О развитии жилищно-коммунального хозяйства Западно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кондоминиум /қатысушылар/ меншік ғимарат иелеріне жер учаскелерін беру тәртібін беркіту туралы» 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1813 қаулысын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша кондоминиум /қатысушылар/ ғимарат меншік иелеріне № 1 қосымшаға сәйкес жер учаскелерін беру тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға байланысты мәселелерді үйлестіру үшін № 2 қосымшадағы құрамға сәйкес облыстық штаб құрылсын. Штабтың жұмысы аптасына бір рет жүргізіліп отырсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкімдеріне: - жергілікті жерлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелерін оперативті шешу мақсатында комиссиялар мен штабтар құрылсын және екі апта мерзім ішінде жеке меншік пәтер иелері кооперативтеріне, заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерін беруде жіберілген заңсыздықтарды жоюдың шаралары алынсын. - көп қабатты үйлердегі ғимарат меншік иелері, кондоминиум объектісі болып саналатындар: - үш ай мерзімде жеке меншік пәтер иелері кооперативтерінің қатысуымен кондоминиум /қатысушылар/ ғимарат меншік иелеріне берілетін жер учаскелерін құқықтық рәсімдеу және шекараларын айқындау жөніндегі жұмыстарды аяқтайтын болсын; - кондоминиум /қатысушылар/ ғимарат меншік иелеріне жер учаскелерін берудің белгіленген тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жер учаскелері мен жер пайдаланушы жеке меншік иелерінің тапсырысы бойынша жерге орналастыру және басқа да жұмыстар олардың қаржысы есебінен қаржыландырылатын болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім облыстық газеттерде жарияланатын болсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Маючийге жүктелсін.
Басқа 7. Кондоминиум ғимарат иелеріне /қатысушыларға/ жер учаскелерін беру ТӘРТIБI
Облыс әкімінің 1998 жылғы «13» тамыздағы № 119 шешіміне № 1 қосымша Кондоминиум ғимарат иелеріне /қатысушыларға/ жер учаскелерін беру ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Кондоминиум ғимарат иелеріне /қатысушыларға/ жер учаскелерін берудің осы Тәртібі кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимарат иелерінің жер учаскелеріне деген құқықтары айқындалмаған жағдайда оларға жер учаскелерін беруге байланысты қатынастарды реттейді. Кондоминиумның жаңа объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 маусымдағы № 760 қаулысымен бекітілген жер учаскелері мен жерді пайдалануға жеке меншік құқық беру тәртібі туралы белгіленген Ережеге сәйкес жүзеге, асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес біртұтас мүлікті кешен ретіндегі қозғалмайтын мүлікке /кондоминиум объектісі/ меншік түрі кондоминиум деп саналады, мұнда ғимарат азаматтардың, заңды тұлғаның, мемлекеттің бөлек /жеке/ меншігінде болады, ал оларға жалпы мүлік жалпы үлестік меншік құнымен тиісті болады. Кондоминиум объектісінің ажыратылмайтын бөлігі болып, кондоминиумның барлық қатысушыларына жалпы үлестік меншікпен /жалпы жер пайдалану/ берілген, ғимарат, құрылыстарды орналастыру, ұстау және пайдалану қажеттері үшін берілген біртұтас бөлінбейтін жер участогы саналады. Кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимараттардың біріне немесе кондоминиумның басқа қатысушысына кондоминиум объектісінің құрамына кіретін бөлінбейтін жер учаскесінің бөлігі үшін жеке меншік құқық беруге жол берілмейді. Кондоминиум объектілері кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимараттары жеке меншік құқығына, шаруашылық жүргізу, оперативті басқару және басқа құқықтарға жататын жеке және заңды тұлғалар кондоминиумның қатысушылары болып танылады. Кондоминиум объектілері кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимараттар жеке меншік құқығына жататын кондоминиум қатысушылары жалпы үлестік меншік құқығымен жер учаскелерін алады. Кондоминиум объектісі ғимараттарға меншік иесі болып саналмайтын кондоминиум қатысушылары жер учаскелерін үлестік тұрақты жер пайдалану құқығымен алады.
Тармақ 3
3. Кондоминиумның қолда бар объектілері үшін көркейту элементтерін қосқанда, жер учаскесінің мөлшері қала құрылысшылары белгілеген талаптар мен нақты құрылыс жағдайын және елді пункттерді аумақтық дамытудың басқа да құжаттарын есепке ала отырып айқындалады.
Тармақ 4
4. Кондоминиум қатысушыларына берілетін жер учаскесінің шекаралары көше жақтан қызыл сызық бойымен, квартал іші жағынан - өту белдігі бойымен немесе аралас жер учаскелері шекаралары бойымен белгіленуі мүмкін. Жер учаскесінің шекараларына, әдеттегідей , қоғамдық бағыттағы объектілерге баруды қамтамасыз ететіндей есеппен кондоминиум объектілері мүліктік кешенінің құрамына кіретін объектілер қосылады. Кондоминиум объектілері жер учаскесінің шекаралары аралас жер пайдаланушылардың мүддесін есепке ала отырып анықталады.
