О добровольных дружинах по охране общественного порядка Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148-II ҚРЗ Заңының 33-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес және тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға тарту мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Полицияның патрульдық учаскелерi базасында кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, пәтер иеленушi кооперативтерiнiң еңбек ұжымдары өкiлдерiнiң санынан қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтар құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтардың Павлодар қаласы әкiмiнiң жанында қалалық штабы ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiнде ерiктi жасақтар қызметiнiң Ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Павлодар қаласы iшкi iстер басқармасының бастығы ерiктi жасақтардың қалалық штабына практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы екi апта iшiнде қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап ресми жариялансын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмi аппаратының басшысы С.Н. Бочаровқа жүктелсiн.
Келiсiлдi
Павлодар қаласы
iшкi iстер басқармасының
бастығы Д. Тойғамбаев
Басқа 7. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар қызметiнiң ЕРЕЖЕЛЕРI
2002 жылғы 11 желтоқсан
Павлодар қаласы әкiмiнiң
2002 жылғы "11" желтоқсандағы
"Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi
ерiктi жасақтар туралы"
550 шешiмiмен
БЕКIТIЛГЕН
Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар қызметiнiң ЕРЕЖЕЛЕРI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ерiктi жасақтар құрылымдары (бұдан әрi - Ерiктi жасақтар) азаматтардың тұрғылықты жерлерi бойынша кәсiпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, барлық меншiк нысанындағы оқу мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiмен және пәтер иеленушi кооперативтерiмен (бұдан әрi - ПИК) iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда көмек көрсету үшiн құрылады.
Тармақ 2
2. Ерiктi жасақтар құрылымдары кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және ПИК еңбек ұжымдарының ұсыныстары бойынша және азаматтардың жеке өтiнiштерi негiзiнде қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтар санынан құрылады.
Тармақ 3
3. Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысының мүшелiлiгiне қабылдау туралы азаматтардың өтiнiштерi қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысының атына (бұдан әр-қалалық штаб) жiберiледi.
Ескерту: 3-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен
.
Тармақ 4
4. Егер кандидат сотталмаған болса, өзiнiң жеке, iскерлiк және моральдық қабiлеттерi бойынша жасақ талаптарына сәйкес болса, онда қалалық штаб басшысының бұйрығы бойынша ол Ерiктi жасақтар мүшелiлiгiне енгiзiледi.
Тармақ 5
5. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерiнiң және ПИК Ерiктi жасақтар құрылымдарына басшылықты қалалық штаб басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қалалық штаб Ерiктi жасақтар құрылымдарының iшкi iстер органдарымен өзара қарым- қатынас мәселелерiн үйлестiредi.
Тармақ 7
7. Барлық меншiк нысанындағы заңды тұлғалар және азаматтар қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуда ерiктi жасақтар құрылымдарына, жасақтарға қолдау және көмек көрсетуге құқылы.
Ескерту: 7-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен
.
Тармақ 8
8.
📌 Ескерту. 11 тармақ алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен
.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметi
2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметi
Тармақ 9
9. Ерiктi жасақтардың негiзгi мiндетi iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда мына жолдар арқылы көмек көрсету:
Тармақша 1
1) iшкi iстер органдары қызметкерлерiмен бiрлесiп көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй массивтерiнде және басқа қоғамдық жерлерде, сонымен бiрге мәдени бұқаралық және спорттық - көрермендiк iс шараларды өткiзуде патрульге шығу;
Тармақша 2
2) маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, уытты заттарға әуестiктiң, балалар қараусыздығы мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмыста iшкi iстер органдар қызметкерлерiмен бiрлесiп қатысу.
Тарау 3. 3. Жасақтардың құрылымы және олардың жұмысының принципi
3. Жасақтардың құрылымы және олардың жұмысының принципi
Тармақ 10
10. Ерiктi жасақтар кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi және ПИК жасақтар құрылымдарынан және қалалық штабынан құрылады.
Тармақ 11
11. Қалалық штабты Павлодар қаласы iшкi iстер басқармасы қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығы басқарады.
Тармақ 12
12. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi және ПИК ерiктi жасақтар құрылымдарын қалалық штаб басшысы лауазымына тағайындайтын және босататын командир басқарады.
