсын; полиция учаскелiк инспекторлары мен жұртшылықтың әрбір әкiмшiлiк учаскесi тұрғындарының қауiпсiздiгiн қамтамсыз ету және олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдарын үнемi үйлестiрiп отырсын; әкiмшiлiк учаскелердiң шектерiнде бұрын қызмет жасаған полиция учаскелiк пункттерiн қалпына келтiрсiн және оларды материалдық-техникалық нығайту, полиция учаскелiк пункттерiн тиiстi аумақтық бiрлiктердiң коммуналдық меншiгiне ауыстыру жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Облыс iшкi саясат департаментi, облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi Iс-шараларды әзiрлеуде облыс IIБ-ке көмек көрсететiн болсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Ғ.М. Матаевқа жүктелсiн.