О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пруденциального регулирования Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді. Тізбенің 1-тармағының сегізінші абзацы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Ислам банктің Тізбенің 2-тармағының алпыс бесінші, жетпіс алтыншы, сексен алтыншы және жүз он екінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 2-тармағының алпыс сегізінші, жетпіс жетінші, сексен жетінші және жүз он үшінші абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі. Банктің Тізбенің 3-тармағының алпыс алтыншы, жетпіс бесінші, жүз оныншы, жүз жиырма бесінші, жүз елу екінші және жүз алпыс сегізінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 3-тармағының алпыс жетінші, жетпіс алтыншы, жүз он бірінші, жүз жиырма алтыншы, жүз елу үшінші және жүз алпыс тоғызыншы абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1. Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулыға қосымша Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Басқа 1.1. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің нормативтік мәндеріне және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне 2-қосымша Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Басқа 2. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне 5-қосымша Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Басқа 3. Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесі
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне 14-қосымша Банктің ақша әкетілуі мен әкелінуінің кестесі