Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и коммунальными государственными учреждениями Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен
коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2003 жылғы 16 шілдедегі №КГИП-3-1/4143 хатының негізінде, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін баскару жөніндегі Департаменті (Г.С.Сейтмаганбетова), мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік баска] эы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен
коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бектілген мүліктерді есептен шығару кезінде бекітілген
нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсін.
Басқа 4
Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2003 ж. 27 тамыз № 196
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік
мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы
НҮСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығымен бекітілген, Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулығына, сондай-ақ бұған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 56 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Нұскаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында қолданылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектілері мен өзге де әскери мүлікті қоспағанда, табиғи немесе сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесінде жарамсыздыққа келген шаруашылык басқару құқығында немесе жедел басқару құқығында құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорындар) мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Нұсқаулық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің негізгі кұрал-жабдықтарына (активтеріне) жататын мүлікке таратылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу осы Нұсқаулықтың 10 тармағында белгіленген шарттарды ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 5 тармағына сәйкес құрылатын комиссия тұжырымының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен кұрылады.
мемлеттік кәсіпорында құрылатын комиссияның кұрамына міндетті түрде:
мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (комиссияның төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
мүліктің сақталуына жауапкершілігі жүктелген тұлғалар енгізіледі. Мемлекеттік мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (комиссияның төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жагдайда - бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлғалар);
мүліктің сақталуына жауапкершілігі жүктелген тұлгалар енгізіледі.
Мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруда комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізіледі.
Тарау 2. 2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
Тармақ 6
6. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметінің белгіленген мерзімдері өтелгеннен кейін дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесінде өндірістік мәнін толығымен жоғалтқан, егер қалпына келтіру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкін емес болган мүлік мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансынан шығарылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару:
100 пайыз тозғанда - мемлекеттік органымен келісілген мемлекеттік кәсіпорынның шешімі бойынша;
50 пайыздан артық тозғанда және немесе баланстық құны 1000 есептелген ең төмен есепті көрсеткіштен артық емес болғанда мемлекеттік басқару органымен келісм бойынша және Маңғыстау облысының коммуналдық меншікті басқару жөніндегі Департаментінің (бұдан әрі- Департамент) жазбаша рұқсатынан кейін жүзеге асырылады;
Баланстық кұны 1000 есептелген ең төмен есепті көрсеткіштен артық болғанда-мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша және Департаменттің жазбаша рұқсатынан кейін жүзеге асырылады.
Облыстық елді мекендердің инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын (су құбырлары, газ құбырлары, электр желілері және т.б.) мүлікті есептен шыгару облыс әкімінің немесе бақылау жасау жүктелген облыс әкімі орынбасарының келісімімен жүзеге асырылады.
Облыстық мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шыгару Департаментпен келісу арқылы жүзеге асырылады, аумақтық мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің - олардан жоғары тұрған органдармен және Департаментпен келісу бойынша.
Тармақ 9
9. Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталынатын және мемлекеттік органдар емес мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органдарының және Департаменттің келісімі бойынша іске асырылады.
Тармақ 10
10. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлікті тексеріп қарайды және оның қайта қалпына келтіру және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 6 тармағында көрсетілген есептен шығарудың себептерін айқындайды, есептен шығарылып отырған мүліктің жекелеген түйіндерін, бөлшектерін, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды, мүліктің мерзіміне бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметі арнайы білімдерді қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиісті мамандарды (сарапшыларды) енгізеді.
Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшек, торап қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі-материалдар) үш топқа бөлінеді:
Бірінші топ- тікелей қызметі бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттар кірісіне алынуға міндетті одан әрі қолдануға жарамды материалдар.
Екінші топ-қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар, көнерген материал, отын және т.б. ) кіріске алынатын тікелей қызметі бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар.
Үшінші топ-одан әрі қоладануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген себептердің салдарынан есептен шығару белгіленген нысандар (ОС-3, ОС-3 бюджет,ОС-4, 443, 444) актілерімен 3 данада ресімделеді.
Тармақ 12
12. Комиссияның 3-данада жасаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару актілері, осы Нұсқаулықтың 7,8,9 таршқтарына сәйкес құжаттардың мына тізімімен:
Тармақша 1
1) комиссия хаттшасы;
Тармақша 2
2) авария жағдайында- тиісті лауазымды тұлға жасаған және бекіткен уақиға актісінің көшірмесімен бірге мемлекеттік басқару органдарына келісуге жіберіледі.
Мемлекеттік басқару органдарымен келісілген есептен шығару құжаттары Департаментке жазбаша рұқсат алу үшін жіберіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін есептен шығару актілері келісілген жағдайда, жоғарғы сол жақ бұрышта “Келісілді” деген белгі, күні, тиісті мемлекеттік басқару органының мөрімен бекітілген басшының қолы қойылады.
Актінің, комиссия хаттамасының (уақиға актісінің көшірмесінің) бір данасы тиісті уәкілетті органда қалады, қалған екеуі- мемлекеттік кәсіпорынға немесе мемлекеттік мекемеге беріледі.
Тармақ 14
14. Келісілмеген жағдайда, мүлікті есептен шығарудан бас тарту дәлелденуімен құжаттардың пакеті мемлекеттік кәсіпорынға немесе мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тармақ 15
15. Комиссия мүлікті жою арқылы алынған материалдарды сату туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынның (мемлекеттік
мекеменің), басшылығы мәселені мемлекеттік басқару органымен (жоғары тұрған мемлекеттік органмен) алдын-ала келісілген сатуға жататын материалдардың тізімін Департаментке жолдайды.
Мүлікті жою арқылы алынған материалдарды сатуды жекеше; туралы заңнамаға сәйкес тек ғана Департамент жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртібі бұзылған жағдайда, бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілік артады.
Тармақ 17
17. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешіледі.