О порядке информирования и осуществления государственного учета чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера Күшін жойған
Басқа 0
Табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларды хабарлау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен.
«Табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі заңына, "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабына сәйкес, табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайлар белгілерді № 1 қосымшаға сай бекітілсін және 1997 жылғы 1 маусымнан бастап іске енгізілсін.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнінде ақпарат беру тәртібі туралы Ереже № 2 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 3
3. Меншіктің және ведомстволық қарамақтылықтың барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар төтенше жағдайдың қауіп-қатер болуы немесе тууы сәтінен бастап 1 сағаттың ішінде сәйкесті шаралар қабылдап, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға бекітілген белгілер мен ақпарат беру тәртібі туралы Ережені басшылыққа алып, ақпарат беретін болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма /Федотов/:
- төтенше жағдай туғызған апатты, ауыртпалық пен қирауды қоюдың шараларын алып, мемлекеттік есебін қамтамасыз етсін және төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетіне белгіленген тәртіпте дерек берсін;
- әр тоқсан сайынғы бірінші онкүндікте атаулы аймақтың құбылыс тәуекелділігінің мүмкіндігі туралы, төтенше жағдайларды ескерту; және олардан қорғану шаралары туралы тұрғындарды хабарландыратын болсын;
- тұрғындарға төтенше жағдай туындағаннан кейінгі 1 сағаттың ішінде оның зардаптарын одан әрі нақтылай және алынудағы жою шаралары жөнінде хабарлауды қамтамасыз етсін
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасының /Мұқышев/, «Оралэнерго», акционерлік қоғамы орталық диспетчерлік пунктінің /Отарбаев/, Батыс Қазақстан теміржолы тасымалдау қызметінің Орал филиалының /Сақтанов/, «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының /Оразов/, облыстық денсаулық сақтау басқармасының /Қадырбеков/ жедел кезекшілері күн сайын сағат 8-ден 9 сағатқа дейін төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың жедел кезекшісіне жағдаят жөнінде, ал төтенше жағдайы қауіп - қатерінің болуы немесе туындауы жағдайында ол тұралы 15 минут ішінде ақпарат беретін болсын.
Тармақ 6
6. «Төтенше жағдайлар құбылыстарының қауіп - қатері және туындауы жөніндегі ақпараттар мен баяндаулар қозғалысының тәртібі туралы» облыс әкімінің 1995 жылғы 29 мамырдағы 48 қаулысының күші. жойылды деп саналсын.
Басқа 7. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БЕЛГІЛЕРІ
Облыс әкімінің 1997 жылғы
«14» мамырдағы №109
шешіміне № 1 қосымша
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БЕЛГІЛЕРІ
1997 жылдың 1 маусымынан
енгізіледі
Төтенше жағдайлар атаулары
Жағдай белгілері*
1
2
Барлық төтенше жағдайлар үшін
төтенше жағдайдың шекаралық таралуы немесе оның ықтималдығы;
төтенше жағдайды өз күштерімен жоюға қабілетсіздік
1. Техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар
1.1. Көлік апаттары
темір жол көлігінде
- шетінеген, жарақат алған, мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы - бір немесе одан да көп;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
- теміржол көлігіндегі өрттер мен жарылыстар;
- қозғалыс құрамының жолдан шығуы;
- жолдың бүлінуіне байланысты 1 сағаттан астам уақытқа поездар қозғалысының үзілуі;
автожолдарда
- бір және одан да көп шетінеген, жарақат алған, мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы;
- автожолдардағы өрт пен жарылыстар;
авиаапаттар мен оқиғалар
- ауе кемелерінің жердегі және әуедегі қақтығыстары;
