О проведении конкурса "Лучший рынок области" Күшін жойған
Басқа 0
"Облыстың үздік базары" конкурсын өткізу туралы
"Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5-ақпандағы N 131 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 3-2405 КТ хатының негізінде, облыстың қала және аудандарында сауданы дамытудағы сауда рыноктарының рөлін анықтау мен ынталандыру мақсатында, "Облыстың үздік базары" Республикалық конкурсына талаптандыру үшін ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. "Облыстың үздік базары" атағына конкурс өткізілсін.
Тармақ 2
2. "Облыстың үздік базары" атағына конкурсты ұйымдастыру жөніндегі мына құрамдағы облыстық комиссия құрылсын:
1
Швайченко Юрий Петрович
облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
2
Шакенов Мырзахан Шакенович
Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
3
Кунафиянов Бакыткан Калымович
облыс бойынша индустрия, сауда және орта бизнесті қолдау
департаментінің директоры (келісімі бойынша)
4
Кисаева Галия Габитовна
мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау облыстық басқармасының бөлім бастығы, (келісімі бойынша)
5
Берестова Светлана Николаевна
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаментінің бөлім бастығы (келісімі бойынша)
6
Казанцева Галина Сергеевна
Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісімі бойынша)
7
Милентьева Нина Михайловна
Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының сауда бөлімінің бастығы
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған "Облыстың үздік базары" атағына конкурс өткізу туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкімдері "Облыстың үздік базары" атағына конкурстың Ережесіне сәйкес 2003 жылғы 10- қыркүйекке дейін "Қала және ауданның үздік базары" атағына конкурс өткізсін және 2003 жылғы 15- қыркүйекке дейін Шығыс Қазақстан облысының индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау басқармасына облыстық конкурсқа қатысу үшін арналған материалдарды тапсырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю. П. Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. "Облыстың үздік базары"
атағына конкурс өткізу туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2003 жылғы 9 қыркүйек
N 48 шешіміне қосымша
"Облыстың үздік базары"
атағына конкурс өткізу туралы ереже
Тармақ 1
1. Базарлардың жалпы санының арасынан санитарлық нормаларға, бүгінгі күннің ережелері мен талаптарына сай келетін үздік сауда базарларын іріктеу, олардың Қазақстан Республикасының аудандарын, қалалары мен облыстарын дамытудағы рөлін анықтау және сауда базарларының сауда үрдісін ұйымдастырудың өркениетті нысандарына көшуіне себепші болу "Облыстың үздік базары" конкурсын өткізудің мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. "Облыстың үздік базары" атағы конкурстық негізде сауда базарларына сауда үрдісін ұйымдастыру саласында айтарлықтай еңбекке қол жеткізгендері үшін, сондай-ақ сатып алушылар мен тауар сатушыларға қолайлылықтар жасап, қызмет көрсетудің озық үлгілерін енгізгені үшін беріледі.
Тармақ 3
3. Конкурсқа қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары мына номинациялар бойынша қатыса алады:
Тармақша 1
1) үздік азық-түлік базары;
Тармақша 2
2) үздік киім-кешек базары;
Тармақша 3
3) үздік шағын базары;
Тармақша 4
4) үздік базар басшысы.
Әр номинация бойынша конкурс жеңімпазының дипломын тапсыру көзделген.
Тармақ 4
4. Сауда базарларын бағалау белгілері:
Тармақша 1
1) базардың сыртқы келбеті;
Тармақша 2
2) қолайлы кіреберіс жолдардың болуы;
Тармақша 3
3) базар аумағында тиісті құрылғылардың болуы, орналасуының қолайлылығы және тиісті профильдегі (үлгідегі) объекттер үшін белгіленген қауіпсіздік техникасы ережесіне, санитарлық, өртке қарсы, экологиялық және басқа талаптарға сай болуы;
Тармақша 4
4) базардың санитарлық жағдайы: аумақтардың, құрылғылардың, құрал-жабдықтардың, мүкәммалдардың, тауарларды сақтау және сату жағдайларының Мемсанэпидқадағалау талаптарына және Санитарлық ережелер мен нормалар ережесіне сай болуы;
Тармақша 5
5) базардың "Ґлшемнің бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Мемсанэпидқадағалау талаптарына және Санитарлық ережелер мен нормалар ережесіне сай жарақталуы;
Тармақша 6
6) базар жоспарларының, көрсеткілердің, ақпараттық стендтердің болуы, ресімделуі, орналасуы және т.б;
Тармақша 7
7) базарда қоғамдық тамақтану, тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету объекттерінің, қоғамдық тәртіпті сақтау, валюта айырбастау, байланыс және басқа қызмет пункттерінің болуы, сондай-ақ олардың орналасуының және құрал-жабдықтарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай келуі;
Тармақша 8
8) базар әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) сатушылардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) сатылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі;
Тармақша 11
11) сауда үрдісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы үлгілерін әзірлеу және енгізу және сатып алушылар мен өткізушілерге қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131 қаулысымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінің талаптарына сай келмейтін базарлар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Индустрия, сауда және кәсіпкерлікті
қолдау басқармасының бастығы