О создании городских служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерін құру туралы
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына жоспарлау және орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұлғаларды, қаланың, әкімшілік аумағын және оған іргелес елді мекендерді, ұйымдарды қорғауды қамтамасыз ету және қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғану үшін ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерінің тізімі және оларды құрудың базалары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерінің бастықтары болып ұйымдардың лауазымды тұлғалары тағайындалсын (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерінің негізгі міндеттері белгіленсін (3-қосымша).
Тармақ 4
4. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерінің бастықтары:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгілеуіне қарай қызметтер туралы ережені әзірлесін және оларды белгіленген тәртіпте бір а1 ішінде бекітілуге ұсынсын;
Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын орындау үшін күштер мен құралдардың қажетті санын даярлауды қамтамасыз етсін, Азаматтық қорғаныстың құрылымдары туралы және оларды материалдық-техникалық құралдармен жарақтаудың (табелдеу) үлгілік нормалары туралы Ережеге сәйкес оларды техникамен және мүлікпен жарақтандырсын;
істелген жұмыс және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдағы, тұрғындарды және қала аумағын қорғаудағы іс-шараларының орындалуы жөніндегі қызметтердегі істің жағдайы туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте «Төтенше жағдайлар жөніндегі Арқалық қалалық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берсін.
Тармақ 5
5. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, шаруашылық, қызметті нысандары басшылары:
бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын ұйымдастыру, және орындау жөніндегі қызметтердің жұмысын бақылауға алсын;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныстың арнаулы іс-шараларын орындау жөніндегі істердің жағдайы туралы «Төтенше жағдайлар жөніндегі Арқалық қалалық басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы белгіленген тәртіпте жыл сайын 1 желтоқсанда қала әкімінің ақпаратына ұсынсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.А. Штейнертке және «Төтенше жағдайлар жөніндегі Арқалық қалалық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің А.Г. Кузнецовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қалалық «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру туралы» қала әкімінің 2001 жылғы 3 қаңтардағы № 1 шешімі күшін жойды деп есептелсін. Қалалық «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру туралы» қала әкімінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 15 шешімі облыстық әділет басқармасы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 2-13-3885 тіркеуден бас тартқаны үшін күшін жойды деп есептелсін.
Басқа 8. Қалалық Азаматтық Қорғаныс
және төтенше жағдайлар қалалық
қызметтерi мен олардың базасын құру
Арқалық қаласы әкімінің
2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 23 шешіміне № 1-қосымша
Қалалық Азаматтық Қорғаныс
және төтенше жағдайлар қалалық
қызметтерi мен олардың базасын құру
№
Қалалық Азаматтық қорғаныстық және төтенше жағдайлардың қызметтерiнiң атауы
Қалалық базасында Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қызметi құрылатын ұйым
1
Жолдар мен көпiрлердiң инженерлiк қызметi
«Арқалық қалалық құрылыс басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша),
«Алюминстрой» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (келiсiм бойынша),
«Казақавтожолы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны Қостанай облыстық филиалының Арқалық жол пайдалану пунктi (келiсiм бойынша),
«Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны (келiсiм бойынша),
«Iскер» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны (келiсiм бойынша),
Торғай бокситкен басқармасының «Қазақстан Алюминийi» ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша)
2
Қоғамдық тәртiптi қорғау қызметi
«Арқалық қалалық iшкi iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi» (келiсiм бойынша).
3
Өртке қарсы қызмет
Арқалық қалалық мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiк арнайы мамандандырылған жасағы (келiсiм бойынша).
4
Құлақтандыру және байланыс қызметi
Арқалық қалалық телекоммуникация дирекциясы (келiсiм бойынша),
Арқалық қалалық теледидары мен радиосы»мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны (келiсiм бойынша)
5
Медицина қызметi
Қала әкiмi аппараты денсаулық сақтау бөлiмi,
«Арқалық қалалық ауруханасы» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорыны (келiсiм бойынша),
«Арқалық қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша)
6
Энергетика қызметi
«Оңтүстiк электр желiсi» ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша)
7
Сауда және тағам қызметi
«Арқалық қаласының экономика басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша)
8
Жолаушылар және жүк көлiгi қызметi
Қала әкiмi аппараты өнеркәсiп және көлiк бөлiмi
9
Жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау қызметi
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң Арқалық қалалық аумақтық басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша),
«Арқалық қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша)
10
Материалды-техникалық және жанар-жағар маймен жабдықтау қызметi
«Промтехсервис-ЛТД» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (келiсiм бойынша), «Зарина» жабық тұрпатты акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша),
«БерДан» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (келiсiм бойынша)
Басқа 9. Қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар
қызметтерiнiң бастығы, бастықтың орынбасары болып
тағайындалған Арқалық қаласы ұйымдары
лауазымды тұлғаларының тiзiмi
Арқалық қаласы әкімінің
2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 23 шешіміне № 2 қосымша
Қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар
қызметтерiнiң бастығы, бастықтың орынбасары болып
тағайындалған Арқалық қаласы ұйымдары
лауазымды тұлғаларының тiзiмi
№
Қалалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң атауы
Тұлғаның лауазымы
Ескерту
1
Жолдар мен көпiрлердiң инженерлiк қызметi
Қызмет бастығы - Арқалық қалалық құрылыс басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары- «Алюминстрой» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң бас директоры,