- ұшу алаңындағы және әуежайлардағы өрт пен жарылыстар;
- бір және одан да көп шетінеген, жарақат алған, мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
су көлігінде
- өрттер, жарылыстар, суға бату;
- бір және одан да көп шетінеген, жарақат алған, мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
желілік кұбырларда
- желілік құбырлардағы бүліністер мен а ажыраулар;
- өрттермен жарылыстар;
- бір және одан да кеп шетінеген, жарақат алған, мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
1.2 Өндірістік апаттар мен оқиғалар
шахтадағы апат
- қопарылу, құлау;
- бір және одан да көп шетінеген, жарақат алған; мертіккен және басқалай зардап шеккен адамдардың болуы;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
өнеркәсіп объектісіндегі апат
- 1 тоннадан астам мұнай және мұнай өнімдерінің атқылауы;
- өндірістік ғимараттар мен кұрылыстардың кенеттен қирауы;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап. шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
техникалық қауіпсіздіктің бұзылуы
- өндірісте жарақат алу;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
1.3. Өрт, жарылыстар, от пен газдың кенеттен атқылауы
өнеркәсіп объектілерінде
- қоршаған ортаның ластануы;
- едәуір артатын мөлшерлер немесе шекті мүмкіндіктегі шоғырланулар, шекті мүмкіндіктегі деңгейлер;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
энергетикалық жүйелерде және энергоблоктарда
/АЭС,ГРЭС, ЖЭО/
- электр қуатын беруге әсер ететін кез - келген оқиға;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
шахталарда, жер асты және таулы өндірісте
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдың зиян шегу;
тұрғын үй-жайларда, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық объектілерде
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
ауыл шаруашылығы объектілерде
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
көшеде және басқа да қоғамдық орындарда
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдың зиян шегу
жарылыс құрылғыларын залалсыздандырған кездегі жарылыстар
- кез – келген жарылыс оқиғасы;
жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын табу / жоғалту
- жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын табу немесе жоғалту оқиғалары
1.4. Күшті әсер ететін улы заттар шығаратын апаттар
күшті әсер ететін улы заттар шығаратын автомобиль апаттары
- халықты зақымдау қаупі;
- күшті улы заттар бөліп шығаратын апатты немесе улы заттардың таралуын тіркеудің кез – келген оқиғасы
күшті әсер ететін улы заттар шығаратын теміржол апаты
- күшті улы заттар шығаратын апатты немесе улы заттардың таралуын тіркеудің кез - келген оқиғасы;
күшті әсер ететін улы заттар шығаратын әуе апаттары және жердегі оқиғалар
- күшті улы заттар шығаратын апаты немесе улы заттардың таралуын тіркеудің кез - келген оқиғасы;
су көлігіндегі күшті әсер ететін улы заттар шығаратын апаттар
- күшті улы заттар шығаратын апаты немесе улы заттардың таралуын тіркеудің кез - келген оқиғасы;
Химиялық қауіпті объектілерде
- күшті улы заттар шығаратын апатты немесе улы заттардың таралуын тіркеудің кез - келген оқиғасы;
күшті әсер ететін улы заттар көздерін табу /жоғалту/
- күшті улы заттар шығаратын апатты немесе улы заттардың таралуы тіркеудің кез - келген оқиғасы;
тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын автомобиль апаттары
- тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттарды тіркеудің кез - келген оқиғасы;
тез әсер ететін улағыш заттар
- тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттарды тіркеудің кез - келген оқиғасы;
бөліп шығаратын теміржол апаттары
- тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттарды тіркеудің кез - келген оқиғасы;
тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын әуе апаттары және жердегі оқиғалар
- тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттарды тіркеудің кез – келген оқиғасы;
су көлігіндегі тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттар
- тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттарды тіркеудің кез – келген оқиғасы;
кәсіпорындағы, ғылыми-зерттеу институтындағы тез әсер ететін улағыш заттар бөліп шығаратын апаттар
- адамдардың 1 және 2 патогендік топтағы жұқпалы аурулардың, қоздырушыларымен, 1 және 2 қауіптілік сыныбындағы улы химиялық заттармен улану фактілері, жануарлар мен өсімдіктердің аса қауіпті індеттер қоздырушыларымен улануы;
тез әсер ететін улағыш заттардың көздерін табу /жоғалту/
- тез әсер ететін улағыш заттарды табу немесе жоғалтудың кез – келген оқиғасы
1.5. Радиоактивті заттарды бөліп шығаратын апаттар
радиоактивті заттарды бөліп шығаратын кез - келген апаттың тіркелуі
атомды электр станцияларында, ғылыми - зерттеу мекемелерінде
- 100 шекті деңгейдегі және одан да көп тазалық - қорғаныс аймағынан тыс жатқан қоршаған ортаның радиоактивтік бүлінуі;
- осы АЭС-тың /қондырғының/ тәулігіне бөліп шығаратын радиоактивті заттары мөлшерінен 10 есе көп бөліп шығару;
- радиоактивті заттардың шекарааралық тарауына әкеліп соқтыруы /ықтимал кез-келген апат;
- мемлекеттік шекарадан 30 км.шегінде тіркелген жоғары деңгейдегі радиациялық жағдай;
радиоактивті заттарды табу /жоғалту/
- радиоактивті заттар табылған /жоғалған/ кез - келген жағдай
1.6. Өмірлік маңызы бар жүйелердегі апаттар мен бүліністер
бөгеттер мен шлюздердің бұзылуы
- шаруашылықтың басқа салаларының қызметіне әсер ету;
- бір және. одан да көп адамның шетінеу, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
электр қуаты жүйелерінде
- электр қуатын беруге әсер ететін кез - келген жағдай;
- шаруашылықтың басқа салаларының қызметіне әсер ету;
- бір және одан да көп адамның шетінеу, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
өмірлік маңызы бар коммуналдық жүйелерде
- шаруашылықтың басқа салаларының қызметіне әсер ету;
- бір және. одан да көп адамның шетінеу, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
сарқынды суларды тазарту құрылыстарында
- шаруашылықтың басқа салаларының қызметіне әсер ету;
- бір және. одан да көп адамның шетінеу, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
көлік коммуникацияларының /көпірлер мен тоннельдердің/ кенеттен қирап бүлінуі
- шаруашылықтық басқа салаларына әсер ету;
- бір және одан да көп адамның шетінеу. жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
әлеуметтік - тұрмыстық және мәдени мақсаттағы ғимараттармен құрылыстардың кенеттен қирауы
- бір және одан да көп адамның шетінеу. жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегу жағдайлары;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
1.7. Табиғи ортаның төтенші жоғары ластануы
атмосфералық ауаның ластануы
- атмосферада шекті мөлшердегі шоғырланудың зиянды қоспаларының 50 есе одан көп артық болуы;
- 8 сағат ішінде 30 - 49 есе;
- 2 тәулік ішінде 20 - 29 есе;
- қышқылды жауын - шашынның кеңейтілген аймағының құрылуы;
үстіңгі теңіз /өзен/ суларының ластануы
- ластаушы заттардың шекті мөлшердегі шоғырлануларының үстінгі, жер асты және теңіз суларында 100 және одан көп еселеп артуы, егер бүл сулар созылмалы ластану аймағы болып табылмаса;
- 4 баллдан астам жеделдікте суға тән емес иістің пайда болуы;
- ерітілген оттегі мөлшерінің азаю, сондай-ақ балықтар мен судағы басқа организмдердің қырылуына әкеліп соқтыратын улы заттардың түсуі ;
- ерітілген оттегі мөлшерінің 2 мг/л дейін және одан да аз мөлшерге төмендеуі;
