О Правилах использования резерва акимата района Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 Заңының 13-бабына сәйкес аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылғы 29 сәуірдегі Әділет басқармасында тіркелген тіркеу №614 аудан әкімдігінің 2002 жылғы 28 наурыздағы №37 «Есіл ауданы әкімдігінің резервін пайдалану туралы» каулысы, 2003 жылғы мамырдағы «Есіл ауданы әкімдігінің резервін пайдалану тәртібі ережесі туралы №217 қаулылары жойылсын.
КЕЛІСІЛГЕН:
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
Сатыбалдинова Қарлығаш Кенжеболатовна
Басқа 3
Аудан әкімдігінің №350 қаулысымен
12 тамыз 2003 ж
БЕКІТІЛГЕН
«Аудан әкімдігінің резервін
пайдалану Ережесі туралы»
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже қаржы жылына Есіл аудандық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 25 желтоксандағы №28-с-2-169 шешімінің бекіткен сома шегінде Есіл ауданы әкімдігі /әрі карай әкімдік - резерв/ резерв қаражатын бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына аудан әкімдігінің резерві «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 7 желтоксандағы №261 Заңдарының 13 бабына және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі №19 Заңына сәйкес қалыптастырылады. Әкімдік резерв ескереді:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға және көзделмеген шығындар, аудан әкімдігі қаулысымен айқындалсын:
сот шешімдері бойынша жергілікті аткарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат.
Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімі резервінің құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгертулер енгізу жолымен аудан әкімдігі резервінің көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген бюджеттік сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшері олардың мақсатты жұмсалуы тәртіпте көрсетілгендей жүзеге асырылады, экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі №3 бұйрығымен бекітіліп Қазакстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанындағы №2012 тіркелген.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің резерв каражаты мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің каулысында аудан әкімдігі резервінен көзделмеген мұктаждыктарға қолдануға болмайды. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қолданылмаған қаражат қалдығы қайтарылады, сонымен қатар мақсатсыз пайдаланған аудан әкімдігінің резерв қаржысы да аудандық бюджетке қайтарылады.
Тармақ 5
5. Есіл ауданы әкімдігінің резерв мөлшері аудандық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынын аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бюджеттің аткарылу процесінде тапшылықтың нақтыланған деңгейінің жоғарылауы немесе бюджетке түсетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестірлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мәселелерін аудандык төтенше жағдайлар туралы комиссиямен аудандык қаржы басқармасымен келісіп карастырады, аудан әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысы жобасына белгіленген тәртіпте бұрыштама қояды. Бұл ретте негізделген материалдармен олардың тізбесін ұсыну ережесін аудандык қаржы басқармасы мен аудандык төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия анықтайды.
Тармақ 8
8. Сондай-ак төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мынадай жағдайларда:
төтенше жағдайлар туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдык көмек көрсетуге;
зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамактанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға:
шұғыл әрекет ету апаттың құтқару және апаттың қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен жабдықтармен, жарақтармен қосымша жабдықтауға;
кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық калпына келтіру жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз өтеуге;
төтенше жағдайлар зонасын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеуге;
төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да шаралар жургізіледі.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша жергілікті бюджет есебінен ұсталатын жергілікті аткарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешімдері бойынша жергілікті бюджет есебінен ұсталатын жергілікті аткарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі каулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте аудан әкімі аппаратының бас маманы құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі немесе аудандык бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда аудан әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Ағымдағы жылы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және жеткіліксіз көлемде көзделген шығыстарды қаржыландыру аудан әкімдігі резервінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аудандык бюджетті бағдарламалар әкімшілері өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін аудандык қаржы басқармасына қаражат бөлу туралы кажетті негіздемелері және есептерімен өтінім ұсынады.
Тармақ 13
13. Аудандық каржы басқармасы осы ұсынылған өтінім негізінде аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 14
14. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдерінің дүрыс қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің резерв қаражатынан көзделмеген баска да шығындырға осы әкімшілермен бірге дайындалған аудан әкімдігінің қаулысының жобасы заңды тәртіппен дайындалады.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 15
15. Аудандық каржы баскармасы токсан сайын аудан әкімдігі резервіндегі қаржы және оны пайдалану туралы мәліметтерді аудан әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 16
16. Бюджет бағдарламасының әкімшілері, төтенше жағдай жөніндегі комиссия аудан әкімдігі резервінен қаржы алған аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражат мөлшері мен орындалған жұмыстардың құны туралы есепті аудандық қаржы басқармасына ұсынуы тиіс.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігі резервіннің мақсатты, пайдаланылуын бақылауды аудандық каржы баскармасы қазынашылық басқармасымен жүргізеді.
Тармақ 18
18. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудан әкімдігі резервінің қаражатын пайдалану ережесін бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бөлінетін бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.