Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление земельных отношений Павлодарской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 184/6 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 134/1 қаулысымен
бекітілді
«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б-үй.
Тармақ 10
10. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление земельных отношений Павлодарской области».
Тармақ 12
12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінiң құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 2
2) жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.
Тармақ 17
17. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша проблемаларды жедел шешу мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша жұмысқа тарту;
жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, сотта облыс әкімінің, әкімдігінің, «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;
құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;
өз құзіреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және өзге ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды өтеусіз түрде (сұраулар негізінде) алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;
мемлекеттік органдарда, сотта «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін) жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану, магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу (реконструкциялау) бойынша, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, кәсіпкерлік қызметке сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдар салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, сондай-ақ осы мәселе бойынша, оның ішінде жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 2
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 4
4) облыстың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 5
5) жерді резервте қалдыру бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 7
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 8
8) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарды) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 15
15) жер-кадастр жоспарын бекіту;
Тармақша 16
16) облыстың жергілікті атқарушы органының жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, ол туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау; 17) облыстың жергілікті атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 18
18) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерлерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 19
19) орман қоры жерлерін қоспағанда, Кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларда жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 20
20) Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттарды белгілеу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 21
21) жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға жайылымдарды ұтымды пайдалану туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы Жер кодексінiң 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің облыс шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеуі туралы облыстың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысының жобасын дайындау, олар:
Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншік құқығымен;
уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн;
Тармақша 26
26) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) облыс әкімінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау;
Тармақша 28
28) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және тұрақты түрде дамыту;
Тармақша 29
29) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) жер қатынастары саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 19
19. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 21
21. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;
Тармақша 2
2) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын белгілейді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалау қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де мекемелерде білдіреді;
Тармақша 8
8) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысының перспективті және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 23
23. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 24
24. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 25
25. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
5-тарау. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
Тармақ 28
28. «Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.