Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 154 қаулысымен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру аласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Ленина көшесі, 2 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қазақстан Республикасының заңдармен қызметке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) жұмыс табуда қиындықтарға тап болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 7
7) аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;
Тармақша 8
8) біліктілік пен кәсіби деңгейді ұдайы арттыру;
Тармақша 9
9) бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болады;
Тармақша 2
2) міндеттері:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын және актілерін уақтылы және сапалы орындау;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 2
2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 5
5) халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейшілікті төмендету шаралары;
Тармақша 6
6) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну;
Тармақша 7
7) қағаз жүзінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы «Әлеуметтік көмек», «Е-әкімдік», «Е-Собес», «Шетелдік жұмыс күші», «Әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен өтініштерді қабылдау;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру;
Тармақша 10
10) бюджеттік есепке алуды жүргізу;
Тармақша 11
11) жылдық сомалардың ай сайынғы бөлінуін, қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділігін талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті жасау арқылы бюджет қаражатының игерілуіне бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 13
13) мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды талдау, мониторингілеу.
Тармақша 14
14) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
Тармақша 15
15) мереке күндері, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу;
Тармақша 17
17) мұқтаж мүгедектектігі бар тұлғаларды протездік-ортопедиялық, саңырау және есту аппараттарымен, арнайы көлік құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен, ымдау тілі маманымен, мүгедектектігі бар тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілермен қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және кеңес беру;
Тармақша 19
19) «Цифрлық отбасы картасы», «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы», «Интерактивті қолжетімділік картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін мониторингтеу;
Тармақша 20
20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу, бөлім басшысының және бөлім басшысының орынбасарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізу;
Тармақша 21
21) коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 22
22) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 24
24) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру, ұзарту және қайтарып алу;
Тармақша 26
26) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 27
27) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарды санаторлық-курорттық емдеуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 28
28) қарттар мен мүгедектектігі бар тұлғаларға үйде күтім көрсету қызметін үйлестіру;
Тармақша 29
29) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдау;
Тармақша 30
Тармақша 31
31) мүгедектектігі бар тұлғаларға оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыруды бақылау және жәрдемдесу;
Тармақша 32
32) өмірлік қиын жағдайдағы адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау;
Тармақша 33
33) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 34
34) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдар үшін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
Тармақша 36
36) өмірлік қиын жағдайдың басталуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбаларының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар беру жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 37
37) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 38
38) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға көмек көрсету әлеуметтік және өзге де шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 39
Тармақша 40
40) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысу;
Тармақша 41
41) белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер өткізу, сондай-ақ құзыретіне жататын мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 42
42) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 43
43) өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 45
45) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларды әзірлеу;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
Тармақша 47
47) отбасын қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 48
Тармақша 49
Тармақша 50
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,
өкілеттігі
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,
өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
Тармақша 2
2) Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiн ұстауды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын, еңбек мәселелерi бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның құзыретіне жататын қатынастар тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 2-1
2-1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің келісімі бойынша: «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 3
3) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы мен штат санын бекітеді;
Тармақша 5
5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келіседі және аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 7
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 8
8) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 9
9) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына сәйкес материалдық көмек көрсетуді, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлеріне қосымша төлемдерді, материалдық ынталандыруды белгілейді;
Тармақша 10
10) қаржылық құжаттарға бірінші қол қоюға, шарттар жасасуға, сенімхаттар беруге құқылы;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік жазалау шараларын қолдануды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқаруға құқығы бар.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ, егер де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25