О проведении месячника по социальной поддержке пожилых людей и инвалидов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша айлық өткізу туралы Қарт адамдар және мүгедектермен жүргізілетін жұмыстың белсенділігін арттыру, олардың проблемалары шешілуіне қоғамның, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың назарын аудару үшін және Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылдың 27 шілдесіндегі № С-28-4 шешімімен бекітілген Ақмола облысында кедейшілікті азайту бойынша 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының аумағында қазан айының 1-нен бастап 31-не дейін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдеріне:
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың дәстүрлі айлығын өткізу бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өткізіліп жатқан айлық ішінде Қарттар күні мен Мүгедектер күні зейнеткерлерге, мүгедектерге, жалғызбасты азаматтарға моральдық және материалдық қолдау шараларын жүргізу;
Тармақша 3
3) шаруашылық субъектілерінің және коммерциялық құрылым басшыларының, бизнесмендердің қатысуымен қарт адамдардың қысқы мерзімге әзірленуіне, көкөністер және қосалқы шаруашылығы үшін мал азығын даярлауға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) қалаларда, аудан орталықтарында, елді мекендерде мәдени-көпшілік шаралар, қарттар және мүгедектермен кездесулер өткізу, әсіресе интернат үйлері мен қарттар үйлерінде тұрып жатқандарға ерекше көңіл болу ұсынылсын:
Тармақ 3
3. Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың' дәстүрлі айлығын өткізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына 2003 жылдың 5 қарашасына дейін тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс өкімінің орынбасары Д.З.Әділбековқа жүктелсін.