Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел сельского хозяйства акимата Камыстинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 63 «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысымен бекітілді «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен» Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) аудан экономикасында аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімінің үлесін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнама мониторингі;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер: Құқықтары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешеннің жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
Тармақша 2
2) әкімнің, әкімдіктің қарауына "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік органының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды аудан аумағында іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Тармақша 6
6) Өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 7
7) «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу; Міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген құзырет шегінде ауыл шаруашылығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұтынушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы туралы тиісті ақпаратты беру;
Тармақша 5
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болып табылады;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
Тармақша 6
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;
Тармақша 7
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының өкілеттігі мәртебесі
3. Мемлекеттік орган басшысының өкілеттігі мәртебесі
Тармақ 16
16. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылықты «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің мүддесін білдіреді;
Тармақша 5
5) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ шығыстар сметасын, құрылымын және штат кестесін бекітеді;
Тармақша 6
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамада көзделген оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығында иелене алады. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. «Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.