Қызмет бастығының орынбасары- «Қазақавтожолы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны Қостанай облыстық филиалының Арқалық жол-пайдалану пунктiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары - «Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынының бастығы
2
Қоғамдық тәртiптi қорғау қызметi
Қызмет бастығы -
«Арқалық қалалық iшкi iстер басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары-»«Арқалық қалалық iшкi iстер басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң бастығының орынбасары,
Қызмет бастығының орынбасары-»«Арқалық қалалық iшкi iстер басқармасы»мемлекеттiк мекемесiнiң кезекшi бөлiмiнiң бастығы
3
Өртке қарсы қызмет
Қызмет бастығы
Арқалық қалалық мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнайы мамандандырылған жасағының бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары - Арқалық қалалық мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң арнайы мамандандырылған жасағының бастығының орынбасары
4
Құлақтандыру және байланыс қызметi
Қызмет бастығы
Арқалық қалалық телекоммуникация дирекциясының директоры,
Қызмет бастығының орынбасары- Арқалық қалалық телекоммуникация дирекциясының бас инженерi,
Қызмет бастығының орынбасары- «Арқалық қалалық теледидары мен радиосы» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынының директоры
5
Медициналық қызметi
Қызмет бастығы-
Қала әкiмi аппараты денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары-
«Арқалық қалалық ауруханасы» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынының бас дәрiгерi,
Қызмет бастығының орынбасары- «Арқалық қалалық санитарлық-эпидемиологиялық Қадағалау» мемлекеттiк мекемесiнiң бас дәрiгерi
6
Энергетика
қызметi
Қызмет бастығы -
«Оңтүстiк электр желiсi» ашық акционерлiк қоғамының президентi,
Қызмет бастығының орынбасары- «Оңтүстiк электр желiсi» ашық акционерлiк қоғамының бас инженерi
7
Сауда және тағам қызметi
Қызмет бастығы
«Арқалық қаласының экономика басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары- «Арқалық қаласының экономика басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы
8
Жолаушылар және жүк көлiгi қызметi
Қызмет бастығы -
Қала әкiмi аппараты өнеркәсiп және көлiк бөлiмiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары- Қала әкiмi аппараты өнеркәсiп және көлiк бөлiмiнiң бас маманы,
Қызмет бастығының орынбасары-»Арқалық қалалық iшкi iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жол полициясы бөлiмiнiң бастығы
Жүк автокөлiгiн жеткiзетiн Қала ұйымдарының, кәсiпорындарының тiзбесiн анықтау және әзiрлiкке келтiру тетiгiн дайындау және «Төтенше жағдайлар жөнiндегi Арқалық қалалық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен келiсу және қала әкiмiнiң бекiтуiне ұсыну
9
Жануарлар мен өсiмдiк-тердi қорғау қызметi
Қызмет бастығы-
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң Арқалық қалалық аумақтық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары- «Арқалық қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
Қызмет бастығының орынбасары-
«Арқалық қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығының орынбасары,
Қызмет бастығының орынбасары «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң Арқалық қалалық аумақтық басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығының орынбасары
10
Материалдық-техника-лық және жанар-жағар маймен жабдықтау қызметi
Қызмет бастығы- «Промтехсервис-ЛТД» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң директоры,
Қызмет бастығының орынбасары «Зарина» жабық тұрпатты акционерлiк Қоғамының директоры,
Қызмет бастығының орынбасары «БерДан» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң директоры
Басқа 10. Қалалық Азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері
Арқалық қаласы әкімінің
2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 23 шешіміне № 3 қосымша
Қалалық Азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың негізгі міндеттері болып мыналар белгіленсін:
Азаматтық қорғаныстың халықты қорғау және төтенше жағдайлардың зардаптарынан болатын зиянды азайту, зақымдаудың қазіргі құралдарын қолдануды жоспарлау және кешенді іс-шараларды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
арнаулы құрылымдарды құру және даярлау, оларды арнаулы жұмыстарды жүргізу үшін даярлықта ұстау;
құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету;
бағыныштағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
басшы құрамды даярлау, халықты төтенше жағдайлардан қорғану әдістері мен іс-қимылға, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдануға оқыту;
Азаматтық қорғаныстың басқару жүйесін құру мен жоғарғы даярлық деңгейінде ұстауды, халықты қорғау және төтенше жағдайлардың қаупі және оның туындауы, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдану жайынан хабардар қылу мен ақпарат беруді қамтамасыз ету;
радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) жұқтыруға (ластауға) тұрақты түрде қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;
ішкі істер органдарының тиісті басқару органдары мен әскери командования күштерімен бірлесе іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және қолдау;
бағыныштағы ұйымдардың орналасуы мен көші-қонуына басшылық жасау, олардың төтенше жағдайлардағы қызметін, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдануын қамтамасыз ету, қауіпсіз аймаққа аудандарды орналастыруға ауыстыруды уақытында даярлау жөніндегі шараларды қабылдау;
қызметтердің Азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағыныштағы буындарда жоспарлауға басшылық жасау;
қалалық Азаматтық қорғанысының басшылығына құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешім қабылдау үшін ұсыныстар даярлау;
қалалық Азаматтық қорғанысының басшылығына қойған міндеттерін орындау кезіндегі бағыныштағы күштері мен қызметтерінің құралдарына басшылық жасау;
төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, ұйымдардың жұмысын тұрақтандыруды арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруға басшылық жасау;
қызметтердің белгіленген тәртіпте жүргізетін Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жабдықтауын қамтамасыз ету, олардың резервтерін жасау, төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінен шаралар қабылдау, құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ету, зардап шеккендерге көмек көрсету;
Азаматтық қорғаныстың барлық кешенді іс-шараларына өз қызметтерінің құзыры шеңберінде тікелей басшылық жасауды жүзеге асыру.