О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы "Актілер жинағында" және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының Конституциясы  44-бабының  3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығының  1-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы абзац алынып тасталсын: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі"; мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі; Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті