Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков района Тереңкөл» Қолданыста
Басқа 0
«Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
Басқа 5. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
8 маусымдағы № 143/3
қаулысымен бекітілді
«Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі) Тереңкөл ауданы аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Ёлгин көшесі, 172.
Тармақ 10
10. Осы Ереже ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Тереңкөл ауданы әкімдігі атынан мемлекет ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 14
14. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тарау 2. 2-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері
2-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің мақсаты Тереңкөл ауданында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Тармақ 16
16. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің мәні ішкі саяси мәселелерді реттеуге бағытталған мемлекеттiк саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру, тілдерді дамыту саласындағы жұмысты ұйымдастыру, мониторингілеу, үйлестіру мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 17
17. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Тереңкөл ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 4
4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен өзара іс-қимыл;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
Тармақ 18
18. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) Құқығы:
Тереңкөл ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;
мемлекеттік органдарда, сотта ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүдделерін ұсынуға;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 19
19. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 2
2) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 4
4) көрнекі үгіт-насихаттың мазмұнын қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының саяси бағытына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қоғамдық пікірге сұрау салу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Тармақша 6
6) ауданның жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 7
7) Тереңкөл ауданы аумағында дінге қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестіктерінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, жинау және жіктеу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) халықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 11
11) аудандағы отбасылық-демографиялық ахуал мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 12
12) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына және әкімдік жанындағы кеңестерге материалдар, талдамалық жазбалар, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің даму динамикасы мен үрдістері туралы ақпарат дайындау;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілді жаппай қолдануға бағытталған шаралар қабылдау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) аудандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 16
16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 17
17) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізу;
Тармақша 18
18) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 19
19) облыстың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайды;
Тармақша 22
22) маңдайшаны ауылда орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 20
20. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 21
21. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 22
22. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі мен қаражатына иелік етеді және істердің жай-күйіне дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;
Тармақша 6
6) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) барлық органдар мен ұйымдарда ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін ұсынады;
Тармақша 8
8) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;
Тармақша 9
9) өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 23
23. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 24
24. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Тармақ 25
25. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 26
26. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 27
27. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 28
28. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 29
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 30
30. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қарамағында келесі мекеме бар:
Тереңкөл ауданы әкімдігінің, Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «ALDASPAN ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.