- судың көлемі 6 шаршы км болғанда 1/3 және одан да көп мөлшерінің пленкамен жабылуы;
- шекті мөлшердегі деңгейден тыс ауыр металлдардың және басқа да зиянды /соның ішінде радиоактивті / заттардың болуы;
топырақтың ластануы
- шекті мөлшердегі деңгейден тыс ауыр металлдардың және басқа да зиянды /соның ішінде радиоактивті / заттардың болуы;
- шекі мөлшердегі деңгеймен шоғырланулардың химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 және одан да көп есе немесе радиоактивті заттар б-ша 1070 және одан да көп есе артуы;
- жер мен оның қойнауының өнеркәсіптен шыққан токсиканттармен шекті мөлшердегі деңгейден 50 немесе фондық маңыздың 100-ден аса ластануы;
- топырақтың санитарлық - токсикологиялық өлшемдер б-ша пестицидтермен 50 шекті мөлшердегі шоғырланудан едәуір көп мөлшерде ластануы немесе бұл көрсеткіштің фитотоксикологиялық өлшемдер б-ша 100 гегтардан астам алаңда 10 шекті мөлшердегі шоғырланудан асуы;
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
2.1 Жер сілкіну
2 және одан да көп балл
2.2 Геологиялық қауіпті құбылыстар:
жер көшкіні, қопарылыстар, жауын-шашын
- шаруашылықтық басқа салаларының қызметіне әсер ету;
- бір және одан да көп адамның шетінеу. жарақат алу, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
2.3 Ауа райының қауіпті құбылыстары
- бір және одан да көп адамның шетінеу, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
күшті жел /соның ішінде құйын, дауыл/
- желдің жылдамдық екпіні 25-30 м/с және одан да көп, таулы аудандарда 35-45 м/с;
ірі бұршақ
диаметрі 20 мм және одан да үлкен;
күшті жаңбыр /нөсер/
-12 сағат немесе одан аз уақыт ішінде жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп, ал таулы, тасқынды және нөсер қаупі бар аудандарда 12 сағат немесе одан да аз уақыт ішінде 30 мм және одан да көп
күшті қар жауу
- жауын-шашын мөлшері 12 сағат және одан аз уақыт ішінде 20 мм және одан да көп;
күшті боран /күртік қар/
- 12 сағат және немесе одан көп уақыт бойы желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да күшті болғанда;
күшті көктайғақ
- мұздың калыңдығы 20 мм жәңе оданда үлкен;
қатты аяз, қатты ыстық
- сәйкесінше -35 С және +40 С
қатқақ, салқындық
- вегетативті кезеңде ауа температурасының 0 С-тан төмендеуі /көктем - жаздың басы/ және төтенше ерте мерзімде /жаз-күздің басы/ауыл шаруашылығы дақылдарының белсенді вегетация кезеңінде олардың құруына әкеліп соғады;
құрғақшылық
20 күн және одан да көп уақыт ішінде ауаның ылғалдылығын күндіз 30 проц. және одан аз мөлшерде сақтау топырақтың метрлік қабатындағы ылғалдылық қоры 35мм және одан аз болғанда өсімдіктің бүлінуін туғызады;
күшті туман
12 сағат және одан да көп уақыт ішінде де көрінушілік 100 м және одан да төмен;
күшті топырақ /құм/боран
желдің жылдамдығы 15 м/с одан да жоғары болып, 12 сағат және одан да ұзақ болғанда;
аңызақ жел
5 күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С болып, жел 5 м/с асқанда және дәннің гүлдеу, масақ жинау және пісу кезеңінде ауаның ылғалдылығы 30 проц.-тен төмен болғанда;
2.4. Гидрологиялык кауіпті құбылыстар
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алу, мертігу және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
су тасқыны, жаңбыр тасқыны, қардың еруі мен кептелуі және желдің суды айдауы кезіндегі су деңгейінің көтерілуі /сел/
- нақты елді мекендер мен шаруашылық объектілері үшін судың аса қауіпті /жоғары/ деңгейде көтерілуі
судың төмен деңгейі
- бір ай және одан да көп уақыт ішінде су деңгейінің ірі қалалардың, өнер - кәсіп аудандарының су жинаушы құрылыстарының, суландыру жүйелерінің жобалық белгілеуінен, кеме жүретін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен болуы;
күшті су тасқыны
