Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кантай сельского округа Акмешит Нуринского района Күшін жойған
Басқа 0
Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 02-13-260 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.