Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 01-22/337 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Диев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.