О расширении категории получателей услуг инватакси Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
Тармақша 1
1) жүріп - тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 2
2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 3
3) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 4
4) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.