О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 1. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығына 1-қосымша Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
Тармақша 3
3) тауар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.
Тарау 2. 2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында (www.gov.kz) 2022 жылғы маусым-тамызда Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі: тауардың атауы, бөлінетін квотаның ай сайынғы көлемі, бір өтінім берушіге өтінім беруге жол берілетін ай сайынғы лимит, квотаны алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты, уәкілетті органның заңды мекенжайы, уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайы.
Тармақ 4
4. Квотаның қолданылу кезеңінде тауарларды әкетуге арналған өтінімді беруге бір өтініш берушіге рұқсат етілген ай сайынғы лимит белгіленеді, ол жиынтығында 6000 (алты мың) тоннадан аспайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкетуге квота алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Әрбір өтінім беруші тиісті айға бір ғана өтінім береді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген есептік нөмірдің деректемелерін көрсете отырып, экспорт бойынша валюталық шарт үшін);
Тармақша 2
2) күнбағыс майын өндірушінің атынан күнбағыс майы әкетілген жағдайда күнбағыс майын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтініш берушінің үлестестігі туралы растау хат. Бұл ретте, күнбағыс майын өндіруші контрагент-экспорттаушыға не үлестес заңды тұлғаға бір ғана растау хатын береді.
Тармақ 6
6. Өтінім берушінің бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі. Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесінде келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қабылданады және тіркеледі және құжаттарды қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жолданады. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетіледі. Хабарлама өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жіберіледі. Құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өтінім беруші хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмесе, онда уәкілетті орган өтінім берушінің өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін мынадай тәртіппен бөледі:
Тармақша 1
1) жоспарланған айға Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
Тармақша 2
2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
Тармақша 3
3) жалпы мәлімделген көлем тиісті айға белгіленген квота көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне мынадай формула бойынша пропорционалды есептеледі: V * Uz = Vz, мұндағы: V – тиісті айға белгілеген квота көлемі, тонна; Uz – өтінім берушінің экспорттың жалпы мәлімделген көлеміндегі үлес салмағы, %; Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна.
Тармақ 9
9. Оларға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтері тоқтатылған өтінім берушілерге квоталар берілмейді.
Тармақ 10
10. Квота көлемін бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі - жиынтық тізбесі) қалыптастырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады. Тауардың жиынтық тізбеде көрсетілген тауарды тиеп-жөнелту орны бойынша деректер өзгертілген кезде өтініш беруші уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес жиынтық тізбеге енгізілген тұлғаларға фитосанитариялық сертификат береді. Фитосанитариялық сертификат жиынтық тізбеде көрсетілген мәліметтер негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге беріледі. Өтінім берушінің фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішінде қамтылған мәліметтердің жиынтық тізбеде көрсетілген мәліметтермен сәйкес еместігі анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшелер фитосанитариялық сертификат беруден бас тартады.
Тармақ 12
12. Тауарларды алынған квоталар көлемі шеңберінде осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген квотаның қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге болады.
Тармақ 13
13. Өтінім беруші бұрын алынған квота көлемінен бас тартқан жағдайда, өтінім беруші уәкілетті органға тауардың атауын және бөлінген квота көлемін көрсете отырып, квотадан бас тарту туралы хат жібереді.
Тармақ 14
14. Тауарларды әкетуге арналған бөлінбей қалған квоталардың көлемі бар болса, уәкілетті орган квотаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 25 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 15
15. Осы Қағидаларда көзделген, қабылданған міндеттемелердің орындалмауына жол берген сыртқы сауда қызметіне қатысушылар квоталарды одан әрі бөлуге жіберілмейді.
Басқа 1.1. 20___жылғы _______ тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 20___жылғы _______ тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота бөлуді сұрайды. Экспорттың жоспарланған көлемі: __________ (тауардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны; ________ (тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______ мың тоннаны құрайды; | Тиеп-жөнелту орны:________________________________ болып (облыс, қала, аудан, станция) табылады. Тиеп-жөнелту түрі: _______________________________________________________________ (вагон, контейнер, автомобиль көлігі) Қыз­мет тү­рі (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша қыз­мет тү­рі­нің ко­ды) Өті­нім бе­ру­ші­нің ор­на­лас­қан же­рі­нің (заң­ды ме­кен­жайы) ме­кен­жайы Өті­нім бе­ру­ші­нің те­ле­фо­ны, элек­трон­дық поч­та­сы Өті­нім бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрі/биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiрі Күн­ба­ғыс май­ын өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Дай­ын өнім бой­ын­ша күн­ба­ғыс май­ын өн­ді­ру қу­а­ты, тон­на/ тәу­лі­гіне Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) нө­мі­рі Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) кү­ні Ке­лі­сім­шар­тты (шар­тты) есеп­ке алу нө­мі­рі ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Та­у­ар­дың ата­уы Ке­лі­сім­шар­тқа (шар­тқа) сәй­кес са­ны, тон­на Ке­лі­сім­шар­ттың (шар­ттың) құ­ны, Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры­ның дол­ла­ры­мен Өті­нім бер­ген сәт­те күн­ба­ғыс май­ын өн­ді­ру­ші­де күн­ба­ғыс тұқы­мы­ның бо­луы, тон­на Өті­нім бер­ген сәт­те күн­ба­ғыс май­ын өн­ді­ру­ші­де күн­ба­ғыс май­ы­ның (та­зар­ты­л­ған және (неме­се) та­зар­тыл­ма­ған) бо­луы, тон­на Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін. Маған/бізге қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдердің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймын. _______________ _________________________________ ________________ (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 20__ жылғы «____» ___________
Басқа 1.2. 20__жылғы __________айына арналған Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесі
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларына 2-қосымша Нысан 20__жылғы __________айына арналған Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесі Р/с № Сырт­қы са­уда қыз­ме­тіне қа­ты­су­шы­ның (үле­стес заң­ды тұл­ға­ның, контр­агент-экс­порт­та­у­шы­ның) ата­уы Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiрі/же­ке сәй­кестен­дi­ру нө­мiрі Та­у­ар­дың ата­уы және Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды (ЕА­ЭО СЭҚ ТН) Са­ны, тон­на Ти­еп-жө­нел­ту ор­ны Кво­та­ны бө­лу кү­ні
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның (бұ­дан әрі – ЕА­ЭО СЭҚ ТН) ко­ды* Та­у­ар­дың ата­уы* Кво­та­ның кө­ле­мі, тон­на Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1512 11 910 1 Ба­стап­қы ора­ма­да та­за сал­ма­ғы 10 литр неме­се одан да аз ши­кі күн­ба­ғыс майы 68 000 2022 жы­л­ғы 31 та­мыз­ға дей­ін (қо­са ал­ған­да) 1512 11 910 9 Өзге де ши­кі күн­ба­ғыс майы 1512 19 900 2 Ба­стап­қы ора­ма­да та­за сал­ма­ғы 10 литр неме­се одан да аз өзге де күн­ба­ғыс майы неме­се оның фрак­ци­я­ла­ры 1512 19 900 9 Өзге­лер де Ескертпе: * сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.