- елді мекендерге, шаруашылық кешені объектілеріне су тасқынының келуі;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
көшкін
- елді мекендер, шаруашылық кешені объектілері аймағында қар көшкінінің түсуі;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
2.5. Табиғи өрттер:
ормандағы өрт
- 50 га жердегі ірі, бақылаудан шыққан өрттер;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
дала массивтеріндегі өрт
- 200 га жердегі ірі, бақылаудан шыққан өрт;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
- 100 бас және одан да көп малдың шетінеуі;
- 300 тонна және одан да көп пішен өртеніп кетсе;
егіс алқабындағы өрт
- 20 га және одан үлкен жердегі бақылауға болмайтын өрт;
- бір және одан да көп адамның шетінеуі, жарақат алуы, мертігуі және басқалай зардап шегуі;
- 100 мың теңгеден астам тікелей материалдық зиян шегу;
мұнай және газконденсатты кен
орындарында
- кез - келген өрт оқиғасы;
жанғыш пайдалы қазбалардың жер асты өрті
- жер асты өндірісіндегі от шығудың кез - келген жағдайы;
2.6. Індетті аурулар және уланулар
індетті аурулар
- аса қауіпті індетті аурулар түрлерімен;
- іші сүзегі, паратиф, қан безгегі, лептоспироз, таскене энцефалиті, КУ безгегі және басқа да аурулармен бірден бір инкубациялық кезеңде 10 және көп адам ауырған жағдайда;
- 15-тен астам адам менингитпен ауырған жағдайда;
- дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және басқа да ішек ауруларымен 25 немесе одан да көп адам ауырған жағдайда;
- тегі белгісіз аурулармен 20 және одан да көп адам, сондай-ақ диагнозы белгісіз безгек ауруларымен бір мезгілде 15 және одан да көп адам ауырған жағдайда;
- сипатына қарамастан 50 және одан да көп адам топ болып ауырған жағдайда;
сәулелік зақымдану
- жергілікті сәулелік зақымданудан пайда тырысқақ, сары безгек және басқа аурулар мен ауыратындар немесе осы аурулардың вирусы бар адамдар табылған жағдайда;
- аса қатерлі ауру түрлері – бруцеллез, бөртпе сүзек, түйнеме, құтыру, туляремия, қырымдық қан безгегі, Эбол безгегі және басқа жұқпалы індетті ауру диагнозы қойылған немесе күдіктенілген сырқаттық кез келген шетінеген жағдайда;
- құтыру, жапон энцефалиті, малярия ауруларының кез-келгені анықталған жағдайда;
- қауіпті індетті аурулар пайда болған жағдайда;
- аудан аумағында түйнеме, бруцеллез, туляремия, індетті бөртпе сүзек аурулармен 5 немесе одан да көп адам бір мезгілде ауырған жағдайда;
- болған қатты және созылмалы сәулелік аурудың диагнозы анықталған жағдайда;
тамақтан улану
- тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында; балалар және емханалық-профилактикалық мекемелер тамақ блоктарында тамақпен уланудың кез-келген оқиғасы;
2.7. Малдардың ауыруы мен қырылуы
- малдардың, соның ішінде жабайы жануарлардың жаппай қырылуы орта статистикалық көрсеткіштен 3 немесе одан да көп артқан жағдайда;
2.8. Өсімдіктер аурулары және өлуі
/ауыл шарушылығы өсімдіктерінің аса қатерлі және жаппай ауыруы/;
/жабайы өсетін өсімдіктердің аса қауіпті жаппай өлуі/;
өсімдіктердің өлуі/күю, құрғау ж-е басқа да белгілер/, соның ішінде орман ж-е ауыл шаруашылығы өсімдіктері 0,25 га жерде; зиянкестердің жаппай тарауы
3. Астрономиялық қауіпті құбылыстар
3.1. Аспан денелерінің құлауы
- аспан денелері құлауының кез-келген жағдайлары
3.2. Космостық ұшу аппараттарының және олардың сынықтарының құлауы
олардың құлауын тіркеуді, кез-келген жағдайда;
3.3. Жер айналасындағы космостық кеңістікте радиациялық жағдайдың нашарлауы
5x10 см алаңда 25 МЭВ жоғары қуатпен протондар ағынының тығыздалуы;
3.4. Күтпеген атмосфералық құбылыстардың пайда болуы
күтпеген атмосфералық құбылыстардың кез-келген тіркелу жағдайы
*/мәлімет осы келтірілген төтенше жағдай белгілерінің ең болмаса біреуі бекітілгенде беріледі.
