О размещении семей оралманов Қолданыста
Басқа 0
Оралмандар жанұяларын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 10 акдандағы № 1017 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің « Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 10 акщандағы № 1017 Жарлығын icкe асыру туралы» 2003 жылғы 14 наурыздағы № 205 Қаулысын орындау және өзінің тарихи отанына оралуға ниет білдірген оралмандар жануяларын орналастыру үшін ШЕШЕМ1Н:
Тармақ 1
1. Белгіеленген 2003 жылға арналған кеш келу квотасына сәйкес оралмандар жанұяларын облыстың қалалары мен аудандарына орналастыру жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Оралмандарды қарсы алу және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс комиссиясы келес 1 құрамда құрылсын (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың, өкімдері Маңғыстау облысы бойынша көшіп- қон және демография жөніндегі басқармасымен (Ә.Ө.Сахимов) бірлесіп:
жоспарға сәйкес қоныс аударушы оралмандарды қарсы алуды ұйымдастыру жөнінде шаралар алсын;
тұрғын үй және шаруашылық қызметіне арналған нысаналар құрылсын салуға ықылас білдіргендерге заңмен белгіленген тәртіпте жер учаскелерін бөлсін;
жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі icтep басқармасы (Қ,.Ж.Мырзабаев):
оралмандардың облыс аумағы бойынша жолсапарында және қоныстану
орындарында жеке басының және мүліктерінің қауіпсіздігін;
келген оралмандардың республика аумағы бойынша тұруға және қозгалыс жасауға арналған құжаттарын уақтылы тіркеуді және ресімдеуді;
тұрақты тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниет білдіргендердің қажетті құжаттарын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.Төралиев) облысқа қоныс аударған оралмандарды медициналық байқаудан өткізу мен қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (Ж.Н.Сағымбаева):
Оралмандардың балаларын облыстың қалалары мен аудандарының мектептерінде оқытуды;
оралмандардың;
ересек бөлігі үшін мектептердің жанынан мемлекетік тілді оқып-үйренуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі орталыққа (3. С. Молдағалиева)
облысқа тұрақты тұруға келген оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы мен жәрдемақы белгілеу мәселесін қарау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкімдері осы шешімнің орындалуы туралы тоқсан сайын жазбаша түрде ақпарат берсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С.А.Макежановқа жүктелсін.
Басқа 10
Маңғыстау облысы әкімінің
2003 жылғы
28 наурыз № 41 шешіміне
1 қосымша
2003 жылға белгіленген оралмандардың көшіп келу квотасына сәйкес
оралмандар жанұяларын облыс қалалары мен аудандарына орналастыру
ЖОСПАРЫ
Қала, аудан
Түркменстан
Өзбекстан
Ресей
Иран
Барлығы
Ақтау қаласы
32
112
5
38
187
Жаңаөзен қаласы
18
117
0
0
135
Бейнеу ауданы
0
15
0
0
15
Қарақия ауданы
2
8
0
0
10
Түпқараған ауданы
1
4
0
0
5
Барлығы:
53
256
5
38
352
Басқа 11
Маңғыстау облысы әкімінің
2003 жылғы
28 наурыз № 41 шешіміне
2 қосымша
Оралмандарды қарсы алу және орналастыруды ұйымдастыру
жөніндегі жұмыс комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Макежанов Сұлтанбек - облыс әкімі аппаратының басшысы
Алмасбекұлы комиссия төрағасы;
Шахатова Мейрамгул - Маңғыстау облысы бойынша көші-қон
Сапарқызы және демография жөніндегі
басқармасының бас маманы,
комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Әзірханов Басшы Айжанақұлы -Бейнеу ауданының әкімі
Бабаханов Жалғас Бисалыұлы -Жаңаөзен қаласының әкімі
Баужанова Ақмоншақ -Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау басқармасының
бастығы
Молдағалиева Зарипа Сиражқызы -Мемлекеттік зейнетақы және
жәрдемақы төлеу орталығының
директоры (келісім бойынша)
Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы- -Маңғыстау облыстық ішкі істер
басқармасы бастығы (келісім бойынша)
Оспанов Серик Жәмекұлы -Ақтау қаласының әкімi
Сахимов Әли Өтепұлы -Маңғыстау облысы бойынша көші-қон
және демография жөніндегі басқармасының
бастығы (келісім бойынша)
Сағымбаева Жәнияш
Наурызбайқызы - облыстық білім басқармасының бастығы
Төралиев Сағыныш - облыстық денсаулық сақтау басқармасының
бастығы