Тармақ 5
5. Бірнеше кондоминиумның / балалардың ойын алаңдары, шаруашылық-тұрмыстық алаңдар, көшет егістері, демалыс алаңдары, автотұрақжайлар, инженерлік және коммуникация желілері құрылысы және басқалар / жалпы пайдалануына жататын объектілердегі жерді пайдаланудың құқықтық ережесі мұндай жерді мүдделі кондоминиум қатысушыларына жалпы үлесіне меншік /жалпы жер пайдалану/ құқығымен беру кезінде жалпы жер пайдалану нысандары және /немесе/ сервитуттың заңда қаралғандағыдай дәрежесінде айқындалады. Егер меншік иелерінің келісімінде басқалай қаралмаған болса, үлестің мөлшері бөлек /жеке/ меншіктегі кісі тұратын ғимараттар пайдалы алаңдарының немесе кісі тұрмайтын ғимараттар алаңдарының, мүдделі кондоминиумдар тобына жататын барлық үйлер жалпы алаңының қатынасымен айқындалады. Мұндай үлес бұйымдай, заттай көрсетілуге тиісті емес.
Тармақ 6
6. Кондоминиум объектілерінің кісі тұрмайтын ғимараттарына меншігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, жер учаскелері кондоминиум қатысушылары - Қазақстан Республикасының азаматтарына өтеусіз негізде беріледі.
Тармақ 7
7. Әр меншік иесінің жер учаскесін қосқандағы жалпы мүліктегі үлесі оған тән ғимараттардағы бөлек /жеке/ меншігімен ажыратылмайды. Егер меншік иелерінің келісімінде басқалай қаралмаған болса, үлестің мөлшері бөлек /жеке/ меншіктегі кісі тұратын ғимараттар пайдалы алаңдарының немесе кісі тұрмайтын ғимараттар алаңдарының барлық үйлер жалпы алаңының қатынасымен айқындалады. Мұндай үлес бұйымдай, заттай көрсетілуге тиісті емес.
Тармақ 8
8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесіне /жалпы жер пайдалану құқығына/ жалы меншік құқығы қозғалмайтын мүлік және онымен келісім құқығын мемлекеттік тіркеу туралы заңда қаралған тәртіппен тіркелуге жатады.
Тармақ 9
9. Кондоминиум қатысушыларының /жалпы жер пайдалану/жалпы меншігіндегі жер учаскесіне құқықты пайдалану, сондай-ақ жер үшін төлем төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында қаралған ережелермен және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау ii. II. Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерін беру
II. Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерін беру
Тармақ 10
10. Бар кондоминиум объектілерінің қатысушыларына жер учаскелеріне тиісті құқықты рәсімдеу үшін жергілікті атқарушы орган құрамында жер қорларын басқару органдарының, жергілікті сәулет және қала құрылысы қызметінің және басқа да құзырлы органдардың мамандары, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері енгізілген арнаулы комиссия құрады.
Тармақ 11
11. Комиссия есептегі әр квартал бойынша техникалық инвентаризация, жобалау-жоспарлау және қала құрылысының құжаттары, инженерлік-көлік құрылымының жоспарлары туралы мәліметтер мен бұрын берілген жерлер туралы құжаттарды жинап, осы материалдардың негізінде бар кондоминиум объектілері жер учаскелері шекараларының жобалық жоспарлары және бұл жерлерді беру жөнінде шаралар жоспары әзірленеді. Мұнда жұмысты орындаушылар, қаржыландыру көздері мен жұмысты орындау мерзімі айқындалады. Бар кондоминиум объектілері үшін жер беру жөніндегі шаралар жоспары жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынылады. Жер учаскелері шекараларының жобалық жоспарлары белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардың бекітілуіне жатады. Жер қорларын басқару жөніндегі аумақтық органдар және жергілікті сәулет және қала құрылысы қызметтері кондоминиум қатысушыларына жер беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімнің жобасын дайындау кезінде жер учаскелері шекараларының жобалық жоспарларын алдын-ала техникалық негіз ретінде пайдаланады. Жер учаскелері шекараларының жобалық жоспарлары кондоминиум объектілері үшін бекітілген жер учаскелерінің шекаралары мен олардың тиісті кадастрлы нөмірлерін көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей масштабта орындалуы тиіс.
