Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и коммунальными государственными учреждениями Южно-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті (М.Қ.Сағындықов) Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілген мүлікті есептен шығару мәселелерін қарау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 4. Оңтүстік облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
"Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелеріне бекiтiп берілген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" облыс әкiмиятының 2003 жылғы 25 тамыздағы № 408 қаулысына қосымша Оңтүстік облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітіп берілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық табиғи немесе моральдық тозуының салдарынан, дүлей зілзала мен авариялардың нәтижесiнде жарамсыздыққа келген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi мемлекеттiк кәсiпорындар) мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге (бұдан әрi мемлекеттiк мекемелер) бекiтiп берілген мүлiктi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Нұсқаулық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi құрал-жабдықтарына (активтерiне) жататын мүлiкке қолданылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығаруға қажеттi құжаттаманы ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 9-тармағында белгiленген шарттарды ескере отырып осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комиссия мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен құрылады. Мемлекеттiк кәсiпорында және мемлекеттік мекемеде құрылатын комиссияның құрамына мiндеттi түрде: мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттiк мекеменiң басшысының орынбасары (комиссияның төрағасы); бас бухгалтер немесе оның орынбасары; мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi. Мүлiктiң жекелеген түрлерiн есептен шығаруда комиссия құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.
Тарау 2. 2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
Тармақ 5
5. Табиғи және моральдық тозудың салдарынан, қызметiнiң белгiленген мерзiмдерi өтелгеннен кейiн, дүлей зілзала мен авариялардың нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтiру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкiн емес болған мүлiк мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң балансынан шығарылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару: 100 пайыз тозғанда - мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмiмен мемлекеттiк басқару органының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады; 50 пайыздан артық тозғанда - мемлекеттiк басқару органының келiсiмi бойынша және уәкілетті органның жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Облыстық, аудандық, қалалық бюджеттердiң есебiнен ұсталатын, мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару уәкілетті органның келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын және мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердің мүлкiн есептен шығару жоғары тұрған органның келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлiктi тікелей тексерiп қарайды және оны қайта қалпына келтiру мен одан әрi қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген есепке шығарылудың себептерiн айқындайды, есепке шығарылып отырған мүлiктiң жекелеген түйiндерiн, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалайды, мүлiктiң мерзiмiнен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметi арнайы бiлiмдердi қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзіледi. Есептен шығару актiлерi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етiлмейдi. Мүлiктi жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материалдар және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрi материалдар) ұш топқа бөлiнедi: Бiрiншi топ тiкелей қызметi бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттар кiрiсiне алынуға мiндеттi одан әрi қолдануға жарамды материалдар. Екiншi топ - қайталама шикiзат ретiнде (қара, түстi және асыл металдар, көнерген материал, отын және т.б.) кiрiске алынатын тiкелей қызметi бойынша одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Їшiншi топ одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан есептен шығару белгiленген нысандардың (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актiлерiмен 3 данада ресiмделедi.
Тармақ 11
11. Комиссия 3 данада жасаған мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң және мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару актiлерi осы Нұсқаулықтың 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес құжаттардың мына тiзiмiмен:
Тармақша 1
1) Комиссия хаттамасымен;
Тармақша 2
2) авария жағдайында тиiстi лауазымды тұлға жасаған және бекiткен оқиға актiсiнiң көшiрмесiмен тиісінше мемлекеттік басқару органына, уәкілетті органға және жоғары тұрған органға келiсуге жiберiледi. Мемлекеттiк кәсіпорындардың мүлкін есептен шығаруға жазбаша рұқсат алудың қажеттілігі туындаса мемлекеттік басқару органдарымен келiсiлген құжаттар уәкілетті органға жiберiледi.
Тармақ 12
12. Мемлекеттiк кәсіпорынның мүлкiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, тиiстi мемлекеттiк басқару органының мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады. Мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің мүлкiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, уәкілетті органның мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады. Мемлекеттiк орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің мүлкiн есептен шығару актiлерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, тиiстi жоғары тұрған органның мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады. Мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің және мемлекеттiк орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің мүлкін есептен шығарғанда актiнiң, комиссия хаттамасының (оқиға актiсiнiң көшiрмесiнiң) бiр данасы есептен шығаруға өз келісімін берген тиiстi органда қалады, қалған екеуi тиісінше мемлекеттiк кәсiпорынға, мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемеге және мемлекеттiк орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге берiледi.
Тармақ 13
13. Келiсiлмеген жағдайда, құжаттардың пакетi мүлiктi есептен шығарудан бас тарту негіздемесімен бірге мемлекеттiк кәсiпорынға немесе мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Есептен шығарудың қолданыстағы тәртiбi бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 15
15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.