Тармақ 13
13. Қалалық штаб басшысы келесi функцияларды iске асырады:
Тармақша 1
1) Ерiктi жасақтардың қалалық штаб басшысы ерiктi жасақтар қызметiнiң, қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша iшкi iстер органдарымен үйлестiрудi және өзара қарым - қатынасты қамтамасыз етедi, ерiктi жасақтар құрылымдарының қызметiн талдайды және жалпылайды, сонымен бiрге олардың жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) Қала әкiмiнiң және қала iшкi iстер басқармасы бастығының атына қоғамдық тәртiптi сақтауды жақсарту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар енгiзедi, мәселелерiн қарайды.
Ескерту: 13-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен
.
Тармақ 14
14. Ерiктi жасақтар құрылымының командирi келесi функцияларды iске асырады:
Тармақша 1
1) Ерiктi жасақтарға басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Ерiктi халықтық жасақтар мүшелерiн таңдайды, орналастырады және оқытады;
Тармақша 3
3) Ерiктi жасақтар мүшелерiнiң кезекшiлiкке шығу кестесiн құрастырады;
Тармақша 4
4) Ерiктi жасақтар мүшелерiнiң қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мiндеттердiң орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 5
5) Ерiктi жасақтар құрылымдарының қызметiн жетiлдiру бойынша шараларды әзiрлейдi және қабылдайды.
Тармақ 15
15. Кезекшiлiкке келген уақытта Ерiктi жасақтар мүшелерiне командир қаладағы оперативтiк жағдайдың жағдайы, ол орындайтын мақсаты мен мiндеттерi туралы нұсқаулық жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Қалалық штаб айына кем дегенде бiр рет Ерiктi жасақтардың қызметiне талдау жасау үшiн, олардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдау, басқа проблемаларды талқылау және шешу үшiн мәжiлiстер өткiзедi.
Тарау 4. 4. Жасақтар мүшесiнiң мiндеттерi және құқықтары
4. Жасақтар мүшесiнiң мiндеттерi және құқықтары
Тармақ 17
17. Ерiктi жасақтар мүшесi:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуда белсендi қатысуға;
Тармақша 2
2) қалалық штаб басшысының және Ерiктi жасақтар командирiнiң талаптары мен тапсырмаларын адалдықпен орындауға мiндеттi.
Тармақ 18
18. Ерiктi жасақтар мүшелерi:
Тармақша 1
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi бұзбауды талап етуге;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда iшкi iстер органы қызметкерiнiң қатысуымен құқық бұзушыны iшкi iстер басқармасына немесе полицияның учаскелiк пунктiне тапсыруға құқылы.
Тарау 5. 5. Көтермелеу және жаза қолдану шаралары
5. Көтермелеу және жаза қолдану шаралары
Тармақ 19
19. Құқық бұзушылықпен белсендi күресетiн жасақтарды мекемелер, кәсiпорындар және қоғамдық ұйымдар өз құзыры шеңберiнде мына жолмен көтермелейдi:
Тармақша 1
1) алғыс бiлдiру;
Тармақша 2
2) сыйлық немесе ақшалай сыйлық беру;
Тармақша 3
3)
📌 Ескерту. 19 тармағы 3 тармақшасы алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен.
Тармақ 20
20. Жасақтарды көтермелеу туралы салтанатты түрде, кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар жиналыстарында хабарланады.
Тарау 6. 6. Ерiктi жасақтар құрылымдарын сақтау шаралары
6. Ерiктi жасақтар құрылымдарын сақтау шаралары
Тармақ 21
21. Кезекшiлiк кезiнде ерiктi жасақтар құрылым мүшелерi зақымданғанда емдеудi Ерiктi жасақтардың қызмет етуiне жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен.
Ескерту: 21-тармақ өзгерді - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен.
Тарау 7. 7. Ерiктi жасақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету
7. Ерiктi жасақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 22
22. Ерiктi жасақтардың орналасуы қызметтiк телефондарды пайдалану құқығында полицияның учаскелiк пункттерiнде жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау
8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау
Тармақ 23
23.
📌 Ескерту. 23 тармақ алынып тасталды - Павлодар қаласының әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1634
қаулысымен.