Аудандық бюджет комиссиясы туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджет комиссиясы туралы Қазақстан Республикасының»2001 жылдың 23 қаңтарында "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" № 148-11 Заңы мен Қазақстан Республикасының» 1999 жылдың 1 сәуiрiндегi "Бюджет жүйесi туралы" № 357-1 Заңына сәйкес Ерейментау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берiлiп отырған құрамға сәйкес, ауданның бюджеттiк комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Ауданның бюджеттiк комиссиясының дербес құрамы аудандық Мәслихат сессиясының бекiтуiне енгiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Қоса ұсынылып отырған ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Ерейментау ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылдың 21 мамырындағы "Сәйкестелген қаржы жылындағы аудандық бюджеттiң жобасын қалыптастыруға арналған бюджеттiк комиссия туралы" № А-5/64 және 2003 жылдың 18 наурызындағы № А-3/56 қаулысы күшi жойылған болып танылсын.
Тармақ 5
5. Бұл қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Ерейментау ауданы әкiмiнiң 2003 жылғы 7 шілде № a-7/196 қаулысымен бекітілген Ауданның бюджет комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл ереже тұрақты негізде іс атқаратын бюджеттік комиссиясының (әрмен қарай - комиссия) қызметін реттеп отырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссияның қызметінің құқықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты.
2. Комиссияның мақсаты.
Тармақ 3
3. Комиссияның қызметінің негізгі мақсаты аудан бюджетінің сәйкестелген қаржы жылына арналған жобасының дер кезінде әрі сапалы әзірленуін және аудандық бюджетті нақтылауға, атқаруға негізделген ұсыныстардың жобалануын қамтамасыз етуге бағытталады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен қызметі
3. Комиссияның міндеттері мен қызметі
Тармақ 4
4. Облыстық орташамерзімдік кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспары негізінде аудан бюджетінің үшжылдық кезеңдегі негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарау Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады; аудандық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасы мен аудан бюджетінің болашақтағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін құрастырады, оны ауданның жергілікті өкілетті органына ұсынады; аудан бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштері мен алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджеттің сәйкестілігін, қаржы жылының жобасын, ауданның әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарын межелейді; сәйкестелген қаржы жылының аудандық бюджетін нақтылауға негізделген ұсынысты жүйелейді.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органы дайындалған құжаттарды қарайды, оған қоса аудан бюджетінің алдағы үшжылдық мерзімге бекітілген болжамдық көрсеткіштерін; Аудан бюджетінің, шығын лимиті қосылған, соның ішінде инвестициялық жобасы, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалары ескерілген, алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін; Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалары, соның ішінде ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар ескерілген алдағы үшжылдық кезеңнің инвестициялық жобаларын тізбегі мен көлемін; Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан жағдайға орай бюджеттік бағдарлама (бағдарша) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің жоспарланған қаржы жылында кредиторлық борышының өтелу шамасын; Аудандық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасын;
Тармақша 2
2) - аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырысын қарайды, оған сәйкестелген шешім шығарады;
Тармақша 3
3) - бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын нақтылауға және бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы ақпарат негізінде бюджеттік бағдарламаны әрмен қарай іске асыруға; - ауданның мемлекеттік бағдарламасына, аудан аумағының экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламасына негізделген ұсыныстарды қарайды, даярлап отырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестелген басқадай қызметтерді атқарады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссияның өзінің атқаратын міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) ауданның - (қаланың) жергілікті атқару органдарымен, аудандық бөлімдермен, ұйымдармен өзара қызметтес болуға, сондай-ақ Комиссияның тапсырмасын іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзырлығына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға, ұсыныс енгізуге;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті құжаттарды аудандық және өзге ұйымдардан сұратуға және алып отыруға;
Тармақша 4
4) Комиссияның тапсырмасын іске асырумен орайласқан мәселелер бойынша Комиссия мәжілістерінде аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерін тыңдауға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Комиссияның қалыптасу және қызмет атқару тәртібі
5. Комиссияның қалыптасу және қызмет атқару тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын аудан әкімдігі белгілейді және ол аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) жұмысшы органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы (төрайымы);
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары;
Тармақша 4
4) Хатшы.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы (төрайымы) оның қызметіне жетекшілік жасайды, Комиссияның мәжілістерін басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, өз шешімдерінің іс жүзіне асырылуына жалпы бақылау жүргізеді, комиссияның атқаратын ісіне жауап береді. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның қызметін төраға тағайындаған орынбасар атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныс, керекті құжаттарды, материалды дайындайды, оны өткізгеннен кейін хаттамаларын ресімдеп береді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Аудан бюджетін жобасы жасалған кезеңде жұмыстың жоспар- кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті бюджеттің жобасын ресімдеу ережесімен жүйелеген мерзімге сәйкестеліп белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің мәжіліске қатысуға арналған өз өкілеттіктерін өзге жандарға жолдауға құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыспен, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне сауалнама беру тәсілімен қабылданады, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі жақтап дауыс берсе, онда шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері шешім қабылданған сәтте тең дауысқа ие болады. Дауыс тең шыққан Комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжілісінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетілген күн тәртібінің мәселелерін қарау нәтижелері сәйкестелген хаттамаға енгізіліп отырады және төраға анықтайтын жағдайда мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерінің визасы қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға (төрайым) мен хатшының қолы қойылады. Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің айрықша пікірін жазбаша білдіруге құқығы бар, ол мәжілістің хаттамасына қосылады.
Тармақ 16
16. Комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатымен қабылданған шешімдері міндетті түрде қарауды, барлық мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімде орындауды керек етеді.
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмысшы органының қызметі жергілікті уәкілді органға-әкімнің басқаратын уәкілі-аудандық қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 18
18. Жұмысшы органының қызметі, Комиссия белгіленген мерзім мен күн тәртібіне сәйкес, мәжіліске материал дайындауға, оны Комиссия мүшелеріне аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері мен жергілікті атқару органдарына таратып-жеткізуге, Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын әзірлеуге, сондай-ақ осы Ереже мен нормативтік-құқықтық актілерден туындайтын өзге міндеттерді орындауға арналған.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Аудан әкімдігі Комиссияның қызметін тоқтату туралы қабылдаған, аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітілген Қаулы Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болады.
Тармақ 20
20. Комиссияның жұмысын тоқтатуға тура келетін, осы Ереженің 19 бабында көрсетілген жағдай туындағанда аудандық Мәслихатқа орындалған жұмыс туралы есеп-хат жолданады Ерейментау ауданы әкімдігі 2003 жылғы 7 шілдедегі Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы № a-7/196 қаулысына қосымша Ауданның бюджеттік комиссиясының құрамы Мұсабаев Өмірсерік Қайыржанұлы - аудан әкімі, комиссияның төрағасы Айдаболов Олжахан Омарұлы - Экономика бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары Хасенов Амантай Қабыкенұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері. Сахметов Өмірсерік Әміржанұлы - қаржы-бақылау басқармасының Ерейментау ауданы бойынша бас бақылаушы-тексерушісі Рақаева Қайнықаят Секенқызы - аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы (келісім бойынша). Иванова Зинаида Афанасьевна - бюджет бөлімінің бастығы Аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жақып Қайыркен Біләлұлы - аудандық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Ғаббасова Шырақжан Жұмағалиқызы - салық комитетінің Ерейментау ауданы бойынша төрайымы (келісім бойынша) Топорков Егор Михайлович - бас маман - аудан әкімдігінің заңгері Ильиченко Марина Леонидовна - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Комиссияның хатшысы