Об утверждении положения государственного учреждения «Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Курмангазинского района Атырауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемелекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «27» мамырдағы № 212 қаулысымен бекітілген қосымша «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Халит Испулаев көшесі, 10 үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылыс және қайта жаңғырту саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру және өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан аудан аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. Құқықтары:
Тармақша 1
1) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;
Тармақша 2
2) білікті мамандарды қала құрылысы құжаттамасы жобаларының сараптамасына қатысуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қала құрылысы саясаты жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын дайындауға тарту;
Тармақша 3
3) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;
Тармақша 5
5) міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданда мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және ауданды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту мақсатында ағымдағы және перспектива мәселесін шешуге бағытталған құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жоба-жоспарының құжаттарын, аудан құрылысына жататын ғимараттардың жобаларын қарау және келісу;
Тармақша 3
3) аудан аумағында жобалау, қайта жаңғырту, түбірлі жөндеу жүргізуді реттейтін нормалар мен ережелерді дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 4
4) аяқталған өндірістік және өндірістік емес сипаттағы тұрғынды-азаматтық құрылыс нысандарын қабылдауға қатысу;
Тармақша 5
5) аудан аумағында мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу;
Тармақша 6
6) ауданның әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылу нормаларының, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын аудан деңгейінде жүргізу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары
Тармақша 1
1) мемлекеттік сараптаманы республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс инспекциясы жобаларымен, аудан көлеміндегі бағынышты құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық, жеке мүдделерді қорғау сұрақтары бойынша лицензиялау органдарымен байланыс жасау;
Тармақша 2
2) бекітілген құрылыс құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруда құрылыс тәртібін, құрылыс салу ережесін сақтау арқылы жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихатқа мәселелер ұсыну және есеп беру;
Тармақша 6
6) құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне және жобаларға сәйкес құрылыс тәртібін, жұмыс технологиясын сақтауды бақылау;
Тармақша 7
7) құрылыс нысандарына техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік дайындау және құрылыс жұмысы жүргізілетін құрылыс, қайта жаңарту нысандарына тиісті мекемелерден техникалық талаптар алу;
Тармақша 8
8) қаржы тапсырысын, қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау;
Тармақша 9
9) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
Тармақша 11
11) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
Тармақша 12
12) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
Тармақша 13
13) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
Тармақша 14
14) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
Тармақша 16
16) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
Тармақша 17
17) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
Тармақша 18
18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
Тармақша 19
19) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
Тармақша 20
20) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 21
21) сәулет және қала құрылысы органдары қызметін жақсарту және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 22
22) бөлім қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) аудан аумағында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
Тармақша 24
24) бөлімде гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
Тармақша 26
26) құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
Тармақша 27
27) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;
Тармақша 28
28) эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
Тармақша 29
29) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңдылыққа қайшы келмейтін, бөлім туралы ережесімен анықталған басқада қызметтерді орындау.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының орынбасарлары болмайды.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
Тармақша 6
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 7
7) бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;
Тармақша 9
9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған кезде дереу аудан әкімінің аппаратына хабарлайды;
Тармақша 11
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы немесе лауазымды тұлға басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.