Басқа 8. Төтенше жағдайларды /ТЖ/ ескерту және жою жөнінде ақпарат беру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің 1997 жылғы
"14" мамырдағы № 109
шешіміне № 2 қосымша
Төтенше жағдайларды /ТЖ/ ескерту және жою жөнінде ақпарат беру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Бұл ереже жағдай қауіпі, пайда болуы және оны жою жөнінде ақпарат беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдай қауіпі және оның пайда болуы туралы ақпарат төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті /ТЖМК/ белгілеген төтенше жағдайлар белгілеріне сәйкесті:
- меншік түріне және ведомстволық қарамақтылығына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдардан - төтенше жағдайлар жөніндегі Орал қалалық және аудандық бөлімдерге, сондай-ақ ведомстволық аумақтық органдар мен жергілікті атқарушы органдарға;
- облыстық қызметтерден, комитеттерден, басқармалар мен ведомстволық аумақтық органдардан - төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға және сәйкесті ведомствоның орталық аппаратына;
- төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармадан - ТЖМК орталық аппаратына және облыс әкімшілігіне беріледі.
Бұдан басқа, аймақтық және дүниежүзілік көлемде төтенше жағдай қауіпі немесе пайда болуы жағдайында төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармадан Қазақстан Республикасымен көршілес аймақтарға төтенше жағдайдың шекаралас тарауы туралы хабар береді.
Төтенше жағдай қауіпі немесе оның пайда болуы жағдайында ТЖМК орталық аппаратынан төтенше жағдайды ескерту және оны жою жөніндегі Мемлекеттік жүйенің күші мен құралы арқылы құлақтандыру сигналы, басқару бұйрықтары беріліп, оларды ТЖ жөніндегі облыстық басқарма қабылдайды.
ТЖ жөніндегі облыстық басқарма ірі көлемді төтенше жағдай қауіпі немесе пайда болуы туралы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық және жергілікті комиссияларға шұғыл түрде хабарлайды, жергілікті атқарушы органдармен және ТЖ комиссияларымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға хабарлау немесе қажет болған жағдайда, құлақтандыру жүйесін іске қосу шешімін қабылдайды.
Ақпарат үстірт мәлімдеме ретінде, ал белгіленген нысанның болмауы жағдайында - еркін түрде беріледі.
Тармақ 3
3. ТЖ жөніндегі ақпарат байланыстың компьютер аралық желісімен беріледі, олар болмаған немесе істен шығуы жағдайында – телеграф, телефон, байланыстың радио желілері арқылы төменде көрсетілген уақытша сипаттарда:
дүние жүзілік, аймақтық, жергілікті көлемдегі төтенше жағдай қауіпі немесе болуы туралы, жарылғыш заттардың табылуы туралы шұғыл ақпарат /баяндау/, төтенше жағдайды жою күші мен құралдарын шұғыл басқару жөніндегі ақпарат, басқа шұғыл ақпараттар кідіріссіз, қосып беріліп отырған ТЖ - 1 нысанда 3 қосымша орай;
төтенше жағдайдың қалыпты дамуы және оларды жою жөніндегі жұмыс барысы туралы нақтыланған ақпарат - келесі 30 минут ішінде;
нақтыланған деректер - апаттық - құтқару жұмыстарын, егер басқалай ерекшелік көрсетілмесе, жүргізу бойында - 2 сағаттық кезеңмен;
анықтамалық ақпарат - анықтамалық ақпарат сұралған сәттен 1 сағаттан асырмай;
ТЖ жою жөнінде жұмыс бөлінісі жағдайында тәуліктік оқиға туралы жинақтап қорытылған ақпарат, радиациялық, химиялық. биологиялық және гидрометеорологиялық шұғыл емес мазмұндағы кезендік ахуалды ақпарат - күн сайын 7.30 және 16.00 сағаттарда;
ТЖ аймақтарындағы табиғи қоршаған орта мен әлеуетті қауіпті объектілердің жағдайы туралы ақпарат және шұғыл емес мазмұндағы басқа ақпарат түрлері - белгіленген кесте бойынша;
Гидрометеорологиялық құбылыстар жөнінде ақпарат – күн сайынғы болжам, дауылды ескерту - метеорологиялық қауіпті құбылыстың пайда болуы немесе улы заттар мен қоршаған табиғи ортаның ластануы жағдайларында - кідіріссіз түрде;
ТЖ -дың облыс аумағында болып өтуі бойынша нақтыланған материалдық зиян туралы ақпарат - тоқсан сайын келесі айдың 10 күніне дейін қосып беріліп отырған ТЖ - 2 нысаны бойынша, №4 қосымшаға сай;
санитарлық - эпидемиологиялық жағдаят және медициналық-санитарлық зардаптар туралы ақпарат – күн 7.30 және 15.30 сағатта беріледі.
