Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет ауданы көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың аудандық штабын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 26.12.2006  № 14 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 ҚР Заңының 33 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Полиция учаскелік инспекторлардың тіркеу пункттерінде кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, еңбек ұжымдары өкілдерінің санынан қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылар құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың Махамбет ауданы әкімінің жанынан аудандық штаб құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі ерікті жасақшылардың қызмет ережелері бекітілсін.
Тармақ 4
4. Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ерікті жасақшылардың аудандық штабына практикалық, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары С.Арстановқа тапсырамын. Аудан әкімі: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: Аудан әкімінің 14 тамыз 2003 жылғы N 188 шешіміне 1 қосымша Қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде ерікті жасақшылардың аудандық штабының құрамы:
Тармақ 1
1. Арстанов Серік Қайрболатұлы - аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы;
Тармақ 2
2. Аққайсиев Арман Үмбетұлы - ішкі істер бөлімінің бастығы, штаб төрағасының орынбасары Мүшелері:
Тармақ 1
1. Қабдешев Асхат Масабайұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 2
2. Төлегенов Ұзақбай Төлегенұлы - білім бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 3
3. Жаңбырова Ақжұма Аққалиқызы  - денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 4
4. Андашев Ержан Сағынұлы - жастар, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 5. Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудағы ерікті жасақшылар қызметінің Ережесі 1. Жалпы  жағдайлар
5. Сембаева Гүлмира Ермекқалиқызы - әкім аппаратының бас маман-заңгері. Аудан әкімінің 14 тамыз 2003 жылғы N 188 шешіміне 2 қосымша Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қорғаудағы ерікті жасақшылар қызметінің Ережесі 1. Жалпы  жағдайлар
Тармақ 1
1. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің еңбек ұжымдары, оқу орындарының әкімшіліктері және азаматтардың тұрғылықты жері бойынша пәтер иелері кооперативтермен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмек көрсету мақсатында жасақталады.
Тармақ 2
2. Ерікті жасақшылар бөлімшелері кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің, еңбек ұжымдары, оқу орнының әкімшіліктері және пәтер иелері кооперативтерінің ұсынысы мен азаматтардың жеке арызы бойынша 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы есебінен құрылады.
Тармақ 3
3. Азаматтар жасақшылыққа мүшелікке қабылдау туралы арызды аудандық штаб жетекшісінің атына беріледі. Жасақшылыққа кандидаттар мен мүшелер құқықтық және ақпарат Орталығынан арнайы тексеруден өтеді.
Тармақ 4
4. Егер кандидат сотталмаған болса, жеке басының іскерлік және моральдық қасиеттерімен жасақшы талабына сай келетін болса, онда аудандық штаб жетекшісінің бұйрығымен ерікті жасақшылар құрамына мүше болып қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық штаб жетекшісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің оқу орындарымен пәтер иелері кооперативтерінің ерікті жасақшылАры бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық жасайды.
Тармақ 6
6. Ерікті жасақшылардың аудандық штабы ерікті жасақшылар бөлімшелерінің ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты реттеп отырады.
Тармақ 7
7. Меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғалар, азаматтар ерікті жасақшылар бөлімшелеріне, жасақшыларға қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге құқылы.
Тармақ 8
8. Ерікті жасақшылар қоғамдық тәртіпті қорғауда, өз міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талаптарына бағынбаған немесе орындаудан бас тартқан кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 2. 2. Негізгі міндеттері мен функциялары
2. Негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 1
1. Ерікті жасақшылардың негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарына мынадай жолдармен көмек көрсетеді. Көшелерде алаңдарда, саябақтарда, тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ, мәдени-көпшілік және спорттық шараларды өткізу кезінде ішкі істер қызметкерлерімен бірге кезекшілікті атқару.
Тармақ 2
2. Ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге маскүнемдіктің, нашақорлықтың, токсикоманияның, балалардың бақылаусыздығының және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 3. 3. Жасақшылар құрылымы және олардың принципі
3. Жасақшылар құрылымы және олардың принципі
Тармақ 1
1. Ерікті жасақшылар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтерінің аудандық штабынан тұрады.
