Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Тайыншинского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тайынша ауданы әкімдігінің резервттік қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» № 357 («Казахстанская правда» 02.04.1999 жыл № 61 (22778) Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тайынша ауданы әкімдігінің резервтік қаражатын пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 25 наурыздағы (р/г № 637 20.05.2002 жыл, «Тайыншинские вести» 21.06.2002 жыл № 26) «Тайынша ауданы әкімдігінің резервтік қорын пайдалану тәртібі туралы» № 10 каулысы күшін жойсын.
Басқа 3. Тайынша ауданы әкімдігінің резервтік қаражатын пайдалану Ережесі
«Тайынша ауданы әкімдігінің резервттік қаражатын пайдалану Ережесі туралы» аудан әкімдігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы № 232 қаулысымен бекітілген Тайынша ауданы әкімдігінің резервтік қаражатын пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына Тайынша аудандық мәслихаты бекіткен сомалар шегінде Тайынша аудандық әкімдігінің (әрі қарай - әкімдік резерві) резерв қаражатын бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тайынша аудандық бюджеті құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына аудан әкімдігінің резерві «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357 Заңына 13 бабына («Казахстанская правда», 1999 жылғы 2 сәуірдегі № 61 (22778), Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 261 («Ведомости Парламента Республики Казахстан», 2001 жыл, № 23, 310 бет) Заңының және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 («Ведомости Парламента Республики Казахстан», 1996 жыл, № 11-12, 236 бет) Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар қаралады:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат; Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігі резервінің құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімдігі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгертулер енгізу жолымен аудан әкімдігі резервінің көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында № 2012 тіркелген Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшері және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің резерв қаражатын мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.
Тармақ 5
5. Тайынша ауданы әкімдігінің резерв мөлшері аудандық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Бюджеттің атқарылу процесінде тапшылықтың нақтыланған деңгейінің жоғарлауы немесе бюджетке түсетің кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың аудандық әкімгерлері төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу мәселелерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімі аппаратының бас маманы аудандық қаржы басқармасымен келісіп қарастырады, аудан әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысы жобасына белгіленген тәртіпте бұрыштама қояды. Бүл ретте негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну ережесін аудандық қаржы басқармасы және төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімі аппаратының бас маманы анықтайды.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігі резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру, төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен таралу ауқымы жергілікті атқарушы органдары қалыптасқан мәселелерді өздігінен, меншікті қаражат есебінен шеше алмайтындай көлемге жетуі мүмкін (жеткен) жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуге;
Тармақша 2
2) зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға;
Тармақша 3
3) шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен жарақтармен қосымша жабдықтауға;
Тармақша 4
4) кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз өтеуге;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлар зонасын тасымалдармен, күштермен және қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеуге;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге арналған аудан әкімдігі резервінен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңды тәртіпте аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
Тармақ 11
11. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда аудан әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 12
12. Ағымдағы жылы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және аудан бюджетін қалыптастыруда толығымен көзделмеген немесе жеткіліксіз көлемде көзделген шығыстарды, өзге де күтілмеген шығыстарды қаржыландыру аудан әкімдігі резервінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін аудандық қаржы басқармасына қаражат бөлу туралы қажетті негіздемелері және есептерімен өтінім ұсынады.
Тармақ 14
14. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған өтінім негізінде аудандық әкімдік резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Тармақ 15
15. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерінің өтінімі бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы белгіленген заңды тәртіпте осы аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігі резервіндегі қаржыны және оны пайдалану туралы мәліметтерді аудан әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарлама әкімгерлері аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражат мөлшері мен орындалған жұмыстардың құны туралы есепті аудандық қаржы басқармасына ұсынуы тиіс.
Тармақ 18
18. Аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылуын бақылауды аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық басқармасы және қаржы бақылау комитеті басқармасы жүргізеді.
Тармақ 19
19. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес аудан әкімдігі резервінің қаражатын пайдалануды бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлінетін бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.