Тармақ 4
4. ТЖ жөніндегі облыстық басқарма, облыстағы ТЖ бойынша арнайы өкілетті мемлекеттік орган ретінде, табиғи және техногендік бағыттағы төтенше жағдайларды есепке алуды жүзеге асырады, деректерді автоматтылықпен жинау банкісін жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдардың ТЖ мәселелері бойынша шешімдерін ақпараттық, статистикалық талдау материалдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, ТЖ көлемінде ақпарат беру нысаны мен тәртібін белгілейді.
Тармақ 5
5. Қолданудағы ТЖ белгілерінде көзделмеген ТЖ туралы ақпаратты басқару органдарына жолдау қажеттігі жөніндегі шешім нақты жағдаяттық маңыздылығы ескерілген ақпарат дерегімен қабылданады.
Тармақ 6
6. ТЖ туралы ақпарат белгіленген тәртіпте, хабарлау құқығы берілген тұлғаның қол қоюымен жолданады. Хабарға қол қоюшы берілген ақпарат жауапкершілігіне толық жауап береді.
Шұғыл хабарлау қажеттігі туындаған айырықша жағдайда ақпаратқа басқару органы жедел қызметінің аға лауазымдық тұлғасы қол қоюы мүмкін, оны одан әрі қол қою құқығы бар сәйкесті лауазымдық тұлға растауы қажет.
Тармақ 7
7. Облыс аумағында болып өткен ТЖ жөніндегі тоқсан сайынғы ақпарат нақтыланған материалдық зиянның есімдік жиынтығымен ТЖ-2 нысаны бойынша:
- облыстық ішкі істер басқармасына /өрттер, жарылыстар, жол- көлік оқиғалары туралы деректер/;
- облыстық денсаулық сақтау басқармасына /адамдар үшін қауіпті аурулар туралы деректер/;
- облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына /қауіпті мал аурулары туралы, өсімдіктің құрып кетуі және эпифиотиясы, табиғи өрттер, гидроқұрылыстардағы апаттар жөнінде деректер/;
- "Оралоблгаз","Оралэнерго","Оралтрансгаз","Жайықжылуқуаты” акционерлік қоғамдарына,"Суарнасы"басқармасына /халықтың тұрмыс- тіршілігін қамтамасыз етуші инженерлік жүйелеріндегі апатты жағдай туралы деректер;
- гидрометеорология және мониторинг орталығына /гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар, қоршаған табиғи ортаның ластануы туралы деректер/;
- облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына/бақытсыз жағдайлар және өндірістегі апаттар нәтижесінде зардап шеккендер туралы деректер/;
- селолық аудандардан /белгілерге сәйкесті ТЖ жөніндегі барлық жағдай деректері/;
- облыстық телекоммуникация дирекциясына, Батыс Қазақстан теміржолы тасымалдау қызметі Орал филиалына, "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнына, "Акжол" акционерлік коғамына, облыстық жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалы басқармасына, "Жайықөзенфлоты" акционерлік қоғамына /байланыс жүйесіндегі теміржол, әуе, авто, су көлігіндегі апаттар және көлік коммуникация элементтерінің қирауы туралы деректер;
- облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын ұй және аумақтарды жайландыру басқармасына /тұрғылықтық, әлеуметтік - тұрмыстық және мәдениеттік бағыттағы ғимараттар мен кұрылыстардың құлап - қираюы туралы деректер/;
- облыстық экология және биоресурстар басқармасына /экологиялық және радиациялық жағдаят туралы ауа кеңістігінің, топырақтың, облыс халқын сумен жабдықтаушы ашық және жабық су көздерінің ластануы жөнінде деректер/ беріледі.
Басқару органдарының жедел кызметтеріне өзара іс - қимыл жасаушы басқарушы органдардан олардың құзыры шегінде ТЖ көлемінде ақпарат сұрау және алу құқығы беріледі.