Тармақ 2
2. Ерікті жасақшылардың аудандық штабынан тұрады.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтері ерікті жасақшылары бөлімшелеріне аудандық штаб жетекшісі тағайындайтын командир басшылық жасайды.
Тармақ 4
4. Ерікті жасақшылардың аудандық штабының жетекшісі қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын-алуда ерікті жасақшылар қызметінің жұмысын ішкі істер органдарымен үйлестіру мен өзара іс қимыл жасауды қамтамасыз етеді, ерікті жасақшылар бөлімшелерінің қызметіне талдау жасайды, сондай-ақ, олардың жұмыстарының тиімділігін арттырудың шарасын алады, аудан әкіміне және облыстық ішкі істер басқармасының бастығына ұсыныстар береді, ынталандыру және ескертулер жасау шараларын алады.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары мен пәтер иелері кооперативтері ерікті халық жасақшысының командирі:
Тармақша 1
1) ерікті халық жасақшыларына басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) ерікті халық жасақшыларына адамдар іріктеумен, орналастырумен айналысады;
Тармақша 3
3) жасақшылардың кезекшілікке шығу кестесін жасақтайды;
Тармақша 4
4) ерікті жасақшылардың қоғамдық тәртіпті қорғауда және құқық бұзушылықтың алдын-алуда өз міндеттерін атқаруын ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 5
5) ерікті жасақшылар бөлімшелері қызметін жетілдіру шараларын алады.
Тармақ 6
6. Кезекшілікке шығарда командир ерікті жасақшылар мен аудандағы жедел жағдай олардың тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы нұсқау кеңес өткізеді.
Тармақ 7
7. Аудандық штаб ерікті халық жасақшыларының қызметіне талдау жасау үшін кем дегенде айына бір рет мәжілісін өткізеді.
Тармақ 4. 4. Ерікті жасақшылардың міндеттері мен функциялары
4. Ерікті жасақшылардың міндеттері мен функциялары
Тармақ 1
1. Ерікті халық жасағының міндеттері:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртіпті қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын-алуға белсенді қатысуға.
Тармақша 2
2) аудандық штаб басшысының және ерікті халық жасағы командирінің талаптары мен нұсқауларын мүлтіксіз орындауға.
Тармақ 2
2. Ерікті халық жасағы мүшесінің құқығы:
Тармақша 1
1) азаматтардың қоғамдық тәртіптің бұзылуын тоқтатуды талап етуге меншік түріне қарамастан қажет болған жағдайда құқық бұзушы ішкі істер органының қызметкерлерінің қатысуымен аудандық ішкі істер бөліміне немесе полиция учаскелік пунктіне алып баруға.
Тармақ 5. 5. Ынталандыру және ескерту шаралары
5. Ынталандыру және ескерту шаралары
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықпен күреске белсенді қатысқан жасақшылар кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдармен өз құзыреттері шегінде мынадай жолдарымен ынталандырады:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) заттай немесе ақшалай сыйлық;
Тармақша 3
3) ақылы қосымша демалыс күнін беру.
Тармақ 2
2. Ерікті жасақшыларды ынталандыру кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарының жиналыстарында салтанатты заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 6. Ерікті жасақшылар бөлімшелерін қорғау шаралары
6. Ерікті жасақшылар бөлімшелерін қорғау шаралары
Тармақ 1
1. Ерікті халық жасақшылары мүшелерінің әлеуметтік сақтандырылуы және кезекшілік кезінде жарақат алған әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7. 7. Материалдық-техникалық қамтамасыз етіледі
7. Материалдық-техникалық қамтамасыз етіледі
Тармақ 1
1. Ерікті халық жасақшылары полицияның учаскелік пункттеріне орналасады, қызмет телефондарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8. 8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау
8. Заңдылықтың сақталуын қадағалау
Тармақ 1
1. Ерікті халық жасақшылары қызметінде заңдардың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес прокуратура органдары жүзеге асырады.