Тармақ 12
12. Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі кондоминиум объектісі ғимарат меншігі иесінің немесе олардың өкілдерінің арызы негізінде қабылданады. Арызда кондоминиум объектісінің қысқаша идентификациялық сипаттамасы / кондоминиум объектісінің атауы, почта адресі, кондоминиум қатысушыларының бөлек /жеке/ меншігіне жататын кісі тұратын және кісі тұрмайтын ғимараттардың саны, неше қабаттылығы, ғимараттың, құрылыстың жалпы алаңы/, өкілді жақтардың реквизиттері мен басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі. Арызға кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимараттар меншік иелері бәрінің тізбесі, екінші объектіге құқылы категориясы көрсетілген кондоминиумның басқа қатысушылары тіркеледі.
Тармақ 13
13. Кондоминиум ғимарат меншік иелеріне /қатысушыларға/ жер учаскелерін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі жобасын даярлауды жер қорларын басқару жөніндегі аумақтық орган жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша екі апта мерзім ішінде белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру туралы шешімінің жобасы жергілікті сәулет және қала құрылысы қызметтерімен және басқа да мүдделі ұйымдармен келісіледі.
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы орган шаралар жоспарын беркіткеннен кейін жер қорларын басқару жөніндегі атқарушы орган жергілікті сәулет және қала құрылысы қызметімен бірлесіп, кондоминиум ғимарат меншік иелеріне /қатысушыларға/ жер учаскелерін беру жөнінде жерге орналастыру жобасын жасауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Жер учаскелерін беру туралы жерге орналастыру жобасы кондоминиум қатысушыларымен немесе олардың уәкілді өкілімен, жергілікті сәулет және қала құрылысы қызметімен, сондай-ақ аралас жер учаскелері меншік иелерімен /жер пайдаланушылармен/ келісілгеннен кейін жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын әзірлеу үшін жергілікті жер қорларын басқару жөніндегі атқарушы органға тапсырылады.
Тармақ 16
16. Кондоминиум қатысушыларына жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасында мыналар бейнеледі: - кондоминиум объектісінің атауы және почта адресі /орналасқан орны/; - жер учаскесіне жалпы меншіктің /жер пайдалану/ құқықтық түрі мен нысаны; - жер учаскесінің көлемі, категориясы мен мақсатты бағыты; - жергілікті атқарушы органдар белгілеген сервитуттар мен басқа да міндеттемелер туралы мәлімет; - нақты елді пункттің аумағын күту жөнінде жалпы талаптардан туындайтын жер учаскелерін күту және пайдалану шарттары; - кісі тұратын және /немесе/ кісі тұрмайтын ғимарат меншік иелерінің бәрінің жерге құқылығының түрі көрсетілген, жер учаскесі берілген кондоминиумның басқа қатысушыларының тізбесі.
Тармақ 17
17. Қажеттілікке қарай кондоминиум объектісі жер учаскесінің шекараларын өзгерту кондоминиум объектілері ғимарат меншік иелерінің /қатысушылар/ немесе олардың уәкілдік ететін адамдарының арызы бойынша заң тәртібімен айқындалады.
Тарау iii. ІІІ. Жер учаскесіне құжаттар беру
ІІІ. Жер учаскесіне құжаттар беру
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы органдардың кондоминиум қатысушыларына жер учаскесін беру туралы құқығы негіздегі құжаты олардың уәкілдік ететін адамдарына сақтауға беріледі. Кадастрлық нөмері көрсетілген кондоминиум жер учаскесінің идентификациялық сипаттамасын белгілейтін құжатты жер қорларын басқару жөніндегі аумақтық орган кондоминиумның уәкіл ететін адамына осы жер учаскесіне құқығы белгіленген құжатпен бір мезгілде береді.
Басқа 28. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселесін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы «13» тамыздағы №119 №2 қосымша Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселесін үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ Штаб бастығы: А.Ф.Маючий - облыс әкімінің бірінші орынбасары Бастықтың орынбасары А.Б.Сытдықов – облыстық сәулет, тұрғын үй және аумақтар құрылысы басқармасының бастығы Штаб мүшелері: А.С.Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасының бастығының орынбасары Х.Ғ.Жаналиев - «Энергия бақылау» Орал филиалының бастығы М.А.Есентурлиев – «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының президенті В.А.Кондратенко - Табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Н.П.Мордасов – Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетінің төрағасы В.К.Мұқатаев - "Суканал" басқармасының бастығы К.А.Мұхамбетқалиев - "Жайықжылуқуат" акционерлік қоғамының президенті С.А.Орынбасарова - Халықтық банк облыстық филиалының директоры О.И.Рахимбердин - Орал қаласының әкімі С.Т.Рашев – «ГосНПЦзем» Батыс Қазақстан еншілес кәсіпорының директоры Ж.Ж.Отарбаев – «Батыс Қазақстан РЭК» акционерлік қоғамының президенті С.Г.Филиппов – Пәтер иелері кооперативі Орал ассоциациясының төрағасы