Тармақ 8
8. ТЖ туралы шұғыл ақпарат телефон байланысы желісі бойынша "Апат" құпия сөзімен, телеграф желісі бойынша "кезектен тыс" категориясында - "Дауыл" телеграммасы арқылы беріледі.
Тармақ 9
9. ТЖ туралы жедел ақпарат беру телефон және телеграф байланысы бойынша ұйымдарға - ақпарат жолдаушыларға беркітілген қолданудағы категориялар мен құпия сөздер арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. ТЖ туралы жедел емес бағыттағы ақпарат беру телефон және телеграфтық байланыс желілері бойынша жалпы негізде жүзеге асырылады.
Басқа 19
Облыс әкімінің 1997 жылғы
"14" мамырдағы № 109
шешіміне № 3 қосымша
ТЖ – 1 нысаны
Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға
Жеделхат НР ТЖ____ДСП
Төтенше оқиға жөнінде мәлімдеме
/дерек, жою/
1. ТЖ күні____________
Уақыты /алматы,жергілікті/- алм._______.________жерг.______.____
2. ТЖ атауы______________________________________________________
Себебі___________________________________________________________
3. ТЖ орны_______________________________________облысы
______________________________________ауданы
______________________________________елді мекені
Нақытылау орны________________________________
4. Объектінің атауы________________________________________________
5. Зардап шеккендерінің, оның ішінде қазаға ұшырағандар саны /адам/:
жою жағдайына өсімді қорытындысы
жалпы шығын
қайтарылмайтындары
санитарлық
хабарсыз кеткендері
басқа жерге көшірілді
6. ТЖ сипаттамасы және көлемі_______________________________________
___________________________________________________________________
/жою жағдайында өсімді қорытынды/
тұрғын үй қорының залалы ________________________________тұрғын үй
материалдық залал ______________________________________мың теңге
материалдық зардап шеккен тұрғындар _____________________/адам/
___________________ бас ірі қара,___________________ қой
7. Шаруашылық кешенінің басқа салалары жұмысына әсері_______________
____________________________________________________________________
8. ТЖ-ды өз күшімен жеңу мүмкіндігі /ия, жоқ/_______________________
ТЖ жоюдың бағдарлы мерзімі__________________________________________
9. Қосымша күштер мен құралдар_____________________________________
10. ТЖ зардаптарын жою жұмыстарының қысқаша сипаттамасы
______________________________________________________________
11. ТЖ зардаптарын жою жөніндегі штаб бастығының телефоны, телексі,
факсы_____________________________________________________________
12. Ведомство атауы, мәлімдемеге қол қоюшының аты-жөні, лауазымы
_________________________________________________________________
13. Күні/ДД/ММ/ГГ/_______________________________________________
түскен уакыты/ЧЧ:ММ/____________________________________________
қабылданды______________________________________________________
Жедел кезекші__________________
Кезекші оператор________________
Басқа 20. ________________________аудан аумағында болған төтенше
оқиғаның сипаттамасы және 199__ жылғы _________оны
жою жолында алынған шаралар туралы
МӘЛІМЕТ
Облыс әкімінің 1997 жылғы
«14» мамырдағы № 109
шешіміне № 4 қосымша
________________________аудан аумағында болған төтенше
оқиғаның сипаттамасы және 199__ жылғы _________оны
жою жолында алынған шаралар туралы
МӘЛІМЕТ
р/с
№
ТЖ атауы
ТЖ орны
ТЖ туындаған күн
материалд. залал шеккен тұрғындар /адам/
зардап шегушілер, оның ішінде қазаға ұшыраған адам саны
ірі қара, қой басы өлді
матер. залал, мың теңге
тұрғын үй қорының шығыны, үй саны
ТЖ қысқа сипаттамасы және оның шаралары
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Жиынтығы:_______________________________________________________________
Төтенше жағдайларды ескерту және жою шығындарының кестесі
ТЖ ескерту шығындары
ТЖ жою шығындары
жергілікті бюджеттен /мың теңге/
мембюджеттен /мың теңге/
кәсіпорындардың жеке қаржыларынан /мың теңге/
жергілікті бюджеттен /мың теңге/
мембюджеттен /мың теңге/
кәсіпорындардың жеке қаржыларынан /мың теңге/
Барлығы